29. Өсімдіктердегі тат аурулары Lr Sr Yr гендеріне сипаттама беріңіз және сызба түрінде көрсетіңіз.
Lr(leaf rust), Yr(stripe, yellow rust) және Sr(stem rust) өсімдіктердегі тат ауруларына қарсы төзімділікті қамтамасыз ететін гендер топтары. Әрбір топ үшін ондаған әртүрлі гендер анықталған. Топтардың ішінде эффективтілігі жоғары, жоғары әрі тұрақты төзімділікті беретін гендер бар. Тат ауруына қарсы жаңа егістік өсімдіктердің сорттарын шығару барысында нақты осы гендерге басты назар аударады.
Көптеген саңырауқұлақ ауруларымен фунгицидтермен сәтті күресуге болатынына қарамастан, төзімділік үшін селекция жалпы өнімге зиянды азайтудың ең үнемді және экологиялық қолайлы әдісі болып саналады. Жапырақ татына қарсы елуге жуық тұрақтылық гендері(Lr) сипатталды. Бұл гендердің көп бөлігі бидайға өзге өсімдік түрлерінен енгізілген болатын. Жапырақ татына төзімді гендері бар бидай сорттары осы ауруға жоғары төзімді болып келеді. Бидайдың бір сортына бір немесе бірнеше тұрақтылық гендерін берудің дәстүрлі әдісі – бұл әр түрлі сорттарды қолдана отырып, егістіктер мен жылыжайларда бірнеше ұрпақ будандастыру. ДНҚ негізіндегі маркерлер тұрақтылық гендерін организмдерде іздеу үшін қолайлы құрал болып келеді. Бұл маркерлерді қолдана отырып, ПТР жүргіземіз. Кейін ПТР нәтижесіне қарап, жаңа алынған сортта нақты Lr гені бар ма немесе жоқ па екенін анықтауға болады.