23 маусым 2017 жыл. Бақанас елді мекені. Күн ашық. Ауа температурасы 27-29



Дата03.12.2019
өлшемі20,97 Kb.
#52932
Байланысты:
дневник Динары



23 маусым 2017 жыл.

Бақанас елді мекені. Күн ашық. Ауа температурасы 27-290С.



Жартылай қатты қанаттылар немесе қандалалар (Heteroptera) көптеген өсімдіктерде кездеседі. Бақанас елді мекенінде көптеген шөптесін өсімдіктермен қатар раушангүлділердің: шие, өрік, алма, алмұрт, таңқурай және т.б. кездеседі. Күн жылынған кезде пайда болып, өсімдіктер маңында ұшып жүреді. Өсімдікқоректі түрлері өсімдік шырынымен қоректенеді: Lygus pratensis¸ Lygus rugulipennis¸ Lygus gemellatus¸ Polymerus unifasciatus¸ Adelphocoris lineolatus.
30 маусым 2017 жыл.

Бақанас елді мекенінің маңы. Күн ашық. Ауа температурасы 29-300С.

Өсімдікқоректі жартылай қаттықанаттылардың тіршілік мекеніне бақылау жүргізілді. Осы кезеңде олардың қандай өсімдіктермен қоректенетіні жайлы мәліметтер алынады. Жоңышқа қандаласы (Adelphocoris lineolatus) жоңышқаның шырынын сорып қоректенетіні анықталды. Шатыргүлділерде Polymerus unifasciatus қоректенетіні анықталды. Lygus туысы өкілдері түрлі шөптесін өсімдіктермен қоректенді.
3 шілде 2017 жыл.

Бақанас елді мекені. Күн ашық. Ауа температурасы 30-310С.



Өсімдікқоректі қандалалардың санын реттеп, пайда келтіретін мына энтомофагтарға: Nabis ferus¸ Aspilaspis pallidus¸ Anthocoris sibiricus¸ Orius minutus¸ Orius niger¸ Rhуnocoris iracundus¸ Rhуnocoris annalatus¸ Deraeocoris punctulatus¸ Cyllecoris decorate бақылау жүргізілді.
25 шілде 2017 жыл.

Бақанас елді мекені. Күн ашық. Ауа температурасы 30-310С.

Үй маңындағы бақтағы алма ағашындағы, таңқурайдағы кездескен нағыз қалқаншалы қандалалар: Rhaphigaster brevispinus, Apodiphus integriceps, Dolycoris baccarum, Palomena prasina бақылау жұмыстары жүргізілді. Олар ағаш жапырақтары мен жас бұтақ сабақтарының шырынын сорып қоректенді. Бұлар көптеп қоректенген жағдайда, өсімдіктерге зиян келтіреді.
1 тамыз 2017 жыл.

Бақанас елді мекені. Күн ашық. Ауа температурасы 310С.

Көкөністерде, айқышгүлді өсімдіктерде, яғни капуста, қыша, редиска, тунепс, т.б. Eurydema oleracea, Eurydema ornata, Eurydema ventralis көп кездесіп отыр. Олар осы өсімдіктердің шырынымен қоректенеді, сөйтіп зиян келтіреді. Бұлардың санын реттеу үшін биологиялық күрес керек, демек қанқызы қоңыздары осы қандалалардың жұмыртқалары және дернәсілдерімен қоректеніп, олардың санын реттейді.

15 тамыз 2017 жыл.

Бақанас елді мекені. Күн ашық. Ауа температурасы 30-310С.
Шие, өрік, алма, алмұрт, таңқурай және басқа да өсімдіктердегі зиянды насекомдар: өсімдік биттері, жапырақжегіш қоңыздар және т.б. насекомдар жұмыртқалары және дернәсілдерімен ұсақ жыртқыш қандалалар Anthocoris, Orius туыстары өкілдері қоректеніп, көп пайда келтіреді.
25 тамыз 2017 жыл.

Бақанас елді мекені. Күн ашық. Ауа температурасы 290С.



Іле өзені жағалауындағы шеңгел, итмұрын және қызыл миядан Camptopus lateralis, Brachycarenus tigrinus, Rhopalus maculatus ұстадық. Олар өсімдіктің салған түйінін сорып зиян келтіреді.






Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет