24«Жаралы гингивит» диагнозына тән рентгенологиялық зерттеу қорытындысы



бет109/922
Дата22.04.2022
өлшемі1,24 Mb.
#140525
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   922
Байланысты:
24«Жаралы гингивит» диагнозына т н рентгенологиялы зерттеу оры

7 жасар науқас 7. 4-ші тісте қуыс болуына, тамақ ішкенде, әсіресе суыққа қысқа мерзімді ауру сезімі мазалауына шағымданады. Қарап тексергенде: 7. 4 тістің дистальді жанасу бетінде терең, жұмсарған және пигменттелген дентинге толы тісжегі қуысы анықталады. Тістің вестибулярлы қабырғасы жартылай сынған, түсі қарайған. Шұқып тексергенде қуыс табаны ауырсынады. Суыққа ауырады бірақ тез басылады. Тақылдатып тексергенде ауырмайды. Ең дұрыс болатын нақтамасы...


+терең тісжегі
орта тісжегі
созылмалы периодонтит
созылмалы пульпит
созылмалы пульпиттің асқынуы
***
7 жастағы бала, ойын кезінде 1.1 тістің жарақатын алды. Объективті: 1.1 тістің сауыты мойын аймағына дейін жоқ. Аталған тістің маңындағы шырышты қабық біраз қызарған, ісінген. Рентген суреттемеде 1.1 тіс түбірі, қалыптасу сатысында, өзгеріс жоқ. Емдеу жоспары: 1.1 тіске Ильина – Маркосян бойынша штифті тіс жасау. Протез конструкциясы дұрыс тағайындалды ма:
Дұрыс-эстетика жағынан, бала протезге тез үйренеді
Дұрыс- өйткені рентген суретте 1.1 тіс даму сатысында
Дұрыс- рентген суретте 1.1 тіс аймағанда ешқандай өзгеріс жоқ
+Дұрыс емес- рентген суретте 1.1 тіс түбірі әлі жетілмеген
Дұрыс емес-1.1 тіс маңайында шырышты қабық біраз қызарған
***
7 жастағы бала Анамнез алу барысында 85 және 75 тістердің периодонтиттің қабынуына байланысты жұлынғаны анықталған. Ортопантомограммада 45 және 35 тістер көрінбейді.
Төмендегі тістем түрлерінен қайсысының қалыптасуы мүмкін:
Ортогнатикалық
+Терең
Ашық
Айқасқан
Мезиальды
***


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   922




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет