Бердибекова Шолпан.
№247 орта мектептің биология пәнінің мұғалімі.
Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Бесарық бекеті.
"Алтын күз" интелектуалды ойын
Мақсаты: Білімге деген қөзқарасын қалыптастыра отырып биология пәніне деген қызығушылығын арттыру.Оқушыларды жылдамдыққа,тез қозғалғыштыққа батыл шешім қабылдауға үйретеді және өз бетінше жұмыс жасауға үйретеді.
Құрметті ұстаздар мен оқушылар сайыс десе белсене араласатын көрермен қауым сіздерді бүгінгі өтіле отқан биология пәнінен 7-10 сынып аралық "Алтын күз "тақырыбындағы интеллектуалдық сайысымызға қош келдіңіздер.
Тапқыр білгір дарынды,
Жарыс бар бүгін арынды.
Биология пәнін сүйсең сен,
Ортаға сал барыңды -дей отыра сайысқа белсене қатысатын сайыскерлерімізді ортаға шақырайық.
Оқушылар өздерін таныстырып өтеді.
1.Алғырлар. 2.Білгірлер.
Сайысымызды бастамас бұрын Төлеген Шұғыла мен Бердібек Аяулымның "Күз" тақырыбындағы өлең шумағына құлақ түрейік.
Сайыстың кезеңдері.
1.Таныстыру.
2.Ойлы болсаң озып көр.
3.Күз тақырыбында оқушылардың жасаған қол өнерлері.
4.Мақал мәтелдің жалғасын табу.
5.Басқатырғыш ойыны.
6.Жұмбақтарды шешу.
Бірінші сайысымыз топ басшылары топтарын таныстырып өту.
Екінші сайысымызды бастаймыз. Екі топтың басшыларына 10 сұрақтан қойылады.Әр сұрақтың біреуіне дұрыс жауап берсе 1 ұпай алады.
Ойлы болсаң озып көр.
Алғырлар тобына қойылатын сұрақтар.
1.Ең ұзақ жасайтын ағаш. емен 2000жыл.
2 Жануар атымен аталатын құс .Түйеқұс.
3 Қан ұйымайтын ауру (гемофилия)
4. Күріштің өсу мерзімі (90-165)
5)Бластула дегеніміз не? бір қабаты ұрық
6 Адамның кеуде қуысында орналасқан мүше. өкпе.
7 Тіршіліктің пайда болу кезеңдері неше кезеңнен тұрады. 5
8 Көз алмасының қабаттары. 3
9 Ұрықтың дамуы. 280 күн
10. Үрмебұршаққа ұқсас мүше. бүйрек
2 Біргірлер тобына қойылатын сұрақтар.
1 Ұя салмайтын құс. көкек.
2 Сүті өкпе ауруына ем дала кемесі аталған жануар. түйе.
3 Күнбағысты өсіретін себебі: май өндіру үшін.
4 Бүйрек жұмысына қауіпті не? алкоголь.
5 Адам ағзасындағы ұлпалар саны. 4
6 Мидың орташа салмағы. 1300-1400гр
7 Өзен шаянының тыныс алу мүшесі. желбезек.
8 Уақытша топ құрайды. құстар.
9 Цитоплазма дегеніміз не? қоймалжың тірі зат.
10 Әйгілі күріш өсіруші. Ы.Жақаев.
3 Сайысымыз Оқушылардың күз тақырыбында жасаған қол өнерлерін ортаға салып көрсетеді.Бұл сайысымызда қойылатын баға 5 балл.
4 Сайысымыз Мақал мәтелдердің жалғасын табу.
1 Алғырлар тобына қойлатын мақал мәтелдер.
Дәрі шөптен шығады.- дана көптен шығады.
Ағаш көркі жапырақ.-адам көркі шүберек.
Арық атқа қамшы жау.-жыртық үйге тамшы жау.
Дала көркі мал.-өзен көркі тал.
Әңгіме бұзау емізер.-бұзау таяқ жегізер.
2 Білгірлер тобына қойылатын мақал мәтелдер.
Жылқыда да жылқы бар қазанаты бір бөлек. Жігітте де жігіт бар азаматы бір бөлек.
Жаман атқа жал бітсе.-жанына торсық байлатпас.
Ағаш ексең аялап.- басыңа болар саябақ
Атың барда жер таны -Асың барда ел таны.
Нан тамақтың атасы.-Ынтымақ көптің батасы.
Сайысымыздың 5 кезеңі Басқатырғыш.Бұл ойынның шарты 2топқа адасқан әріптерді береміз.Адасқан әріптерден құс аттарын тауып жазу керек.1 топтың шыққан құс атаулары:бөдене,тауық,үйрек,қырғауыл,шағала.
2топтың шыққан құс атаулары:қарлығаш,кептер,торғай,шымшық,тоты.
6 кезең Жұмбақтарды шешу
Алғырлар тобына қойылатын жұмбақтар
1.Гүлге қонады
Гүлдің қонағы
Үйшікті ұясы,
Балға толады (Балара)
2.Қар астында қыстайды
Ақ пен бүркіп тыстайды (Бәйшешек)
3.Екі жағы бүртік ,Ортасы сызық (Бидай)
4.Ынтымақты жұмыскер,
Бәрі -дағы тым іскер,
Үйшігіне күмбезді,
Жоламайды қылмыскер (Құмырсқа)
5.Жер астында атбоз ат
Терісі бар он қабат.
Жалынан ұстап сойарсын
Жей бастасан жыларсың. (Пияз)
6.Ашық оның құшағы
Тік ұшақтай ұшады,
Қанаттарын қақпайды
Тепе-теңдік сақтайды (Инелік)
7.Сұрасаң бірде жауап бере алмайды
Егер де отқа салсаң өліп кетер,
Бір жерін кесіп алсаң қанамайды (Ағаш)
8. Аласа талда алуан алма,
Алқызыл болмай аузыңа салма. (қызанақ)
Білгірлер тобына қойылатын жұмбақтар
1.Тіршіліктің қуатын
Өз бойына жинайтын
Жинай -жинай азықты
Адамзатқа сыйлайды (Өсімдіктер)
2.Гүлге толы құшағы
Тыным таппай ұшады
Жинап келген шырынын
Ұясына құсады (Балара)
3.Жайлап жүріп егін жер
Екпей,сеппей тегін жер
Таңдап жүріп ішінен
Жұмсақ нәрлі көгін жер (Шегіртке)
4.Қырда қазан қайнаған
Қызу еңбек жайнаған
Төбесінен күмбездің
Көрінеді айналаң (Құмырсқа илеуі)
5.Қырға кілем жайдым (Қызғалдақ)
6.Тау-тау үйілген ақ алтын ,табады оның атын кім? (Мақта)
7.Ұстарамен алынбас,Ұйысып тұрған қалың шаш (егін)
8.Киген қалпағы аппақ, Балалар тұр қаптап (бақбақ)
Сайысымызды қорытындылай келе әділ алқа қазыларға сөз кезегін береміз
Сайыскерлерімізді мадақтау.
Достарыңызбен бөлісу: |