Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
СӨЖ
Тақырыбы: Кіріктіру ұғымы мен тәсілдері
Орындаған: Жумагалиева.М.Е
Тексерген:Жұманиязова.А.Ж
Группа: Б1-705
Семей 2019 ж
Кіріктіру ұғымы мен тәсілдері
Кіріктіріп оқыту (CLIL) дегенде ең алдымен сабақтарда пәнаралық байланыстарды қалыптастыруды қарастыру маңызды екені ескеріледі, яғни CLIL технологиясы шетел тілін басқа пәндерді оқытудың қажетті құралы ретінде қарастырылады. Егер дәстүрлі сабақ оқушыларды біліммен қаруландыруға және негізінен түсіндіру-көрнекілік жұмыстарын жүргізу арқылы құрылатын жалпы білім беру міндеттерін шешуге бағытталған болса, ал кіріктірілген сабақтар оқытудың түрлі әдістерінің және құралдарының үйлесуі негізінде құрылып, сонымен қатар ғылыми-жаратылыстану бағыты пәндері мен ағылшын тілі пәнінің көптеген міндеттерін шешуге ықпал етеді. Кіріктіру барысында түсіндіру-көрнекілік, іздеу, зерттеу әдістері, пікірталас, білімнің түрлі дереккөздері, теледидар бағдарламалары, кино үзінділері, мультимедиа курстары, интернет-технологиялары, оқыту мен бақылаудың басқада техникалық құралдары қолданылады. Сонымен қатар жеке, топтық, жұптық, ұжымдық жұмыс түрлері кеңінен қолданылады. Бұндай сабақтарда танымдық міндеттер жүзеге асырылып, оқушылардың шығармашылық әлеуетін жүзеге асыруға көп мүмкіндік беріліп, жағдай жасалады.
Тіл мен пәнді кіріктіріп оқытудың тағы бір ұтымды тұсы — тілдік іс-әрекеттің төрт түрін де
(тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) меңгеруге бағытталған. Ғылыми-жаратылыстану бағытындағы пәндерді оқыту контексінде Қазақстандағы мақсатты тіл – ағалшын тілі болып саналатынын ескере келсек, кіріктіріп оқытуда негізгі орынды ағылшын тілі сабақтары алады, яғни қандай пәндерді болмасын кіріктіре оқыту барысында ағылшын тілі маңызды болып саналады. Тілді үйрену кез келген пән саласы арқылы жүргізіледі деген ұғымды ескерсек, CLIL шетел тілі сабағы емес, шетел тілінде өтетін пән сабағы, яғни кәсіби бағытталған шетел тілі/ ағылшын тілі.
Жалпы, тіл мен пәнді үйлестіре отырып, пәнаралық байланысты жүзеге асырып оқыту когнитивтік дамуды жүзеге асыруға көп жағдай жасайды. Ал үйренушінің білімді меңгеруге ұмтылудың алғашқы қадамы танымдық қабылетін қалыптастырудан бастау алады.
Кіріктірілген сабақ дегеніміз - бірнеше тақырып (курстар) арқылы белгіленген тақырып әр түрлі тұрғыдан қарастырылатын оқу сабағы. Мұны бір немесе бірнеше адам орындай алады.
Оқыту үрдісіне кіріктіре оқытуды енгізу — ең алдымен, оқушының сабақ үстінде дамуы мен оның психологиялық жағдайын ескере отырып, оқытуды нығайту мүмкіншіліктеріне бағытталған. Ағылшын тілін жаратылыстану бағытындағы пәндермен кіріктіріп оқыту арқылы оқушыларды білім алуға қызығушылықтарын арттыруға, оларды ғылыми тіл дағдыларын дамытуға, терминдерді ана тілінде ғана емес, ағылшын тіліндегі баламасын қолдануға және олардың ағылшын тілінде сауатты түрде «Үштілділік» ұлттық жоба аясында білімін дамытуға болады. Сонымен бұл әдіс оқушылардың тіларалық қарым-қатынас қажеттілігі мен мүмкіндіктерін ана тілінде ойлануларына жағдай жасап қана қоймай, бір мезгілде екі пәнді бірдей оқытуды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Кіріктірілген сабақтың негізгі мақсаты – оқу материалдарын байланыстырып, сабақта оқушыларға терең білім беру, ойлау қабілетін дамыту. Оқу материалдарын тақырыптарға сай біріктіріп беру оқушылардың жан-жақты тұтас, терең және берік білім алуына мүмкіндік жасайды. Сондықтан жыл сайын әрбір мұғалім пәндердегі ұқсас оқу материалдарын біріктіріп, яғни пәнаралық байланысты қолдана отырып,интегралдық жоспар жасайды. Ондағы материалдарды дер кезінде сабаққа пайдаланып, тиімді етіп іске асырады. Мысалға алатын болсақ қазақ тілі пәні оқытушысы және әдебиетші мұғалім кіріктірілген сабақ өткізе алады. Қазақ әдебиетінен Б.Момышұлының «Жауынгердің тұлғасы» атты тақырыпты өткен кезде, қазақ тілімен бірлесе жұмыс атқарған жөн. «РАФТ» әдісін пайдалана отырып, басты кейіпкерге хат жазады. Кіріктірілген сабақ барысында оқушы қазақ тілі пәнінен хат жазу стилі,орфография,пунктуация жайлы білімдерін тереңдетеді, ал әдебиет пәні бойынша Б.Момышұлының шығармасымен танысады.
Панорамалық сабақты өткізудегі негізгі мақсат – озат мұғалімдердің өзінің ұстаздық зертханасын ашып, сабақ беруі, яғни әдістемесін көпке тарату. Панорамалық сабақты өткізу үшін мұғалімге қойылатын ең бірінші талап оның сабақ берудегі өзгеге ұқсамайтын өзіндік әдісінің болуы. Мұғалімнің оқыту процесінде ең көп сүйенетін әдісі қандай, оның тиімділігі неде? екенін тыңдаушылар біліп, сезуі керек. Панорамалық сабақтарға қойылатын талаптардың бірі – мұғалімнің өткізген сабағын өзі талдап беретіндігі. Панорамалық сабақ бір тақырыпты өтуге, яғни тек бір сабақ арқылы оның көп жылғы игі тәжірибелерін көпке танытады. Мысалы қазақ тілі пәнінен «Сөзжасам» тақырыбында панорамалық сабақ өткізуге болады. Осы сабақта сөзжасам дегеніміз не, оның жасалу жолдары туралы зерттеу жұмысы жүргізіледі.
Сайыс сабақ – сабақтың атына байланысты сыныпта екі топ білімдері бойынша сайысқа түседі. Мысалы: морфологиялық талдау жасау және синтаксистік талдау жасау. Алдын ала оқушылардың ішінен қазылар алқасы құрылады. Мұғалімнің көмегімен қай топтың жеңгені анықталады. Екі команданың капитандарының жарысы ұйымдастырылып, олардың да жауаптары салыстырылады. Сонынан қорытынды шығарылады.
Аукцион сабақ – бір нәрсені сату арқылы өткізіледі. Сабақтың құрылымы: өткен сабақты тексеру, аукцион тәртібін түсіндіру, зат сату, финал, қорытынды. Сабақ кезінде сатылатын бірнеше заттар тұрады. Затты ол туралы көп білетін оқушы сатып алады. Мысалы: киіз үй, қолөнер бұйымдары.
Шығармашылық сабақ – оқушылардың шығармашылық жұмыс істеуіне баса назар аударылады. Бұл сабаққа өте жақсы оқитын оқушыларды таңдап алып, топтарға бөлуге болады. Мысалы, 10 минут ішінде 1-2 топтың оқушылары сол тақырып бойынша кроссворд құрса, 3-4 топтың оқушылары олардың жауабын айтады. Бір тақырыпқа қысқа шығарма, сценарий, көркем немесе мультфильм құрғызуға болады. Қазылар алқасы әрбір топқа баға қояды.
Бинарлы сабақтың мақсаты – білімді, дағдылар мен біліктерді дәлелді тәжірибелік пайдаланудың жағдайын жасау, оқушыларға өз еңбегінің нәтижесін көру мүмкіндігін береді. Білімді жүйелеу, пәндердің байланысы мен желінің біртұтастығына сендіруді қалыптастыру үшін өткізілген бинарлы сабақ оқушының әлемді тануында ойының дамуында маңызды кезең болып табылады.
Кіріктірілген білім бағдарламасының алға қойған мақсаты айқын, бағдары жүйелі. Зиялы азаматты – сана әлеуеті жоғары дамыған, сын тұрғысынан және жаңашыл ойлай білетін, рухы мықты, өз білімін қоғамның алға басуына жұмсай алатын адамды тәрбиелеуге ұмтылады. Аталмыш білім беру бағдарламасында тәрбие мен оқыту ажырамас байланыста болады.
Кіріктірілу – бұл бір оқу мазмұнының әр түрлі саладағы жан-жақты білімдермен тоғысуы, бір-бірімен араласып кетуі. Кіріктірілген сабақтар оқушыға әлем туралы, заттар мен құбылыстардың өзара байланыстары туралы біртұтас мағлұмат береді, олар құрылысы бойынша белгілі қалыпқа сыймайды, сондай-ақ, оқу сағаттарын барынша үнемді пайдалануға мүмкіндік береді. Осы тектес сабақтарда оқушылардың бейнелі ой-өрісі дамып, пәннің жалпы мазмұнын өмірмен байланыстыру арқылы шығармашылық мүмкіндіктері ашылады. Кіріктірілген сабақтардың құрылымы нақтылығымен, сыйымдылығымен, орамдылығымен, сабақтың әр сатысындағы оқу материалының логикалық өзара келісімімен, материалдың зор ақпараттық мүмкіндігімен ерекшеленеді.
Кіріктірілген бағдарлама бірнеше құндылықты негізге алады. Олар:
әріптестік;
азаматтық жауапкершілік қалыптастыру;
ашықтық;
өмір бойы білім алу.
Белгіленген құндылықтар аясындағы Зияткерлік мектептердің мақсаты – жоғары білімді, шығармашыл адамның үйлесімді тұлғаланып, дамуы үшін қолайлы білім беру кеңістігін жасау.
Зияткерлік мектеп түлегі кең ауқымды дағдыларға ие болады. Нақтырақ айтқанда:
сын тұрғысынан ойлау;
білімін шығармашылықпен пайдалана білу;
зерттеушілік дағдылары;
АКТ дағдылары;
топта және жеке шебер жұмыс істей білуі;
коммуникативтік дағдылары (тілдік дағдыларын қоса алғанда);
қойылған міндеттер мен күрделі мәселелерді шеше білу дағдылары секілді бірнеше дағдылар қалыптасады.
Кіріктірілген білім беру бағдарламасын табысты жүзеге асыру үшін белсенді оқыту,командалық оқыту,пәндік-тілдік кіріктірілген оқыту (CLIL), т.б. озық педагогикалық әдістерді қолдану талап етіледі. Зияткерлік мектептердің мұғалімдері инновациялық пәндік бағдарламалар және жоспарлармен жұмыс істеуге дайындық үшін ДББҰ Білім беру бағдарламалары орталығы филиалында, Кембридж кеңесшілері әр пән бойынша тәжірибелік сипатта ұйымдастырылған тренингтерден өз білімдерін толықтырып тұрады. Мұғалімдер Кембриджбен бірлесіп дайындалған жаңа оқу жоспарларымен, сондай-ақ оқушылардың ХІХ ғасырда қажетті дағдыларын дамытуға арналған белсенді оқыту әдістерімен таныс. Сол себептен де Зияткерлік мектептерде мұғалімдер жаңа бағдарламаны меңгеріп, сабақтарын талапқа сай өткізуде.
Оқу үрдісінде пәндерді кіріктіре оқыту:
-ерекше дарынды оқушыларға мәнді де саналы оқуға;
- сабақ құрылымында проблемалық жағдайлар үлесін ұлғайтуға;
- жеке тұлғаның зерттеушілік типін қалыптастыратын оқушының ойлау әрекетін белсендіруге;
-оқушыға бір мезгілде әрекетті орындауда барлық мақсат қоюдан нәтижеге дейінгі барлық процесіне бақылау жасауға;
-білім берушілік, дамытушылық және танымдық үшбірлікті ұстаздың шексіз шығармашылығы тұрғысынан жүзеге асыруға;
-сабақтың ақпараттық сыйымдылығын арттыруға;
-оқушылардың уәждемесін арттыруға, олардың оқу-танымдық әрекетін белсендіруге, шаршағандары мен қажуларын азайтуға;
-сабақ үрдісінде өтілетін тақырыптың адам және қоғам өмірімен тікелей байланысына мән беруге;
-оқушылардың шығармашылық ойлауын дамытуға;
- олардың алған білімдерін өмірде қолдана білулеріне көмектеседі.
Кіріктірілген білім бағдарламасы негізінде оқушылардың білімі критериалды бағаланады. Критериалды бағалау дегеніміз – оқушының білімі мен білігін алдын ала белгіленген оқу жетістіктерімен салыстыра оқыту, соның негізінде оқушыны бағалау. Критериалды бағалау кезінде алдын-ала бағалау шкаласы белгіленіп, оқушының алдына соған жету жоспары қойылады. Бағалаудың мұндай жүйесі білім алушының кемшіліктерін өзіне түзетуіне мүмкіндік береді, оқушының өзін-өзі және өзгені бақылауына, бағалауына мүмкіндік туғызады, бағаның айқындылығын, адалдығын сақтайды, оқушының сабақ үрдісінде өткен тақырыпты қалай түсінгендігін мұғалімге күнделікті саралап отыруына жағдай жасайды. Осының барлығының негізінде мұғалім мен оқушы арасындағы кері байланыс бағалаудың жалпы негізін ашады. Яғни, критериалды бағалау оқыту – тәрбиелеу, дамыту, ынталандыру төрттігін басшылыққа алады.
Критериалды бағалау жұмысы қалыптастырушы және ішкі жиынтық бағалау арқылы жүзеге асады. Оқушы оқыту жоспарындағы барлық мақсаттар түгел қамтылған бірнеше қалыптастырушы бағалаулардан өтіп, тақырыпты түсінбей «талпынған» оқушы түзету жұмыстары арқылы оқу мақсатына «жетіп», ішкі жиынтық бағалауға келеді. Ішкі жиынтық бағалау мазмұны барлық критерий тұтас қамтылады. Дескрипторға сай тапсырманы толық меңгергендігін көрсетуі шарт. Соның нәтижесінде тоқсан соңында жиынтық бағалау оқушы білімін анықтап береді. Оқушы білімі баллдық жүйемен есептеледі.
Әлемде білім беру ісінің нәтижесін бағалай білудің өзіндік тәжірибесі қалыптасқаны белгілі. Бұл ретте біз үшін оқушының қаншалықты білім алғандығы емес, оның алған білімін өмірлік тәжірибеде қаншалықты пайдалана алатындығы маңызды болып отыр. Ал біздің еліміздегі білім жүйесінде басым жағдайда оқушылар өздерінің алған теориялық білім деңгейімен бағаланып, сонымен ғана шектеліп жататыны белгілі. Осы орайда оқушы білімін критериалды бағалау - педагогтарға нақтылық алып келетін бірден-бір жүйе.
Қорыта айтқанда, кіріктірілген білім бағдарламасы, ондағы оқушыларды критериалды бағалау - заман талабына сай шәкірт білімін дәл айқындауға мүмкіндік беретін бақылау жүйесі.Қазіргі білім беру саласында оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Инновациялық технологияны меңгеру оқытушының интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу- тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Оқу-тәрбие үрдісінде қолданылып, айтарлықтай нәтиже беріп жүрген инновациялық технологияларға мыналарды жатқызуға болады: дамыта отырып оқыту әдістемесі, оза отырып оқыту, деңгейлеп оқыту, тесттік жүйемен оқыту, дискуссия сабақтары, интеграциялық сабақ, лекция-семинар сабақтары, экскурсия сабағы, бинарлы сабақ, дөңгелек үстел, дебат сабақтары т.б. Білім берудің жаңа әдістеріне көшу, оқыту әдістемелерін жаңғырту, инновациялық технологияларды қолдану мақсатында және осындай жаңа әдістердің тиімділігін ескере отырып, мен дәріс пен практиканы байланыстыра, бинарлы сабақ өткізуді жөн көрдім. Ондағы мақсатым: оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, оқу процесінің қарқынын жоғарылату, оқытудың сапасын арттыру болды. Жалпы бинарлы сабақ-оқу материалы екі оқытушының жүргізуінде өткізіледі.
Әлемдік өркениет жолындағы үздіксіз даму кезеңінде білім мен ғылымға баса назар аудару өзекті мәселелердің бірінен саналады. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Бәсекеге қабілетті халық үшін», «Бәсекеге қабілетті экономика үшін» жолдауында: «Білім берудегі жаңалық – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдың бірі» -делінген. Немесе бұл орынды пікірді Елбасымыздың тағы бір: «Терең білім – тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой – азаттығымыздың алдаспаны» - деген пікірімен жалғауға болады. ХХІ ғасыр бой жарыстыратын емес, ой жарыстыратын ғасыр екендігін ескерсек, сол ғасырда үздік оқытудың үлгісі бола алатын көшбасшы, ұлттың зияткерлік әлеуетін арттыратын ұрпақ тәрбиелеуді мақсат тұтатын Зияткерлік мектептердегі білім бағдарламалары тиімді.
Қолданған әдебиеттер:
1. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» Дербес білім беру ұйымы оқушыларының оқу жетістіктерін критериалды бағалаудың жүйесін енгізу тұжырымдамасы / nis.edu.kz сайты
2. Хакимиова Н. Критериальное оценивание как педагогическая технология / colligy.ucoz.ru
3. Жүнісбек Ә. «Жаңа технология негізі – сапалы білім», «Қазақстан мектебі», №4, 20083
4. Бардовскии Г.А. «Жаңа оқу технологиясы», №5 1993ж.
Достарыңызбен бөлісу: |