2023 -2024 оқу жылында Қазақстан республикасының



Pdf көрінісі
бет67/84
Дата12.08.2023
өлшемі1,91 Mb.
#179805
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   84
Байланысты:
ӘНХ жоба 2023-24

Жалпы орта білім деңгейі
 
Арнайы мектептер/сыныптар жағдайында 
11-
12 сыныптарда көру, есту 
қабілеті бұзылған, тірек
-
қимыл аппараты бұзылған білім алушылар 
жалпы орта 


92 
білім алады. 
Бейіндік оқыту екі бағыт бойынша жүзеге асырылады: қоғамдық
-
гуманитарлық және жаратылыстану
-
математикалық. Бір немесе екі бағытты 
таңдау білім алушылардың қажеттіліктері мен ата
-
аналардың сұраныстарын 
ескере отырып жүзеге асырылады. Білім беру үдерісінің компенсаторлық
-
дамытушылық бағыты жалпы білім беретін пәндер бойынша сабақтарда 
қамтамасыз етіледі;Типтік оқу жоспарының түзету компонентінің сағат көлеміне 
сәйкес психологиялық
-
педагогикалық сүйемелдеу мамандарымен сабақтар 
өткізіледі. 
Сабақтар топтық және жеке нысандарда өткізіледі:
1) 
көру қабілеті бұзылған оқушылар үшін: 

әлеуметтік
-
тұрмыстық бағдарлау (ӘТБ); 

кеңістіктік бағдарлау

мимика мен пантомимиканы дамыту. 
2) 
тірек
-
қимыл аппараты бұзылған оқушылар үшін:

емдік дене шынықтыру;

әлеуметтік
-
тұрмыстық бағдар;
3) 
есту қабілеті бұзылған оқушылар үшін:

айтылымды қалыптастыру және есту қабілетін дамыту;

ауызекі және күнделікті сөйлеуді дамыту;

қимылмен сөйлеуді үйрену.
Түзету компонентінің сабақтарына сағаттарды бөлу мектептің 
педагогикалық кеңесінің қалауы бойынша жүргізіледі. 
Арнайы мектеп/сынып оқушыларын бағалау жүйесі
 
Арнайы мектептер білім беру мазмұнының ерекшеліктері мен 
оқушылардың мүмкіндіктерін ескере отырып,
оқушылардың үлгеріміне 
ағымдағы бақылау мен аралық аттестаттауды жүргізудің нысандарын, тәртібі 
мен кезеңдерін дербес айқындайды. Оқушылардың оқу нәтижелерін бағалау 
кезінде оқу жетістіктерін бағалаудың критериалды жүйесі қолданылады. 
Формативті бағалау үрдісінде мұғалім оқушылардың оқу материалын игерудегі 
қиындықтарын анықтайды және оларды жеңу жолдарын белгілейді. Оқу пәндері 
бойынша оқу жетістіктерін бағалау кезінде арнайы оқу бағдарламаларында 
немесе әр оқушының жеке оқу бағдарламаларында ұсынылған оқу мақсаттарына 
назар аудару қажет. Мұғалім сараланған және/немесе жеке бақылау 
тапсырмаларын пайдаланады, сондай
-
ақ оқушылардың ерекшеліктерін ескере 
отырып, бағалау критерийлеріне өзгерістер енгізеді. Арнайы мектептерде және 
жалпы білім беретін мектептердегі арнайы сыныптарда ерекше білім беру 
қажеттіліктері 
бар 
балаларды 
қорытынды 
аттестаттаудың 
емтихан 
материалдарын аудандық, қалалық білім бөлімдері немесе білім басқармасы 
әзірлейді. Түзету компонентінің пәндері бойынша балдық бағалар қойылмайды. 
Жартыжылдық және оқу жылының соңында «Музыка», «Музыка және ән айту», 
«Еңбекке баулу», «Көркем еңбек», «Бейнелеу өнері», «Қол еңбегі», «Дене 
шынықтыру», «Бейімделген дене шынықтыру», «Кәсіпкерлік және бизнес 
негіздері», «Графика және жобалау» пәндері бойынша «сыналды» / 
«сыналмады» қойылады.


93 
Зиятының жеңіл және орташа төмендігі бар оқушылардың оқу 
жетістіктерін бағалау оқушыларға сараланған және жеке көзқарасты қолдану 
арқылы жүзеге асырылады. Жетістіктерді бағалау кезінде әртүрлі типологиялық 
топтардағы оқушылардың мүмкіндіктерін ескере отырып, деңгейлік мақсат қою 
негізінде критериалды бағалау жүйесі қолданылады. Зияты төмендігі жеңіл 
оқушылардың жетістіктері бес балдық шкала бойынша бағаланады. Нөлдік және 
бірінші сыныптарда балдық бағалар қойылмайды. Оқытудағы
ілгерілеу нәтижесі 
оқушылардың іс
-
әрекет өнімдерін (жазбаша жұмыстар, суреттер, қолөнер) 
талдау, сөйлеуді дамыту деңгейі және сабақтағы іс
-
әрекетті бақылау негізінде 
анықталады және сипаттамалық сипатта болады. Зият төмендігі орташа 
оқушылардың жетістіктерін бағалау кезінде жеке оқу бағдарламаларында 
ұсынылған оқу мақсаттарына қол жеткізу дәрежесін көрсететін критериалды 
сипаттамалық бағалау пайдаланылады.
Медициналық көрсеткіштер бойынша үйде оқитын ерекше білім беру 
қажеттіліктері бар оқушылар үшін педагог оқу жүктемесін және олар зерттеген 
оқу материалын ескере отырып, жеке бақылау тапсырмаларын әзірлейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет