Когнитивтік лингвистика және терминология



бет1/3
Дата08.02.2022
өлшемі26,32 Kb.
#119594
  1   2   3
Байланысты:
4-дәріс Кял-20-1м-1
!22-ОШ ТЖБ Физика 8-сын қаз, 4-дәріс Кял-20-1м-1

№4дәріс тақырыбы: Когнитивтік лингвистика және терминология.
1.Терминдерді когнитивтік лингвистика тұрғысынан қарастыру.
2.Когнитивтік лингвистиканың терминологиялық жүйесі мен терминнің концептуалды құрылымы.
3.Когнитивтік лингвистикаға қатысты терминдер («Сана», «когниция», «ментальділік»).

Когнитивтік лингвистика терминдерді зерттеуде жаңа бағыттарға жол ашады. Өйткені бұған дейінгі дәстүрлі семантикалық, жүйелі – құрылымдық парадигмалар жоққа шығарылмай, қайта керсінше, терминологиялық үдерістерді жаңа тұрғыдан зерттеп ұғынуға ұмтылыс жасайды.


Термин тілдің ерекше негізін құрайды, себебі, терминсіз, терминологиялық жүйесіз бірде – бір ғылымның, техникалық, кәсіби, өндірістік саланың дамуы мүмкін емес. Яғни, терминдерде әлем түсінігі жайлы арнайы білім, ұғымдар қамтылған, сонымен қатар, терминдер адамның ойлау қабілетінің, танымның, ақиқат шындықтың бейнеленуі мен көрінісінің ерекше бір түрдегі негізін сипаттайды.
Ғылымның қай саласына назар аударсақ та, сол саланың қаншалықты деңгейге жетіп, қаншалықты дәрежеге көтерілгені терминологиялық жүйесінен көрініп тұрады.
Терминдердің концептуалдық құрылымын анықтауда ұғым мен мазмұн мәселесінің маңызы зор. Себебі терминнің концептуалды құрылымы дегеніміз – белгілі бір ұғымдық сала иелерінің коммуникативтік байланысын қамтамасыз ететін референциялардың инвариантты жүйесі, концептуалды құрылымды тіл жүйелері мен арнайы ұғымдар арасын байланыстыратын негізгі буын деп қарастыруға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет