«Абай жолы – мәңгілік мұра» атты қалалық эссе байқауының ережесі жалпы ережелер «Абай жолы – мәңгілік мұра»



Дата07.02.2022
өлшемі19,49 Kb.
#96937
Байланысты:
Эссе байқау ереже


«Абай жолы – мәңгілік мұра» атты қалалық эссе байқауының
ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ережелер

    1. «Абай жолы – мәңгілік мұра» қалалық эссе байқауы (бұдан әрі – Байқау) білім беру ұйымдарының қазақ тілі әдебиеті ұстаздары мен әдіскерлері арасында Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай өткізіледі. 

    2. Байқаудың мақсаты:

  • Мұхтар Әуезовтің тарихи романдар топтамасы – қазақтың бірінші эпопеясы «Абай жолын» насихаттау;

  • «Абай жолы» эпопеясын оқуға, эпопеяның бай сөздік қорын, қазақ тілінің көркемдік ерекшелігін танып білуге ынталандыру;

  • Ұстаздардың шығармашылығын дамыту, өзін көрсетуге мүмкіндік беру.

    1. Байқау мемлекеттік тілде өтеді.

    2. Байқауға білім беру ұйымдарының (балабақша, мектеп, колледж) қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің ұстаздары, әдіскерлер қатыса алады.

2. Байқауды ұйымдастыру тәртібі
2.1. «Тілдер орталығы» КММ байқаудың ұйымдастырушысы болып табылады.
2.2. Эссе жұмыстары 21.09.2020-29.09.2020 аралығында tilder_ortalygy@mail.ru электронды поштасына қабылданады.
3. Эссе жазу үшін қойылатын талаптар:

4. Байқау қатысушыларын бағалау 
4.1. Байқау қатысушыларының жұмысын бағалау және жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтау үшін қазылар алқасы құрылады. Қазылар алқасының құрамын ұйымдастырушылар анықтайды. Қазылар алқасының құрамы тіл мен әдебиет, педагогика салаларының мамандары, зиялы қауым өкілдерінен тұрады.
4.2. Қазылар алқасы шешім шығару барысында келесі критерийлерді басшылыққа алады:
4.3.Эссе мазмұнына сәйкес келетін толық, жүйелі жоспар құрылған;
4.4. Эссенің мақсаты, пайдаланылған деректер мен дәйектердің қозғалған мәселеге байланысты болуын;
4.6.Түрлі көзқарас, пікірлерді келтіре отырып, оларды өз бетінше бағалай алады, қорытынды жасай алады.
5. Байқау қорытындысы
5.1.Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы дипломдармен, алғысхаттармен және арнайы сыйлықтармен марапатталады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет