«2023-2024 ОҚу жылында қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие процесінің ерекшеліктері туралы» Әдістемелік нұСҚау хат



бет3/3
Дата17.10.2023
өлшемі4,4 Mb.
#186079
1   2   3
Байланысты:
әдістеме хат слайд

САБАҚТЫ ЖОСПАРЛАУ
Сабақты жоспарлау бұл тиімді оқыту және білім алушылардың оқу
мақсаттарына жетуі үшін қажетті педагогикалық практиканың ажырамас бөлігі
болып табылады.
Орта білім беру ұйымдарындағы сабақтарды жоспарлау нормативтік
құқықтық актілермен реттеледі: «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, орта,
арнайы, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру
ұйымдары педагогтерінің жүргізуі үшін міндетті құжаттардың тізбесін және
олардың нысандарын бекіту туралы» (ҚР БҒМ 2020 жылғы 6 сәуірдегі №130
бұйрығы, ҚР Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 17 наурыздағы № 68
бұйрығымен енгізілген өзгерістермен https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000020317).
Жоғарыда аталған нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мұғалімдер
сабақты жоспарлауда екі құжатты жүргізеді:
1. Пәндер бойынша орта мерзімді (күнтізбелік-тақырыптық) жоспар.
2. Қысқа мерзімді (сабақ) жоспар.
Екі жоспар да қағаз түрінде де, электронды түрде де жүргізілуі мүмкін
(word, pdf).
Пәндер бойынша орта мерзімді (күнтізбелік-тақырыптық) жоспар
Педагог оқу жылы басталғанға дейін бір рет пәндер бойынша орта мерзімді
(күнтізбелік-тақырыптық) жоспар әзірлейді. №130 бұйрыққа сәйкес орта
мерзімді жоспарда мынадай міндетті тармақтар болуы тиіс:
- бөлім / ортақ тақырыптар;
- сабақтың тақырыбы;
- оқыту мақсаттары;
- сағаттар саны;
- өткізу мерзімдері және ескертпе.
Қысқа мерзімді (сабақ) жоспар
Барлық оқу пәндерінің мұғалімдері күн сайын кестеге сәйкес қысқа
мерзімді сабақ жоспарын жүргізеді. №130 бұйрыққа сәйкес сабақ жоспары келесі міндетті тармақтарды қамтуы керек:
- оқу бағдарламасының бөлімі;
- педагогтің аты-жөні;
- сабақты өткізу күні;
- сыныпта қатысқандардың / қатыспағандардың саны;
- сабақтың тақырыбы;
- оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары;
- сабақтың мақсаттары (оқу мақсаттарына сәйкес жасалады);
- сабақ барысы (сабақ кезеңі, мұғалім мен білім алушылардың іс-әрекеті,
бағалау және ресурстар) (9-кесте).
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет