«2023-2024 оқу жылында Қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие процесінің ерекшеліктері туралы»


Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі



Pdf көрінісі
бет54/70
Дата08.09.2023
өлшемі1,64 Mb.
#180546
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   70
Байланысты:
ӘНХ каз 23 08 2023 11.57 (1)

Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі 
Оқу жылының басында білім алушылардың когнитивтік саласына 
диагностика жүргізу, мазасыздық деңгейін, оқуға уәждемесін анықтау қажет. 
Жұмыс жоспарында барлық білім алушымен жүргізілетін түзету іс-шаралары 
қарастырылуы тиіс. 
Педагогтар үшін диагностика нәтижелеріне сүйене отырып, үлгерімі 
төмен білім алушылармен жұмыс жасау бойынша әдістемелік ұсынымдар 
әзірлеуді қарастыру қажет. Сондай-ақ, кәсіби шаршаудың алдын алу, кәсіби 
уәждемені арттыру бойынша тренингтер өткізу ұсынылады. 
Ата-аналар үшін оқуға, орта білім беру ұйымына оң көзқарасты 
қалыптастырудың маңыздылығы туралы, үй тапсырмасын орындау және ата-
аналар тарапынан бақылау үшін қолайлы жағдайлар жасау туралы оқыту 
дәрістерін, тренингтерді, әңгімелер өткізу; қажетті үлестірме материал 
(жадынамалар, буклеттер және т.б.) дайындау қажет. 
Сынып жетекшісі 
Үлгерімнің төмендеуінің алдын алу және оқушылардың оқу деңгейі мен 
сапасын арттыру мақсатында бақылаудың тиімді түрлерін пайдалана отырып
үлгерімі төмен білім алушылармен жұмысты күшейту қажет. Оқушылардың 
сабаққа қатысуын, пән мұғалімдерімен жеке консультацияларды, білім 
алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру бойынша өзге де іс-
шараларға қатысуды жүйелі бақылауға алу қажет. Үлгерімі төмен білім 
алушылар үшін табысқа жету жолдарын белгілеу, «сынып жетекшісі - оқушы - 
ата-аналар-педагогтер» ынтымақтастықта жұмыс жасауы маңызды.
Ата-аналармен жұмыста: оларды үйде білім алушылармен сабақ оқуға 
тарта отырып, тұрақты байланыста болу, психологиялық-педагогикалық қолдау 


79 
қызметімен бірлесіп үлгерімді жақсарту бойынша кеңестер мен ұсыныстар беру, 
әңгімелер жүргізу қажет. Білім алушылардың саналы түрде оқу тәртібін дамыту, 
оқудың оң уәждемесін қалыптастыру бойынша жұмыс жасау қажет. 
 
 


80 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет