Тіркеті конспекті
Тақырыбы: Созылмалы бронхит
Созылмалы бронхит – бронх түтікшелерінің үдемелі бейспецификалық қабынуы және мезгіл бойынша қайталануы.
Созылмалы бронхитпен ер кісілер 2 есе жиі ауырады 17-18 % , әйелдерде 8 % кездеседі.
Созылмалы бронхит өкпенің соқылмалы обструкциялық ауруларының (ӨСОА) негізі бөлігін құрайды.
Этиология:
І. Экзогенді факторлар:
а.темекі шегу (2 жылдан көп)
б. ауа-райының күрт өзгеруі, ластануы
в. кәсіптік шаң-тозаңдар (токсикалық шаңдармен дем алу).
г. инфекция (вирустар, микоплазмалар, гемофильді таяқшалар т.б)
д.эндобронхиальді интубация бронхоскопия жүргізу.
ІІ. Эндогенді факторлар:
а. жедел респираторлық аурулар
б. жоғарғы тыныс жолдарының созылмалы аурулары, туабіткен кемістіктері
в. зат алмасу бұзылыстары
Классификация:
І. Этиологиясына байланысты:
бактериялық, вирусты, микоплазмалық, химиялық, физикалық т.б
ІІ. Клиникалық белгілеріне байланысты:
Катарльді, ірінді, катаральді- іріңді, фибринді, геморрагиялық.
ІІІ. Функциональді қызметінің өзгерістеріне байланысты:
а. Обструкциялық
б. Обструкциялық емес.
ІІ. Дерттің өту бағытына байланысты:
а. өршу кезеңі
б. ремиссия
Достарыңызбен бөлісу: |