15
TIMSS
Қазақстанның
TIMSS
циклдарына
қатысу нәтижелері бойынша мынадай
ұсынымдар беруге болады.
Неғұрлым
күрделі
тапсырмаларды
орындауға
қабілетті
білім
алушылардың үлесін арттыру үшін білім алушыларда стандартты емес
міндеттерді шешуді, деректерді түсіндіруді, нақты өмірлік жағдайларда білімді
қолдануды, себеп
-
салдар байланыстарды орнатуды, экожүйелердегі процестер
мен қатынастарды түсінуді қоса алғанда, жоғары тәртіптегі дағдыларды дамыту
қажет.
Бастауыш мектептегі математика сабақтарында қарапайым және ондық
бөлшектермен жұмыс істеуге, сондай
-
ақ деректерді ұсынуға ерекше назар
аудару сұралады.
Кестелік мәліметтермен, графиктермен, диаграммалармен
тапсырмаларды көбірек қолдану қажет
.
Жаратылыстану
-
ғылыми пәндерін оқыту процесінде білім алушылардың
практикалық және зерттеу қызметіне ерекше назар аудару керек. Қазіргі заманғы
физика, химия және биология кабинеттерінің барлық мүмкіндіктерін пайдалану
қажет. Физикалық және химиялық құрылғылармен жұмыс істеу, бақылаулар,
эксперименттер жүргізу және оны өз бетімен жасауға үйрету дағдыларын
дамыту.
Пәндік электрондық оқулықтарды пайдалана отырып, сабақтарда тест
тапсырмаларын электрондық форматта қолдану. Экожүйе, ағзалар
және олардың
өзара әрекеттесуі, табиғат
процестерін
қарастырылатын
бөлімдеріне ерекше
назар аудару керек. Осы бөлімдердің тест тапсырмалары бірқатар циклдарда
мектеп оқушыларына белгілі бір қиындықтар туғызды.
Достарыңызбен бөлісу: