Үшбұрышты
Цилиндр тәрізді
Сопақпішінді
+Үшкірпішінді
Тікбұрышты
***
Жасөспірім 13 жаста, аузын кең ашқанда буынында сықырдың пайда болуына шағымы бар. Сыртынан қарағанда бетінде ассиметрия байқалады.
Бетінің асиметриясының себебін анықтау үшін төмендегі клиникалық сынамалардың қайсысын жүргізген ең лайықты?
Эшлер-Битнер
Френкель
Каламкаров
Хорошилкина
+Ильина-Маркосян
***
Жасөспірім 15 жаста, алдыңғы тістерінің саңылаудың болуына шағымданады. Сырт қарағанда еріндері күшпен түйіседі, иегінде – оймақ симптомы. Ауыз қуысында: алдыңғы тістерінің арасында 3 мм вертикальді саңылау бар.
Аталған емдеу әдістерін бірінші жүргізу лайықты:
Күрек тістік жабылуды қалыптастыру
Тістер қатарларының пішінін қалыптастыру
+Тілдің орналасуын қалыптастыру
Жоғарғы жақты кейту
Молярларды дистализациялау
***
Жасуша ішілік ісіну, цитоплазмада жасушаны бұзатын құрылымдардың пайда болуы төменде көрсетілген патологиялық үрдістердің қайсысына НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?
Акантоз
Акантолиз
Спонгиоз
+Вакуольды дистрофия
Баллонды дегенерация
***
Жасы 28- тегі әйел қызыл иегінің өсіп кеткеніне, тісін тазалағанда және ас қабылдағанда қанайтынына шағымданады. Жүктілігіне 20 апта болған. Ішкі ағзалар аурулары жоқ. Қарап тексергенде қызыл иек бүртіктері цианозбен гиперемияланған, қалыңдаған, көлемі үлкейген, тістер сауытының 3/1 бөлігіне дейін өскен, беттері жылтыр. Көп мөлшерді тіс шөгінділер бар.
Осы сипаттамаға төменде көрсетілген алғашқы диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?
+Қызыл иектің өсе қабынуы, ісінген түрі
Қызыл иектің жедел катаралды қабынуы
Қызыл иектің созылмалы катаралды қабынуының өршуі
Қызыл иектің созылмалы катаралды қабынуы
Қызыл иектің өсе қабынуы, фиброзды түрі
***