9-оқушы: Іші толған әріпке,
Жақсы кітап әліппе.
Әліппені аламыз,
Мектепке біз барамыз 10-оқушы: Қиындықтан қорықпа,
Қаймығып еш торықпа.
Қайратың мен жігерің,
Қолқанатың жорықта. 11-оқушы: Тәртіпті бала- сүйеніш,
Төбең бір көкке жетеді.
Тәртіпсіз бала-күйініш,
Төмендеп басың кетеді. 12-оқушы: 1 Шындықты ақтаймыз, 2 Бау-бақша гүлдер
Шыншылды жақтаймыз.
Шаршы топ алдында,
Шығарып мақтаймыз. 13-оқушы: Інілерді ағалар,
Ісімен бағалар.
Ілер жүлде жарыста,
Іркілмеген балалар. 14-оқушы: Отан-менің ата-анам,
Отан-досым бауырым.
Отан-өлкем астанам,
Отан-туған ауылым. 15-оқушы: Есті бала ержеттің,
Елдің қамын ойлаған.
Ессіз бала кері кетіп,
Есірлігін қоймаған. 16-оқушы: 1 Әдептілік дегенің, 2 Бал бұлақтың басында
Әрқашан да керегің.
Әсемпаздық дегенің,
Әуре-сарсаң әлегің. 17-оқушы: Жақсы білім-көрімдік,
Боламын сізге халайық.
Не үйреніп, не білдің?
Қане ортаға, салайық! 18-оқушы: 1 Бар кітапқа бас болған,
Әліппе ғылым ағасы.
Әліппеден басталған,
Даналардың данасы. 1-жүргізуші: Айтары көп әріптің,
Қуанышы баланың.
Қуанышы ананың,
Жақсы білім көрімдік.
Боламын сізге халайық,
Не үйреніп, не білдің?
Қане ортаға, салайық! Мұғалім: Алфавитті білдіңдер,
Онда қалып жүйе бар.
Біздің қазақ алфавитінде,
Қанша әріп бар: ------- Оқушылар: 42 әріп бар. 1-жүргізуші: Әрі қарай жалғастырайық. 2-жүргізуші: Иә, біз келген қонақтарға мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаш, ертегі айтып берсек дейміз. 1-жүргізуші:- Балалар қандай, қанша мақал-мәтелдерді біледі екен? Иә, -балалар: -//-//-//-//-//-//-//-//-//-// 1-жүргізуші: - Балалар, алғашқы әліппені кім жазды? -Хормен: Ыбырай Алтынсарин 2-жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар. 1-жүргізуші: Біз қазақ халқы болғандықтан жеті атамызды білу міндетіміз. Балалар, жеті атамызды қателеспей айтып берейік: ------ Ата----Әке---- Бала----- Немере---- Шөбере---- Шөпшек---- Немене--- Туажат---- Жүрежат. 2-жүргізуші: «Жері кең, елі бай бұл қай ел?» ------ Қазақстан 1-жүргізуші: «Қазақстанның астанасы қай қала?» ----- Астана 2-жүргізуші: «Біз қандай елміз?» ------ Біз егеменді елміз!! 1-жүргізуші: «Егеменді елдің елбасы кім?» --- Н.Н. Әбішұлы 2-жүргізуші: Қосу кестесін кім қателеспей айтады? -//-//-//-//-//-//-//-// 1-жүргізуші: Тыңдаңыздар, мөлдір аспан, бұйра қырат
Достарыңызбен бөлісу: |