2023 жылғы 30 наурыздағы №49 бұйрығы. ///Мед пункт///Фельдшерлік-акушерлік пункт № Қр дсм-223 бұйрығына


жылғы 30 қарашадағы№ ҚР ДСМ-225/2020 бұйрығына



бет7/7
Дата09.10.2024
өлшемі20,76 Kb.
#205955
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
бұйрық

2020 жылғы 30 қарашадағы№ ҚР ДСМ-225/2020 бұйрығына сәйкес МСАК ұйымдары жүзеге асырады.

Педиатр, ЖПД, мейіргер ісінің мамандары "Денсаулық сақтау саласындағы есептік құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-313/2020 бұйрығымен бекітілген нысандар бойынша бөлімше басшысына (бөлімше меңгерушісіне) қызмет көрсетілетін аумақтағы балалардың сырқаттанушылығының, мүгедектігі мен өлімнің негізгі медициналық-статистикалық көрсеткіштері бойынша есептерді ұсына отырып, денсаулық сақтау саласындағы есептік құжаттаманы жүргізуді жүзеге асырады.


«Халыққа профилактикалық егуді жүргізу бойынша санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2018 жылғы 13 маусымдағы № 361 бұйрығы


Профилактикалық егулер "Қарсы профилактикалық егу жүргізілетін аурулардың тізбесін, оларды жүргізу ережесін және халықтың жоспарлы егілуге жатқызылатын топтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2295 қаулысымен бекітілген мерзімдерде жүргізіледі.


Егу кабинеттерінің ішін әрлеуге, жылытуға, желдетуге, табиғи және жасанды жарықтандыруға қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 31 мамырдағы № 357 бұйрығымен бекітілген.


Халықты иммундау үшін пайдаланылған құтылар мен ампулалар, оның ішінде ПӘИБП қалдықтары бар құтылар мен ампулалар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 тамыздағы № 687 бұйрығымен бекітілген Жарамсыз күйге түскен, жалған, жарамдылық мерзімі өтіп кеткен дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы жою қағидаларына сәйкес жойылады.




Профилактикалық егулерді және ИКҚК есепке алу егу жүргізілген орындағы денсаулық сақтау объектілерінде, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту, білім беру объектілерінде сақталатын есепке алу нысандарына: "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген профилактикалық егулерді есепке алу журналына (064/е нысаны), баланың даму тарихына (№ 112/е нысаны), жаңа туған нәрестенің даму тарихына (097/е нысаны), профилактикалық егулер картасына (№ 063/е нысаны), баланың медициналық картасына (№ 026/е нысаны), амбулаториялық пациенттің медициналық картасына (№ 025/е нысаны) тиісті жазбалармен жүзеге асырылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет