24«Жаралы гингивит» диагнозына тән рентгенологиялық зерттеу қорытындысы


Тіс қатарлары ақауларын көпіртектес протездермен ортопедиялық емдеу



бет761/922
Дата22.04.2022
өлшемі1,24 Mb.
#140525
1   ...   757   758   759   760   761   762   763   764   ...   922
Байланысты:
24«Жаралы гингивит» диагнозына т н рентгенологиялы зерттеу оры
1584443984376, ЭИ ИУП рус 1-3 (1) (1), pub2 167, Әлеуметтану, Политология студенттерге 1-2 курс каз 200, КТП 34 сағат КжБН вариативті курс №415 бұйрық, ҒЫЛЫМИ СТИЛЬДІҢ ТҮРЛЕРІ МЕН ЖАНРЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Тіс қатарлары ақауларын көпіртектес протездермен ортопедиялық емдеу
$$$001
Науқастың 22,23,24 тістері жоқ, 21, 25 тістері сау, патологиялық өзгерістер анықталмаған, дәрігер науқасқа тірегі 21 және 25 тістер болатын металдан көпірлі протез жасауды ұсынды. Протез конструкциясы дұрыс таңдалды ма, неге?
А) Дұрыс емес – шайнау қысымын толығымен қалыптастырмайды.
В) Дұрыс емес – эстетикалық талапқа сай емес
С) Дұрыс емес – тірек тістерге көп күш түседі
D) Дұрыс – эстетикалық жағынан қолайлы, протезге жылдам бейімделеді
Е) Дұрыс емес - тірек тістер саны жеткіліксіз
(Дұрыс жауабы) =В
{Күрделілігі} = 2
$$$002
Науқаста тіс қатарының ақауы Кеннеди бойынша 3-класс. Емдеу жоспары: тірегі 37 және 33 тістер болатын құралмалы көпірлі протез. Ауыз қуысынан қандай клиникалық көріністі көруге болады?
А) тірек тістердің қозғалғыштығы
В) тіс қатарының шеткі ақауы
С) ақауды шектеп тұрған тістердің үлкен конвергенциясы
D) тіс қатары ақауының аумақтылығы
Е) терең тістесу
(Дұрыс жауабы) =С
{Күрделілігі} = 2
$$$003
Ортопедиялық стоматология клиникасына науқас 35,36,37 тістер аймағының қызыл иегі ісініп кеткеніне шағымданып қаралды.
Объективті: 35,36,37 тістер алтын сауыттармен қапталған. Сауыт қыры қызыл иекке еніп тұр, зондпен сауыт қыры анықталмайды. Қай кезеңде қателік жіберілген?
А) 1-клиникалық кезең
В) 1- лабораториялық кезең
С) 2-клиникалық кезең
D) 2- лабораториялық кезең
Е) 3- клиникалық кезең
(Дұрыс жауабы) =С
{Күрделілігі} = 1
$$$004
48 жастағы науқас 12,11,21,22 тістерінің болмауына шағымданып, көпірлі протез жасауды сұрайды. Пластмассалы фасеткалы металл құрама көпірлі протезді өткізу кезеңінде протезді тірек тістерге отырғызған соң, фасетка альвеолярлы өсіндінің шырышты қабатына тығыз жанасып жатқанын анықтады. Орталық окклюзия жағдайында фасеткадағы жоғарғы күрек тістер ғана түйіседі, ал басқа тістер түйіспейді. 13 тістің сауыты мен аралық бөлімнің арасындағы дәнекер қызыл иек емізікшесіне тиіп тұр, протезге түзетулер жасаған соң дәрігер висфат-цементпен тіске бекітті. Қандай түзету жүргізу қажет болды?
А) қызыл иек емізікшесін дәнекерден босатып және көпірлі протезді тереңірек енгізу В) қызыл иек емізікшесін көпірлі протездің аралық бөлімінен босату
С) дәнекерді қызыл иек емізікшесінен босатып және фасетканың түйісу аймағын алу
D) фасетка мен дәнекерді қызыл иек емізікшесінен ашып, тірек тістерді қосымша егеу
Е) бұл жағдайда көпірлі протезге түзету жасалмайды, қайтадан жасау қажет.
(Дұрыс жауабы) =С
{Күрделілігі} = 3
$$$005
Көпірлі протезді ауызға өлшеп тексеру кезінде тірегі 13,16 тістер болатын көпірлі протез тістерге киілмейді. Себебі? Сіздің іс-әрекетіңіз?
А) тірек тістердің параллельдігі жоқ, тістерді қосымша егеу қажет
В) көпірлі протездің көлемі өзгерген, қайтадан жасау қажет
С) дәнекерлеу кезінде сауыттардың пішіні өзгерген, сауыттарды қайта жасау керек
D) тірек тістердің параллельдігі жоқ, қайта жасау қажет
Е) тірек сауыттар дұрыс қалыптастырылмаған, қайтадан жасау қажет
(Дұрыс жауабы) =А
{Күрделілігі} = 2
$$$006
Тістер жартылай жоғалғанда қызметтік жағынан тіс қатарлары негізгі екі топқа бөлінеді:
A) ақау жағына ығысқан немесе шалқайған
B) көрші тістердің болуы немесе болмауы,
C) функциональдық жүктеме жағдайында немесе салыстырмалы жағдайда,
антагонистері жоқ (функциональдық топ) немесе олар жойылғанда (функциональдық емес топ).
D) функциональдық жүктеме жағдайында немесе қалыпты жағдайда,
антагонистері бар (функциональдық топ) немесе олар жойылғанда (функциональдық емес топ).
E) аттас тістердің болуы немесе болмауы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   757   758   759   760   761   762   763   764   ...   922




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет