93
Зиятының жеңіл және орташа төмендігі бар оқушылардың оқу
жетістіктерін бағалау оқушыларға сараланған және жеке көзқарасты қолдану
арқылы жүзеге асырылады. Жетістіктерді бағалау кезінде әртүрлі типологиялық
топтардағы оқушылардың мүмкіндіктерін ескере отырып, деңгейлік мақсат қою
негізінде критериалды бағалау жүйесі қолданылады. Зияты төмендігі жеңіл
оқушылардың жетістіктері бес балдық шкала бойынша бағаланады. Нөлдік және
бірінші сыныптарда балдық бағалар қойылмайды. Оқытудағы
ілгерілеу нәтижесі
оқушылардың іс
-
әрекет өнімдерін (жазбаша жұмыстар, суреттер, қолөнер)
талдау, сөйлеуді дамыту деңгейі және сабақтағы іс
-
әрекетті бақылау негізінде
анықталады және сипаттамалық сипатта болады. Зият төмендігі орташа
оқушылардың жетістіктерін бағалау кезінде жеке оқу бағдарламаларында
ұсынылған оқу мақсаттарына қол жеткізу дәрежесін көрсететін критериалды
сипаттамалық бағалау пайдаланылады.
Медициналық көрсеткіштер бойынша үйде оқитын ерекше білім беру
қажеттіліктері бар оқушылар үшін педагог оқу жүктемесін және олар зерттеген
оқу материалын ескере отырып, жеке бақылау тапсырмаларын әзірлейді.
Достарыңызбен бөлісу: