26. Астық дақылдарында кездесетін ауруларды атаңыздар және олардың пайда болуы мен күресу жолдарын бағалаңыз. Бидай жапырағының тат ауруы - бидай, арпаның жапырақтары мен дәндеріне әсер ететін саңырауқұлақ ауруы. Қоңырқай климатты жерлерде ол күздік бидайға аса зиянды, өйткені патоген қыстайды. Инфекция өнімнің 20%-ға дейін жоғалуына әкелуі мүмкін. Бидай жапырағының таты ауа арқылы таралады. Саңырауқұлақ өмірлік циклінде урединиоспоралары бидай өсімдіктерінде дамиды немесе альтернативті қожайын өсімдіктерде өсуі мүмкін. Өсіп-өну процесі ылғалды қажет етеді және жоғары ылғалдылықта жақсы жүреді. Өсіп шығу үшін оңтайлы температура 15-20°С. Спорадан патоген өсіп шығудан бұрын бидай өсімдіктері толықтай сау болып көрінеді. Патоген спораларының ылғалдылығы төмен болса қыстап шыға алады және күн жылысымен жеткілікті ылғалдық кезінде спорадан патоген босап шығады.
Бұл аурумен күресудің ең қарапайым жолы – төзімді сорттарды қолдану. Бұл әдіс 100 жылдан бері қолданыста және әлі де эффективті. Сонымен қоса фунгицидтерді споралардың атуына дейін қолдануға болады, бірақ бұл коммерциялық жағынан тиімдігі төмендеу. Одан басқа амал – альтернативті қожайын өсімдіктерді егістік аумақтарында жою, бұл патогендердің көбеюіне кедергі келтіреді және санын төмендетеді.
Қара күйе ауруы – базидиомициттер классына жататын қара күйесаңырауқұлақтарынан туындайтын астық тұқымдастарының ауруы. Ауруға шалдыққан аумақтарда өнім 20-30%-ға төмендейді. Қаракүйе бидайдың масағын зақымдайды. Ауруға шалдыққан өсімдіктердің дамуы тежеледі. Негізгі саңырауқұлақтың өзі бидайдың ішінде мекен етеді, ал масақтарында тек споралары жинақталады. Масақтардың ішінде дәнектің орнына қаракүйе қапшықтары пайда болады. Бұндай масақтардың өзіндік сасық иісі болады. Ауру масақтар ішінде қара споралар түзіледі. Кейін жинау кезінде масақ ішіндегі споралар шашылып, сау дәнектерде орнығу мүмкін немесе топырақта қалып, келесі жылғы өнімде көрініс беруі де әбден мүмкін.
Күресу жолдары ретінде төзімді сорттарды өсіруді айтуға болады. Одан басқа, тұқымдарды фунгицидтермен өндеп отырғызу, бұл да қаракүйемен күресуде өте эффективті жол. Тұқымдарды термиялық өңдеу(яғни жоғары температурамен) де қолданылады.