2023 -2024 оқу жылында Қазақстан республикасының


Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру



Pdf көрінісі
бет9/84
Дата12.08.2023
өлшемі1,91 Mb.
#179805
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   84
Байланысты:
ӘНХ жоба 2023-24

 
Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру
 
Функционалдық сауаттылық дегеніміз
алған білімдерін күнделікті 
мәселелерді шешу үшін қолдану қабілеті. Функционалдық сауаттылықты 
дамыту болашақ кәсіби қызметте және жалпы өмірде дағдыларды қолдану үшін 
қажет.
Білім 
алушылардың 
функционалдық 
сауаттылығы 
үш 
негізгі 
компоненттен тұрады: 

Оқу сауаттылығы
: оқудың дұрыстығын, жылдамдығы мен еркіндігін 


14 
емес, оқылған мәтінді, сұрақты және әртүрлі тапсырмаларға арналған 
нұсқауларды түсінуді қалыптастыру;

Математикалық сауаттылық

күнделікті өмірде жеке, қоғамдық және 
кәсіби мәселелерге әсер етуі мүмкін әртүрлі контекстер мен пайымдаулардағы 
практикалық есептерді шешуге бағытталған;

Жаратылыстану сауаттылығы
: зерттеу әдістерін қолдана отырып
әртүрлі құбылыстарды, фактілерді, оқиғаларды ғылыми тұрғыдан түсіндіре білу.
Білім алушылардың функционалдық сауаттылығының негізгі құзыреттерін 
қалыптастыру кең ауқымды дағдыларды қалыптастыратын қосымша 
компоненттермен бірге жүреді: креативті ойлау; сыни ойлау; зерттеу дағдылары; 
коммуникация; рефлексия; жаһандық құзыреттілік. 
Функционалдық сауаттылықты дамыту үшін үш негізгі компоненттер
үшін 
дұрыс тапсырмаларды таңдау маңызды. Функционалдық сауаттылықты дамыту 
жөніндегі тапсырмалар жыл бойы оқу процесінде біркелкі бөлінуі, балалардың 
жасына және олардың когнитивтік ерекшеліктеріне сәйкес келуі тиіс. Бастауыш 
мектепте тапсырмалардың оқушылардың практикалық тәжірибесіне сәйкес келуі 
маңызды. Орта және жоғары сыныптарда білім көлемін және ақпаратты 
талдаудың күрделілігін біртіндеп арттыру
ұсынылады. Пәнаралық және 
метапәндік сипаттағы интеграцияланған тапсырмалар берілуі керек. 
Тапсырмаларды орындауда
дербес және топтық зерттеу жұмыстарын, жобалау 
қызметін көздеуі тиіс. Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру оқытудың 
инновациялық формалары мен әдістерін қолдануды талап етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет