24«Жаралы гингивит» диагнозына тән рентгенологиялық зерттеу қорытындысы



бет219/922
Дата22.04.2022
өлшемі1,24 Mb.
#140525
1   ...   215   216   217   218   219   220   221   222   ...   922
Байланысты:
24«Жаралы гингивит» диагнозына т н рентгенологиялы зерттеу оры

Емхананың хирургиялық бөлмесіне үстіңгі жағының оң бүйірі ісінуіне байланысты 9 жасар баланың анасы алып келген. Тексергенде: үстіңгі жақтың оң бүйірі ісінген. Ауыз қуысында: 5.5 тіс сауытының 2/3 бөлігі шіріген, қызылиегіісінген, қызарған, өтпелі қатпары таяз. Төменде аталған емдеу әдістерінің қайсысын жүргізген НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?


Түбір өзегі арқылы жалқықты шығару
+Тісті жұлу
Ауыз қуысын шаю
Қабыну қарсы ем
Физиоем
***
Ер адам 23 жаста тісін тазалағанда, қатты тағам жегенде қызыл иектің қанайтынына шағымданды. Объективті: төменгі жақтың алдыңғы тістер аймағындағы қызыл иегі қызарған, ісінген, пальпация кезінде қанайды. Ауыз қуысының шырышты қабығының басқа аймақтар өзгеріссіз. Тістесу терең. 4.1 және 4.2 тістер І дәрежелі қозғалғыш, басқа тістер қалыпты. Рентгенограммада: 4.1, 4.2 тістер маңындағы альвеола аралық сүйегінің 1/3 түбір ұзындығына дейін резорбциясы. Сізідң диагнозыңыз?
Жайылмалы пародонтит, бастапқы дәреже
Жайылмалы пародонтит, І дәреже
Катаральды гингивит
+Ошақты пародонтит, І дәреже
Пародонтоз, І дәреже
***
Ер адам 32 жаста тісінің қозғалғыштығына, қызыл иегінің қанауына, аузынан жағымсыз иістің шығуына шағымданады. Объективті: қызыл иек қызарған, ісінген, болбыр, пародонтальды қалталардың терендігі 6 - 8 мм, ішінен іріңді жалқық бөлінеді. Қызыл иек асты және үсті тіс тастары бар, тісінің қозғалғыштығы ІІ-ІІІ дәрежелі. Рентгенде: альвеола арасындағы сүйегінің 1/2-2/3 түбір ұзындығына дейін горизонтальді және вертикальді резорбция. Қандай кюретаж жасау керек?
+Ашық кюретаж жасау керек, себебі операция жүргізуде пародонтальды қалталар грануляциялармен тіс тастарынан тазаланады.
Жабық кюретаж жасау керек, себебі операция жүргізуде пародонтальды қалталарындағы грануляциялармен тіс тастарын күйдіреді.
Жабық кюретаж жасау керек, себебі тіс мойынының және одан төмен орналасқан тіс тастары, қақтары тазаланады
Ашық кюретаж жасау керек , себебі сүйек тіндерін шетін кесіп егеп тастау керек
Жабық кюретаж жасау керек себебі операция жүргізуде, визуальді контроль қажет
***
Ер адам 55 жаста ауыз қуысында күйдіретін сезімнің және металл дәмінің пайда болуына шағымданып келді. Қарау кезінде: жоғарғы жақта металл көпіртектес протез бар, ал төменгі жақ тістерінде алтын сауыттар бар. Төмендегі жазылған алдын ала диагноздардың қайсысы мүмкін.
Аллергиялық стоматит
Втоксикалық стоматит
Протезді стоматит
+Жақтыртпаушылық құбылысы
Булы әсер
***
Ер адам 56 жаста, ауыз қуысында бір апта бұрын байқалған қызыл дақтың болуына шағымданады. Объективті: оң жақ ретромолярлы аймақтың шырышты қабатында шектелген зақымдану ошақ, көлемі 2 x 1,5 см, бархатты беткейлі қою қызыл түсті анықталады. Ошақ сәл төмен түсіп тұрады, беткейінде гиперкератоз аймағы анықталады. Гистологиялық: әлсіз айқындалған гипер- және паракератоз, акантоз, базальды қабат сақталған тікенек қабатта– тікенек жасушаларының полиморфизм. Қандай диагноз болуы мүмкін?
+Боуэн ауруы
Қызылжегі, эрозивті түрі
Қызыл жалпақ теміреткі, эрозивті түрі
Лейкоплакия, эрозивті түрі
Жалпақ жасушалы мүйізделуші обыр
***
Ер адам Б., 59 жаста, ауыз қуысында күйю сезіміне, кейде тағам қабылдау уақытында термиялық тітіркендіргіштерден күшейетін ауырсынуға шағымданады. Қарау кезінде тістердің түйісу сызығы бойында шырышты қабат үстінде түзіліс түрде қосылған түйіншектер (бляшк анықталады. Зақымдалу ошағы тығыз, қатпарға жиналмайды. Зақымдалған аймақ түсі – сүт – ақ жылтырмен. Кератоз аймағы айналасының шырышы өзгермеген. 4.4, 4.6 тістер алтыннан жасалған сауыттармен қапталған, 4.5, 4.7 тістер болаттан жасалған сауыттарымен қапталған. Гистологиялық анализ дәнді және мүйізді қабаттың өсу арқасында қалыңдауын көрсетеді. Сіздің болжамды диагнозыңыз?
Эрозивті-жаралы лейкоплакия
Жұмсақ лейкоплакия
Таппейнер лейкоплакиясы
Жалпақ лейкоплакия
+Веррукозды лейкоплакия
***
Ер адам жасы 56, ұртында жараның пайда болып, тағам қабалдағанда мазалауына шағымданады. Екі ай бұрын жара пайда болып жазылмаған. Жағымсыз әдеті шылым шегеді. Бұрында туберкулез ауруына шалдыққан, бірақ казір фтизиатр мамандығынан учеттан алынған. Қарап тексергенде 4.7 тістің проекциясы ұрт маңында овальді пішіндес жара бар, диаметрі 0,7х0,5см, фибринозды қақпен жабылған, аурады, жараның түбі мен шеті аздап тығыздалған. Төменгі жақта жартылай алынатын протезі бар, кламмері 4.7 тіске дұрыс жатпайды, үнемі ұртты жарақаттайды. Сіздің алдын ала қоятын диагнозыңыз:
трофикалық жара
туберкулез жарасы
лейкоплакия, эрозиялы жаралы формасы
жаралы некротикалық стоматиті Венсана
+декубитальды жарасы
***


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   215   216   217   218   219   220   221   222   ...   922




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет