17
мен жұмысқа орналасуы мақсатында олардың білім беру қажеттіліктерін
барынша қанағаттандыру үшін оңтайлы жағдайлар жасауды көздейді.
Білім беру ұйымында инклюзивті білім беру ортасын құрудың негізгі
шарттары:
-
инклюзивті білім беру саласында нормативтік
-
құқықтық актілерді жүзеге
асыру;
-
ғимараттың сәулет
-
кеңістік тұрғысынан қолжетімді (кедергісіз)
ұйымдастырылуы (оқу кеңістігін бейімдеу);
-
білім алушылардың білім беру қажеттіліктеріне сәйкес келетін
материалдық
-
техникалық және оқу
-
әдістемелік жабдықтау (оқытудың арнайы
құралдары);
-
білім беру процесін дараландыру: бейімделген оқу жоспарлары мен оқу
бағдарламалары; білім беру
-
тәрбиелеу әдістемелерінің, формаларының және
құралдарының вариативтілігі және икемділігі;
-
педагогтердің инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс істеуге
тұлғалық және кәсіби дайындығы (инклюзивті білім беру идеясын құндылықтар
ретінде қабылдау, үздіксіз білім алу және өзін
-
өзі дамыту);
-
«отбасы
-
мектеп
-
қоғам» жүйесінде инклюзивті білім беру процесі
қатысушыларының өзара байланысы шектерінің кеңеюі.
Білім беру ұйымдарына инклюзивті мәдениетті қалыптастыруға назар
аудару ұсынылады, мұның негізінде жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктері бар
білім алушылардың алуан түрлілігін, сондай
-
ақ тұтастай алғанда инклюзия
философиясын қабылдау түсініледі.
Педагог инклюзивті практикада мектептің психологиялық
-
педагогикалық
қолдау қызметі мамандарын (психолог, логопед, әлеуметтік педагог, арнайы
педагог және т.б.) тарта отырып және ата
-
аналарды инклюзивті білім беру
процесіне қоса отырып, білім алушыларды қолдаудың әртүрлі технологиялары
мен стратегияларын қолдануы қажет.
Мектепте инклюзивті практиканы іске асыру білім беру процесінің барлық
қатысушыларымен, сыртқы серіктестермен (ПМПК, ППТК, ОО және т.б.),
сондай
-
ақ инклюзивті білім беруді дамытуға мүдделі басқа ұйымдармен тығыз
өзара байланыс кезінде мүмкін болады.
Инклюзивті білім беру ортасын құрудың тиімді жолдарының бірі
инклюзивті мәдениетті, инклюзивті саясатты және инклюзивті практиканы
дамыту бойынша білім беру ұйымдарына тұрақты мониторинг (өзін
-
өзі бағалау)
жүргізу болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: