25-қазан Республика күніне орай өткізілетін «Елім деп соғар жүрегім » тақырыбындағы әдеби-танымдық кештің сценарийі



бет1/3
Дата06.11.2023
өлшемі20,06 Kb.
#189943
түріСценарий
  1   2   3
Байланысты:
25 қазан сценарий


25-қазан Республика күніне орай өткізілетін «Елім деп соғар жүрегім...» тақырыбындағы әдеби-танымдық кештің сценарийі


Әдеби-танымдық кештің мақсаты: оқушыларды Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай-қуатты ел екендігін мақтан етуге үйрету, өзі тұрып жатқан елі мен жері жайлы танымын дамыту, кеңейту
Сахна сыртында Мұратбек Бексұлтан «Адай» күйін орындайды.


1-жүргізуші: Сіздердің тыңдағандарыңыз Құрманғазының күйі «Адай». Орындаған 5 «а» сынып оқушысы Мұратбек Бексұлтан.
Ассалаумағаликум, халқым менің,
Жайнаған жүрегімде жарқыл ма едің.
Тірлігің өз халқыңа жаңа тиді,
Ендігі елдігіңмен тартынба елім.


2-жүргізуші:
Ұшырмай көкіректен жыр кепт ерін,
Өлеңсіз аша алам ба сыр беттерін?
Армысың жиналған топ үлкен, кіші,
Армысың, айналайын халқым, менің.


1-жүргізуші: Біздің бір ғана отанымыз бар, ол – Тәуелсіз Қазақстан.
1990 жылы 25 қазанда Республикалық жоғары кеңесі еліміздің тәуелсіз мемлекет ретінде дамуының құқықтық негізін қалаған Декларацияны қабылдады. Осы тарихи қадам арқылы Қазақстан дербестіктің, тәуелсіздіктің алғашқы баспалдағын басты.


2-жүргізуші: 25-қазан Республика күніне арналған әдеби-танымдық мерекелік кешімізді бастаймыз.
Сахна шымылдығы ашылады. Сахнада «Еркемай» домбырашылары (орындарынан тұрады, әнұранды орындарында тұрып айтады)
1-жүргізуші: Еліміздің рухын асқақтататын әнұранымызды тік тұрып шырқалық! (Әнұран айтылады)


2-жүргізуші:
Келтір сазын, құлақ күйін сан бұра,
Тәуелсіздік баста күймен жолды да.
Екінші бір Ана тілім сөйлесін,
Бүгінгі күн сөйле, енді, Домбыра!
Ортада «Еркемай» домбырашылар ансамблінің кіші тобы, «Мазақтама» әнімен
Сахнаға алғаш шығып өз өнерлерін көрсеткен бүлдіршіндерге өнер биігінен көрініңдер демекпіз. Ортаға жылы лебіздерін ала келген ауыл әкімі Қайрат Мұратбекұлын, мектеп директоры Қалдеш Манатұлын шақырамыз.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет