Бала 8 жаста, кеше тісін жарақаттаған. Қарау кезінде: 2.1 тіс сауытының ¼ бөлігі қиғаштана сынып, ұлпасы ашылған, зондпен қарағанда ауырады, перкуссия ауырмайды, кілегей қабаты ашық қызғылт түсті рентгенде: тіс түбірі сынбаған. Емдеу әдісін таңдаңыз:
девитальды пульпотомия
+витальды пульпотомия
девитальды пульпоэктомия
витальды пульпоэктомия
биологиялық әдіс
***
Бала 8 жаста. Анамнезінен: 65 тістің ауырғанына 2 тәулік болды. Объективті: жоғарғы сол жақ аймағында жұмсақ тіндердің ісінуі есебінен беті асимметриялы. Пальпациясы ауырсынады. Ауыз ашылуы ауырсынады. 65 тістің сауыты 1/2 бұзылған, перкуссия ауырсынады. Тістің айналасындағы кілегей қызарған, ісінген, пальпациясы ауырсынады. 65 тісті жұлу үшін құралды таңдаңыз:
Тіке қысқаш
Тіке элеватор
Құстұмсық қосылатын қысқаш
Құстұмсық қосылмайтын қысқаш
+S-тәрізді иілген қысқаш
***
Бала 8 жаста. Қос иек, құс бет. Жоғарғы фронтальды тістердің протрузиясы, уақытша бүйір тістердің төмпешіктері қажалған, молярлар 2 класс бойынша жымдасады. Готикалық таңдай. Тісжақ жүйесінің рентгенологиялық жағдайы қалыпты. Алғашқы диагнозды болжаңыз:
Айқасқан тістесу
Мезиальды тістесу
+Дистальды тістесу
Ашық тістесу
Терең тістесу
***
Бала 8 жаста. Құлақ маңы ісінген. Анамнез: құлақ маңы бірінші бір жағы ісінген, ал 4 күннен кейін екінші жағы ісінген. Қарау кезінде құлақ маңы сілекей бездері ұлғайуы анықталады. Бездер тығыз эластикалық консистенциялы, ауырсынады. Өзектен бұлдыр сілекей бөлінеді. Емдеу жоспары:
іріңдікті ашу, антибактериальді ем
сілекей жолын кеңейтіп, жуу, антибактериальді,қабынуға қарсы ем
безді алып тастау
+инфекциялық аурухана жағдайында емдеу
антибактериальді,қабынуға қарсы ем, физиоемдеу
***
Достарыңызбен бөлісу: |