25. ҚАЗАҚСТАН СУРЕТШІЛЕРІНІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНА ТАЛДАУ ЖАСАУ
Қаралатын мәселелер: 1. Бейнелеу өнерінің сыны 2. Өнертанушылардың өнертану еңбектеріндегі Қазақстан суретшілерінің шығармашылығына талдау жасау. Бейнелеу өнерінің сыны заманның көркем құбылыстары; қазіргі бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары, қазіргі өнердегі бағыттар, өнер шеберлерінің шығармашылығы, жеке көркем шығармаларды талдау және бағалау мәселелерін зерттеу мен сипатталады. Бейнелеу өнерінің сынының бір бағыты. Графика, кескіндеме, мүсін, сәндік қолданбалы өнердегі көпшілік суретшілер шығармашылығында бейнеленген өнердегі құбылыстарды талдау бағытын көздейді. Қазақстан егемендік алғаннан кейін , бейнелеу өнерінде өзгерістер бола бастады. Солардың қатарынан ұлттық салт-дәстүрлерді бейнелеуге, бұрынғыға қарағанда баса көңіл бөлінуді тануға болады. өнер шеберлерінің шығармаларында көне сәулет өнері үлгілері, алтын адам, жібек жолы, бәйтерек, көне салт дәстүрлер, қазақ елінің ел тұтқалары, қоғам қайраткерлері, батырлар, хандар мен билерді көркем өнер мазмұнына айнала бастады. Бейнелеу өнері сынының келесі бір тармағы қазіргі өнердегі даму үстіндегі жаңа бағыттар болып табылады. Бейнелеу өнерінің қазіргі даму бағыттары гөбелен, кескіндеме, монументалдық мүсін, киім дизайны саласында ерекше байқалады. Монументалдық мүсін саласында Қабанбай, Райымбек, Қапал батырлардың көлемді мүсіндері ұлтымыздың рухани көнерген дара тұлғаларды бейнелеуімен ерекше назар аударады. Сәндік қолданбалы өнер саласында салық ретінде, жасалған ұлттық тұрмыстық бұйымдар жасау қарқынды даму үстінде. Өнер шеберлерінің шығармашылығын зерттеу бейнелеу өнері сынының бір сапасы болып табылады. Қазақ бейнелеу өнері шеберлерінің шығармаларын зерттеу 20 ғасырдың 60 жылдарында қарқынды қолға алына бастады. Бұл кезеңде қазақ елінң алғашқы
204 буын суретшілері Ә.Қастеев, Ә.Исмайлов, Қ.Ходжинов, Н.Сәрсенбаев шығармашылығы зерттелді. Бұл уақыттағы өнер шеберлерінің өмірі мен шығармашылығын зерттеуге Мәскеу мен Санкт-Петербург қаласындағы жоғары оқу орындарынан өнертану мамандығын бітіріп келген өнертанушылар Н.Нурмұханбетов, Г.Сарыкулова, Н.Рыбакова, А.Ғабитова, А.Вандаровская сынды өнертанушылар ерекше үлес қосты. Бұл өнертанушылар қазақ бейнелеу өнері сынын алғашқы бастаушылар ретінде таннылды. өткен ғасырдың 70-80 жылдары осы зерттеушілердің еңбегі нәтижесінде аға буын суретшілер Ә.Қастеев, Қ.Телжанов, М.Кенбаев, Х.Наурызбаев, А.Ғалымбаева, Г.Исмайлова, С.Романов, Е.Сидоркин, К.Баранов шығармашылығы тұралы өнертанымдық зерттелу жүргізіліп, нәтижесінде монографиялар жазылып, альбомдар жарыққа шығарылды. Жеке көркем шығармаларды талдау-бейнелеу өнері сынының бір саласы болып табылады. Қазақ бейнелеу өнеріндегі белгілі жеке көркем шығармалар туралы сыни пікірлер айтылып, олар тұралы тиісті бағалар берілді. Бұл шығармалар қатарынан суретші Ә.Қастеевтің «Туркісиб», Қ.Телжаногвтың «Ата баба жерінде», М.Кенбаевтың «Асауды ұстау»,. С.Мәмбеевтың «Жайлауда» картиналарын, график суретші Е.Сидоркиннің «Абай жолы», «Сәкенді оқығанда», К.Барановтың «Қазақ эпосына» жасаған иллюстрацияларын, мүсінші Х.Наурызбаевтың «Абай ескерткішін», қолөнер шебері Қ.Тынышбаевтың «дала балладасы» гобеленін, белгілі шебер Д.Шоқпаровтың «Зергерлік бұйымдары» ерекше орын алады. Қазақ бейнелеу өнерінде суретшілер Е.Төлепбаевтың «Көкпар», С.Айтпаевтың «Бақыт»картиналары халықшылдық сипатымен , өнерді бұл кезге дейінгі болмаған ұлттық образ жасаудың жаңашылдығымен 60-80 жылдар арасында өзінің әділ бағасын алған шығармалар болды. Бұл суретшілер блейнелеу өнерінде өзіндік дара қолтаңбасы бар суретші ретінде бағаланды. Халықтың назарына ұсынылған нақты көркем образдарын жасаудың өзіндік ерекшелігі бар суреттер ретінде бағаланды. Халықтың назарына ұсынылған нақты көркем образдарын жасаудың өзіндік ерекшелігі бар суретші ретінде танылды. Қазақ бейнелеу өнерін жаңа көркемдік сатыға көтерген шығармалар ретінде бағаланды.
205 Қазақ бейнелеу өнерінің алғашқы суретшілері қазақ елі мен жерінің ұлттық салт- дәстүрлерін, туған табиғатының көріністерін беру дәстүрін бастап үлкен жеңістерге жетті. Бұл дәстүр жалғастығына келесі буын өкілдері келіп қысылып , олар да осы жолды жалғады. Олар өзіндік қолтаңбаларымен де келді. Бірақ бдейнелеу өнеріндегі реализм әдісі жалғаса түсіп өмір шындығын сол қалпында, ауқымды мұра тұтпай , белгілі дәстүрге айналған көріністер шеңберінде бейнелеу мен шектелді.көбінесе жайлау , аттылы адам, киіз үй жанында, т.б. тақырып шеңберін қайталау басып түсіп жатты. Жаңашылдыққа бетбұрыс жасау , талпыныс көрсету ізденістері болғанымен осы кезде өнердің дамуына социолистік реализм тарапынан туындаған шарттылық пен саяси басшылық ықпалдарының әсері бейнелеу өнеріндегі қайталана беретін таптаурын алып келді . мұның нәтижесінде «Шопандар», «Колхоз тойы», «Тракторшы», «Совхоздың шеберханасы», т.б. шығармалар көбейді. Бұл шығармаларда комунистік қоғамды уағыздау ескі мен жаңаның көрінісі тұрғысынан көрсету басым болды. Т. Тоғысбаевтың «Дала балладасы» шығармасы осы кезеңдегі уақытша қалыптасқан өнер дамуындағы тұну мен туйықталуды бұзып, өзіндік ұлттық сипатымен бет пердесін көрсеткен шығарма ретінде танылады. Шығармадағы суреттеліп отырған өмір құбылысы тұралы автор ойының айқындылығымен сипатталады. Суретші өз картинасы арқылы өмір құбылысына баға береді. «Дала балладасы» атты картинада суреткер қазақ еліндегі болған тарихи оқиғаларды , дәуір кезеңдерін , халықтың еңбектегі , ел қорғаудағы ерліктерімен бірлікте қарастырады. әрбір кезеңді ел тарих ретінде бағалайды. өткен ғасырдың алпысыншы жылдарында жазылған бұл картина қазақ бейнелеу өнері дамуындағы өзіндік ерекшелігі бар, жаңаша көркемдік композициялық құрылымымен, өзіндік жазу стилімен , көркем образ жасауда жаңашылдық танытқан алғашқы еңбектің бірі ретінде қабылданды. Өнертанушының іс-әрекеттерінің бірі туындыны жасаудың көркемдік әдісіне талдау жасауы болып табылады. Өнертанушы белгілі бір дәуір суретшілерінің немесе қолөнер шеберлерінің туындыларында қолданылатын, өмір шындығын суреттеу ерекшеліктерін белгілейтін негізгі принцип болып табылады. Көркем суреттің барлық салаларында тақырып таңдау, белгілі көркемдік бейнелеу мүмкіндіктерін қолдану, өмір шындығын
206 бейнелеу ерекшеліктерін ашып көрсетумен сиптталады. Көркемдік әдістер қатарына романтизм, реализм, импроссионизм, сурализм, кубизм, абстракционизм т.б. түрлері жатады. Өнертанушының міндеті – суретші немесе қолөнер шебері белгілі бейнелеу өнері туындысын немесе қолөнер бұйымының осы көркемдік әдістеріне қатысты жақтарын ашып көрсету. Өнертанушының міндетінің бірі-суретшінің өз шығармасындағы алып отырған көркемдік мұратын ашып көрсету болыптабылады. Суретшінің шығармадағы алған көркемдік мұраты-автордың картинада суреттеліп отырған өмір құбылысы туралы ойны білдіреді. Өмір құбылысы туралы ойы суретшінің өмір құбылысына берген бағасымен анықталады. Шығармадағы тақырып мазмұны мен мұрат бірлігі бейнеленген образ арқылы суретшінің құбылыс туралы берген бағасын анықтауға жәрдемдесіп отырады. Өнертанушының міндетінің бірі-өнер туындысының мазмұны мен түр байланысын ашып көрсетумен анықталады. Өнер туындысының мазмұны ретінде шығармадағы көріністер жүйесі қабылданады. Шығарма мазмұнын ашуда форманың елеулі маңызы болады. Форма арқылы шығарма мазмұнын толықтыратын мүмкіндік ретінде танылады. Өнертанушының шығарма талдаудағы маңызды іс-әрекетінің бірі суретшінің өмір шындығын көркем образдарға жинақауын анықтау болып табылады. Суретші өз шығармасында табиғат, жан-жануарлар, адамдардың қарым-қатынасын көрсетуде көркемдік тәсілдерді қолдану арқылы, яғни бояу түстері, композиция, жарық пен көлеңке мүмкіндіктерімен әсерлеу, көркемдеу, көзге тартымды етіп, қабылдауға жеңіл де әсерлі бере білуге ұмтылады. Өнертанушының зерттеу нысанасының бастысы көркемдік мұрат құрылымына талдау жасап, суретшінің көрерменге нені жеткізуге ұмтылысын айқын даумен және суретшінің дүиетанымын ашып көрсетумен сипатталады.39 Қазақ бейнелеу өнерінің сыны туралы талдаулар нәтижелері мынаны көрсетеді: әрбір қоғамдық даму кезеңімен байланысты заманның көркем құбылыстарын өнердегі бейнелеуін зерттеумен ерекшеленеді; қазақ бейнелеу өнерінің сыны бейнелеу өнерінің 39 Полевой В.М. Двадцатый век: Изобразительное искусство и архитектура стран и народов мира. М. Советский художник. 1989.
207 түрлері мен жанрларын айқындап олардың көркемдік деңгейін бағалаумен сипатталады; еліміздің ұлттық бейнелеу өнеріндегі жаңа бағыттарға талдау жасалып оларға кезінде баға беріп отырады; қазақ бейнелеу өнерінің өмірлері мен шығармашылықтары өз кезеңінде зерттеліп, бағаланады; өзінің жеке дара жаңашылдық сипатымен танылған шығармалардың көркемдік ерекшеліктері талданып, бағаланып және насихатталып отырады; еліміздің көркемдік өмірінде пайда болған жаңашылдық сипаттағы көркем туынды, ел тарихындағы басқа шығармалармен, шет ел суретшілерінің шығармаларымен салыстырылып оларды барлық сипаты немесе ұқсастықтары көрсетіле отырып бағаланады. Тапсырмалар Қазақстан авангардистердің кескіндемелік шығармаларына семиотикалық әдіспен талдау жасау. Бақылау сұрақтары: 1. Бейнелеу өнерінің сыны 2. Өнертанушылардың өнертану еңбектеріндегі Қазақстан суретшілерінің шығармашылығына талдау жасау. Бақылау формасы: ауызша бақылау Практикалық тапсырмалар орындау кезінде студенттер төменде көрсетілген мәселелерді меңгеру керек: Шыгармаларды талдауда перспектива, пластикалық анатомия және түс тану заңдылықтарын қолдану керек Студенттердің өзіндік жұмыстарына арналған тапсырмалар 1. Кезендік баспа беттеріндегі өнер жайлы материалдарға шолу және журнал, мақалаларға аннотациялық библиография құру. 2. Қазақстан суретшілерінің шығармаларына сындық талдау жасау. Студенттердің практикалық сабақтарды орындауға әдістемелік нұсқау 1. Жаңа сабақ мазмұнымен танысу 2. Қаралатын мәселелерімен танысу 3. Сұрақтарға жауап жазу
208 ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 1. Ягодовская А. «О пейзаже» М.1963г. изд. «Советский художник» 2. Ягодовская А. «О натюрморте» М.1964г. изд. «Советский художник» 3. Мочалов Л.В. «Художник, картина, зритель. Беседы о живописи» Л.1963 «Художник РСФСР» 4. Тяжелов В. «Малая история искусств». М,1972г. Изд. «Искусство» 5. Ракитин В.И. «Искусство видеть» М.1973г. изд «Искусство» 6. Алпатов М.В. «Всеобщая история искусства» М.1962-1970гг. том 1-6 изд «Искусство» 7. Под ред. М.М.Аленова, О.С.Евангулова «История Искусств. Русское и Советское искусство» М.1989 изд. «Искусство» 8. Островский М.А. «Художественный справочник сто памятных дат» М.1973г. 9. Макарова М.Н. Перспектива. М., «Просвещение», 1989. 10. Сарабьянов Д.В., Стернин Г.Ю. «Портрет в русской живописи ХVІІ - первой половины ХІХв.» М, 1986г. Изд. «Искусство» 11. Гончаров А.Д. «Об искусстве графики» М.1960г. изд. «Молодая гвардия» 12. Розенвассер Б. «Беседы об искусстве» М.1979г. изд «Искусство» 13. Цырлин И. «Виды изобразительного искусства» М.1964г. изд. «Молодая гвардия» 14. Әулие ата – Қарахан. Айша бибі. Тектұрмас – Алматы. Білім, 2004.- 17 б. 15. Долгополов И. «Рассказы о художниках» М.1965г. 16. История искусств стран Западной Европы от Возрождения до начала XX вв. Искусство раннего Возрождения. Италия. Нидерланды. Германия. М. Искусство, 1980. 17. Дмитриева Н.Л., Виноградова Н.А. Искусство Древнего мира. М, Детская литература, 1986. 18. Прохоров А.М. «Советский энциклопедический словарь» М.1987г.
209 19. Кириченко Е.И. «Русская архитектура 1830-1910гг» М,1978г. Изд. «Искусство». 20. Маргулан А. «Казахское народное прикладное искусство» 1,2,3 тома. Алматы, «Өнер» 1994 21. История зарубежного искусства. Учебник /Под. Ред. М.Т.Кузьминой, Н.Л. Мальцевой.-М.; Изобразительное искусство, І983-488с. Эберт Ганс. 22. Костин В.И. «Язык изобразительного искусства» М.1965г. изд. «Знание» 23. Архитектоника // Энциклопедический словарь Брокгауза и Ефрона: В 86 томах (82 т. и 4 доп.). — СПб., 1890—1907. 24. Арсеньева А.М. «Советская живопись 1917-1973гг» 25. Ералин Қ. Бейсенбеков Ж., Матеева М. «Бейнелеу өнерінің қысқаша тарихы» Оқу құралы. Түркістан: Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ, 2009ж 26. Мизанбаев Р. Живопись: оқулық / Р. Мизанбаев. - Алматы : Рrіnt-8, 2005. - 162 с 27. Ниязов Н. Кескіндеменің қайнар бұлағы // Ақиқат.-2007.- № 10 28. Байсеитова А. Кескіндеме өмірдің нақ өзі // Бейнелеу өнері және сызу. - 2007. - № 6 29. Недошивин Г.А. «Беседы о живописи» М.1964г. изд. «Молодая гвардия» 30. Ревальд Дж. История импрессионизма. М. 1989. 31. Маймин Е.А. «Искусство мыслить образами» М.1977г. изд «Искусство» 32. Искусство, 1981. Искусство. В 3-х частях.-Ч.2:Искусство Западной Европы 17-20 веков/Сост. М В. Алпатов, Н.Н. Ростовцев.- М.; Просвещение, 1988-286с. 33. Сарабьянов В.Д. «Русская и советская живопись» М.1971г. изд «Искусство» 34. Электронный ресурс/artcyclopedia.com 35. Разобреева И.В. «Б.Кустодиев» М.1971г. 36. Эфрос Абрам — статья из Электронной еврейско
Достарыңызбен бөлісу: |