Жасы 17-дегі жігіт дәрігер стоматологқа жалпылай әлсіздікке, дене қызуының 38ºC дейін көтерілуіне, аузының ішінің қатты ауырып, сөйлеудің, ас қабылдауының қиындағанына шағымданып келді. Қарап тексергенде: қатты қызарып домбыққан ұрттың, тілдің кілегейлі қабығында әртүрлі көлемді ұсақ домалақ, сопақ пішінді және белгілі-бір пішінсіз беттері ақшыл- сұр қақпен жабылған эрозиялар анықталды. Қызылиек көптеген тістер аймағында қызара -домбыққан және тиіп кетсе қатты қанайды. Төменде келтірілген алғашқы диагноздардың қайсысы сипатталған клиникалық көрініске неғұрлым сай келеді:
Аусыл
Белдеме теміреткі
Көптүрлі жалқықты қызарма
+Ауыз- қызылиектің жедел герпестік қабынуы
Ауыздың өліеттене-жараланып қабынуы
***
Достарыңызбен бөлісу: |