«2023-2024 оқу жылында Қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие процесінің ерекшеліктері туралы»


Оқыту мен тәрбиелеудегі құзыреттілік тәсіл



Pdf көрінісі
бет9/70
Дата13.09.2023
өлшемі1,06 Mb.
#180977
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   70
Байланысты:
ӘНХ каз 23 08 2023

Оқыту мен тәрбиелеудегі құзыреттілік тәсіл 
Құзыреттілік тәсілдің негізгі ұстанымы – білім алушының өз тәжірибесіне 
сүйене отырып, әртүрлі салалардағы және іс-әрекет түрлеріндегі мәселелерді 
өздігінен шешу қабілетін дамыту. Демек, оқу процесін ұйымдастырудың мәні – 
білім 
беру 
мазмұнын 
құрайтын 
танымдық, 
коммуникативтік, 
ұйымдастырушылық, дүниетанымдық, адамгершілік және басқа да мәселелерді 
шешуде білім алушының тәжірибесін қалыптастыруға жағдай жасау.
Білім беру нәтижелерін бағалау белгілі бір кезеңде қол жеткізілген 
құзыреттілік деңгейлерін талдауға негізделеді, сондықтан алдағы өмірде қажет 
болатын белгілі бір дағдыларды дамыту үшін бастауыш мектептен бастап 
құзыреттілік тәсілді қалыптастыру қажет. 
Құзыреттілік тәсілді жүзеге асыру педагогтердің оқу мақсаттарын қайта 
ойластыруын; білім беру технологияларын мұқият таңдауын; оқытудың әдіс-
тәсілдеріне белгілі бір талаптар қоюын көздейді. Оқу үрдісінде жоба әдісін 
қолдану, сыни тұрғыдан ойлауды, пікірталас әдісін, кейс-стадилерді, стандартты 
емес тапсырмаларды дамыту, ғылыми-практикалық сипаттағы оқу әрекетін 
ұйымдастыруды және т.б. ұсынылады. 
Мысалы, «Ана тілі» пәнінде берілген «
1.1.2.1 көмекші құралдар (тірек 
сызба, сюжетті сурет) арқылы оқиғаның ретін сақтай отырып баяндау»
оқыту мақсатын жүзеге асыруда білім алушыда құзыреттілікті қалыптастыру 
үшін сызбаларды, суреттерді, модельдерді оқуды, күнделікті өмірде көмекші 
құралдарды қолдана білуді және өз ойларын ауызша ғана емес, жазбаша түрде де 
білдіруді үйрену маңызды
.
Сонымен қатар, «Қазақ тілі» 
пәнінде 
құзыреттіліктерін қалыптастыру үшін «
2.2.5.1* дереккөздерден (сөздік, 


16 
анықтамалық, энциклопедия) мәліметті табу жолын анықтап, берілген 
тақырып, сұрақ бойынша мәліметті іріктеп алу» 
мақсатын алуға болады. 
«Обучение грамоте» пәні бойынша 
«1.1.2.1 пересказывать с соблюдением 
порядка событий с помощью вспомогательных средств (опорной схемы, 
сюжетного рисунка)»
оқыту мақсатымен жұмыс жасауда білім алушылардың 
схемаларды, суреттерді, модельдерді оқуды, күнделікті өмірде көмекші 
құралдарды қолдануды және өз ойларын ауызша ғана емес, жазбаша түрде де 
білдіруді үйренуі маңызды. Аталған дағдыны қалыптастыруды жалғастыру үшін 
«Орыс тілі» пәнінде 
«2.1.3.1 отвечать на вопросы и подбирать 
соответствующую иллюстрацию/ картинку/схему к прослушанному тексту», 
оқыту мақсатымен жұмыс жасалады. 
Ал негізгі орта және жоғары сыныптарда 
барлық пәндерде ұстаным мен шешімді таңдауды негіздеу кезінде 
диаграммаларды, суреттерді, кестелерді, модельдерді қолдану ұсынылады. 
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінде берілген «5.3.2.1 хат, жарнама мазмұнын 
түсіну, стильдік ерекшелігін анықтау» мақсатын жүзеге асыру барысында білім 
алушының өз ойын ауызша ғана емес, жазбаша түрде де білдіру дағдыларын 
дамытуды қамтамасыз етеді
.
Білім алушыда оқу мақсатына сай досына, атасына, 
апасына, ағасына, сыныптасына хат жазу арқылы өз ойын жинақтап, ішкі сезімін, 
айналасына, белгілі бір тақырыпқа деген көзқарасын білдіре алу құзыреттілігі 
дамиды.
Құзыреттілік тәсіл функционалдық сауаттылықты және тәжірибеге 
бағдарланған оқытуды қалыптастыруға бағытталған, білім алушыларды өмірлік 
жағдайларда алған білімін қолдануға бағыттайды.
Мысалы, 8-сыныптағы физика сабақтарында білім алушылар мынадай 
практикалық жұмыстарды орындай алуы тиіс:
- күштің, сондай-ақ жұмыс пен энергияның әсерінен дене қозғалысының 
заңдылықтарын зерттеу үшін сапалық және сандық есептерді шешу; 
- әр түрлі әдістер мен құралдарды қолдана отырып, мұздың балқу 
температурасын зерттеу және алынған мәліметтерді талдау; 
- судың булану жылдамдығының темпер атура, ауа ылғалдылығы, бетінің 
ауданы және т.б. сияқты әртүрлі факторларға тәуелділігін анықтау.; 
- оптикалық жүйелердің жұмыс істеу принциптерін түсіну, кескінді 
фокустау және камера сенсорында кескін қалыптастыру мақсатында адам көзі 
мен камераның оптикалық жүйесін салыстыру. 
Осы тәсілге сәйкес педагог білім алушылардың мүмкіндіктері мен 
қабілеттерін ескере отырып, негізгі құзыреттерді қалыптастырады. 
Мысалы, география бойынша «
7.1.1.3 географиялық дерек көздермен 
жұмыс істейді: карта, сурет, мәтін, фотосуреттер, графикалық 
материалдар
» оқыту мақсаттарын жүзеге асыру кезінде географиялық зерттеу 
әдістерін меңгеру үшін практикалық бағыттылығын көрсету маңызды, білім 
алушы «
8.1.1.3 далалық, картографиялық, теориялық географиялық зерттеу 
әдістерінің мәнін түсіндіріп, қолданады
» оқу мақсатында оларды нақты 
мысалдар арқылы көрсетеді және өз түсінігін негіздейді. 


17 
Құзыреттілік тәсіл іс-әрекетке негізделген тұжырымдама негізінде «іс-
әрекет арқылы оқытуды» қамтиды және білім алушы игерілген білімді 
практикада қолдана білуі керек деген талапты күшейтеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет