Сабақтың тақырыбы: Бейбітшілік әлем халқының арманы



Дата23.04.2020
өлшемі18,07 Kb.
#64529
түріСабақ
Байланысты:
Документ Microsoft Office Word


Қазақ тілі пәні бойынша 9- сынып

Сабақтың тақырыбы: Бейбітшілік – әлем халқының арманы

Мақсаты : 9.2.7.1. Ғаламтор, энциклопедия, газет-журналдар, оқулықтар, ғылыми еңбектерден алынған деректерді дәлел ретінде қолдану, авторына сілтеме жасау

1-тапсырма. Ресурстар: https://surak.baribar.kz/613049/

Нобель сыйлығымен марапатталған тұңғыш қазақ –Достай Раманқұлов туралы мәліметті оқыңдар. Оның өмірінде ойлағанының бәрі болмаса да, бірқатары жүзеге асқанға ұқсайды. Олай дейтініміз қазақтың қарапайым қарадомалақ баласы Достай өз ұлты ғана емес, елден тысқары басқа ұлттар да құрметтеп, сыйлайтын адамдардың біріне айналған.

Қазіргі заманда адамды әп-сәтте бүкіл әлемге танымал ететін құжат бар. Өзі бір жапырақ болғанымен, одан үміткерлер мыңдап саналатын осы бір қағазда – «Нобель сыйлығының лауреаты» деген сөз алтын әріппен жазылады. Сондымен бірге, бұл құжатты салтанатты тапсыру рәсімі дүние жүзінің телевизиялық жүйесі арқылы әлем жұртшылығының көз алдында өтеді. Халықаралық марапатқа қолы жеткендердің бірі – қазақ баласы Достай Раманқұлов. Ол Нобель сыйлығымен марапатталған бірінші қазақ, нақтырақ айтсақ, тәуелсіз еліміздің тұңғыш өкілі.

Әрине, Достайдың алақанына бақыт құсы өзі келіп қона салған жоқ. Ол Қазақстан Республикасы Атом энергетикасы жөніндегі агенттігі және «Қазатомэнергопром» Ұлттық Атом компанияларында қызмет еткен. Кейін халықаралық МАГАТЭ ұйымының жауапты қызметкері болып тағайындалады. МАГАТЭ ұйымы мен оның бас директоры Мұхаммед әл-Барадей Нобель сыйлығының 2005 жылғы лауреаты атанған кезде, МАГАТЭ атынан марапатқа лайық деп табылған 11 адамның ішінде Достай да болған.

МАГАТЭ ұйымы Атом энергиясын бейбітшілік мақсатта қолданылуын үндейді,  қазіргі таңда оған 131 ел мүше. Ішінде тәуелсіз Қазақстан да бар. Халықаралық агеттікте 2 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Ал Нобель сыйлығының лауреаттығына осыншама қызметкер ішінен Достай сынды 11 кәсіби маман ғана таңдап алынған.

Ғылым, техника және басқа да салалар бойынша бір мезгілде 8 адамға дейін осы сыйлықты иемдене алады. Ал ұйымдарға берілген кезде, олардың саны артатыны белгілі. Соның барлығына «Нобель сыйлығының лауреаты» деген диплом тапсырылып, омырауына Альфред Нобельдің алтын бейнесі тағылады. Ең бастысы халықаралық сараптамаларға беделді, басты тұлға ретінде қатыстырылады.



Достай Раманқұлов 1960 жылы Түркiстан қаласында дүниеге келген. Қарапайым қазақ отбасында туылып, қазақ мектебiнде білім алған. Қ.Сәтбаев атындағы Ұлттық политехникалық университетiн тәмамдайды. Кейiн Мәскеудің жоғары оқу орындарының бірінде білімін шыңдайды. Елімізде Атом қуаты жөнінде құрылған комитетте қызмет істейді. АҚШ-тағы Қазақстан елшiлiгiнде ғылыми-техникалық кеңесшiсi болып еңбек етеді. 1998 жылдан берi МАГАТЭ ұйымында жұмыс iстейдi.Нобель сыйлығын алған тұңғыш қазақ Достай Раманқұлов бүгiнде Аустрияның астанасы Венада тұрады. Жары Әлия екеуі екі ұл өсіріп, үлкені Данияр университетте, кішісі Дәурен мектепте оқиды.
2-тапсырма. Берілген мәтінмен 6 мапсырмадағы мәтінді салыстыру Достай Раманқұлов пен Альфред Бернхард туралы берілген мәтінді салыстырыңдар.


Үйге: 3-тапсырма. « Бейбітшілік – әлем халқының арманы» тақырыбында эссе жазыңдар.
Кері байланыс: орындалған тапсырманы оқушы электронды пошта немесе «WhatsApp» мобильді қосымшасы арқылы жібереді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет