0 Бөлісу Соңғы жылдары арнаулы білім жүйесінде мүмкіндігі шектеулі балаларды сапалы біліммен қамту өзекті мәселенің біріне айналды. Мәселелерді тұңғыш рет мемлекеттік деңгейде көтеріп, ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасында инклюзивті білім беру жүйесін дамыту жан-жақты қарастырылған.
Қоғамдағы мүгедектердің жағдайы, олар бастан өткеруге мәжбүр қиындықтар туралы пікірталастар жиі орын алып келеді. Алайда ересек мүгедектердің өз құқықтарын іске асыруына байланысты мүгедектік проблемалары жиі іске алынып жатады, ал кемтар балалардың жағдайына тиісті көңіл бөлінбейді. Бұл кемтар балаларды психологиялық бейімдеу және қоғамға кіріктіру мәселелерінен бастап, олардың тұлға ретінде қажетсіздігіне дейінгі саладағы проблемалар санының көптігіне қарамастан орын алуда. Бұл баланың адамзаттық ар — ожданын кемсітетін , оның дамуға және тіпті өмір сүруге құқығын іске асыруына кедергі келтіретін әр түрлі кемсітуші көріністер болып табылады.
Инклюзивті білім беру – ерекше мұқтаждықтары бар балаларды жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Инклюзивті оқыту-даму мүмкіндігі шектеулі балалардың қалыпты дамыған балалармен бірге әлеуметтендіру және интеграцияүдерістерін жеңілдету мақсатындағы жеңілдетілген оқыту жүйесі.
Инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасын қамтамасыз ету, сонымен қатар оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастырудың идеологиясы жатыр. Тәжірибе көрсеткендей қатаң білім беру жүйесінен балалардың бір бөлігі шығып қалып жатады. Мұндай қалыптасқан жүйе баланың даралық қажеттілігін қанағаттандыра алмайды. Инклюзивті бағыт мұндай балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкншілігін қалыптастырады.
Инклюзивті білім беру оқыту процессінде балаға жеке көмек көрсету мен психологиялық-педогогикалық қолдауды қамтамасыз етеді, жалпы білім беретін мектепте мүмкіндігі шектеулі балаларға кедергісіз аймақ құру ғана емес, баланың психофизикалық мүмкіндігін ескере отырып құрылатын оқу-тәрбие пүдерісінің ерекшілігінде ескерген жөн.Ал бұл үдерісті жүзеге асыру үшін мектепте балаға психологиялық- педогогикалық қолдау қызметі ұйымдастырылуы қажет екенін түсініп, өзіміз соны істе асыруымыз қажетКейбір зерттеулерге сүйенсек, қашықтықтан оқыту нақты жəне анықталған қағидасы жоқ, білім беру мен оқу үдерісі уақыт пен кеңістікке бөлінген жағдайда қолайлы оқытуды қамтамасыз ету, білім беруді жеткізудің көптеген мүмкіндіктерінің бірі болып табылады. Дəстүрлі оқытудағыдай қашықтықтан оқытудың теориялық негізі болып, философиялық жəне психологиялық жол табуды айтуға əбден болады. Мəселен, қашықтықтан оқытуда қолданылатын оқу материалдарын ұйымдастыруға ықпалын барынша тигізетін ертеректе бихевирристік теорияға негізделген компьютерлік технологияны пайдаланатын оқыту моделі жатады. Сонымен бірге мүмкіндігі шектеулі жандарды компьютерлік оқытуға бейімдеу үдерісін зерттеумен байланысты жұмыстарды іс жүзінде жоқ деп белгілеуге болады.
Қашықтықтан оқыту білім деңгейі, оқу тапсырмалары мен білім қоғамында сол тапсырмаларды шешу құралдарымен анықталатын қазіргі білім парадигмасының мəнді элементтерінің біріне айналуда. Бұл парадигмада қашықтықтан оқытуды «жергіліктендіру» концептуалдық жəне ұйымдастырушылық көзқараспен алып қарағанда теориялық жəне функционалдық модельді талдау арқылы қашықтықтан оқыту кеңістігін сипаттау негізгі мəселе болып отыр [10].
Ғылыми-педагогикалық əдебиеттерге талдау жасау, көптеген зерттеушілердің мүмкіндігі шектеулі жандарды компьютерлік оқытуды əр түрлі бағытта қарастыратынын көрсетті. Яғни мүгедектерді компьютерлік сауаттылыққа оқыту ретінде мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытатын мектептерде компьютерлік оқытуды енгізу жəне мүмкіндігі шектеулі жандарды оқытуға арналған қашықтықтан оқытуды пайдалануҚашықтықтан оқыту қазіргі кезде үздіксіз білімді қамтамасыз ететін оқытудың бірден бір формасы болып табылады. Олай дейтініміз, басты орында қашан да сапалы білім тұрады. ХХІ ғасыр білім, ғылым жəне сапа ғасыры болғандықтан, Қазақстанның білім беру жүйесінде болып жатқан əлеуметтік-экономикалық өзгерістер, күннен күнге жаңарып жатқан ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, еңбек нарығындағы бəсекелестіктің артуы осыған дəлел. Соған сəйкес əлемдік тəжірибеде қашықтықтан білім берудің орны ерекшеленіп тұр. Сондықтан бүгінде елімізде білім берудің қашықтықтан оқыту технологиясы жақсы жүзеге асырылуда [Қашықтықтан оқытудың қолайлылығы жоспарланған оқыту формасы тəрізді электронды жəне басқа да технологиялардың көмегімен жүзеге асатын арнайы əдістерді талап ететін арнайы ұйымдастыру мен əкімшілік мəселелер құруға байланысты [7].
Сонымен, қашықтықтан оқыту — жоғарғы білім беру жүйесінде мəнді инновациялардың бірі, яғни ақпараттық қоғам мен білім қоғамының даму бағдарламасымен байланысты қазіргі білім беру парадигмасының мəнді элементі ретінде қарастырылады. Еліміздің бірқатар ғалымдары да қашықтықтан оқытуды дамыту мəселелерін зерттеуде өз үлестерін қосуда. Біздің зерттеу тақырыбымыз мүгедектердің құқықтары туралы БҰҰ Конвенциясын бекітумен 3 мамыр 2012 ж. байланысты өзекті болып табылады. Аталған Конвенцияның маңызды бағыты мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды қоғамның азаматтық, саяси, экономикалық, əлеуметтік жəне мəдени өміріне толық қатысуын қамтамасыз ету, мүгедектік белгілері бойынша кемсітуді болдырмау, мүгедектерді қорғау жəне барлық адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын жүзеге асыру, сондай- ақ осы құқықтарды қамтамасыз ететін тиімді құқықтық механизмдерді құру