25 Өтпелі тақырып: «Салттар мен фолькрол» Апталық тақырып: «Қазақстан халқының салттары мен дәстүрлері» Ересек топ


Қостілідлік компонент (сөздік жұмыс)



бет14/33
Дата30.01.2022
өлшемі173,48 Kb.
#116113
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   33
Байланысты:
март тех карта

Қостілідлік компонент (сөздік жұмыс): Түлкі-лиса

С/ж:қу,айлакер



Іс әрекет кезеңі

Ересек топ Екінші кіші топ

Кіріспе бөлім

Шаттық шеңбері:

Қайырлы таң,көгім менің!

Қайырлы таң,күнім менің!

Қайырлы таң,бақшам менің!

Қайырлы таң,досым менің!


Негізгі бөлім

Ойын жағдаят:

-Балалар,мен сендерге ертегі айтып берейін.

Орманда бір сәнқой түлкі болыпты. Ол сәнденіп жүргенді жақсы көреді екен. Оның сыландаған әдемі түріне,сәнді көйлектеріне аңдарпдың бәрі қызыға қарайды екен. Ол көйлекті жақсы тігетін болыпты. Басқа аңдар да көйлек тігіп беруін сұрайды. Бірақ ол өзім ғана әдемі болып жүрсем деп ойлап,оларға көйлек тігіп бергісі келмейді. Жануарлардың бәрі одан теріс айналыпты. Содан сәнқой түлкі жалғыз қалыпты. Мен сол түлкіден хат алдым. Хатта: «мен барлық жануарларды ренжітіп алған сияқтымын. Мен жануарлармен қайта достасқым келеді. Маған олармен достасуым үшін не істеуім керек?» деп сұрайды.

Мен оған не деп жауап берсем екен?

Үлестірмелі материалға назар аударады.сурет бойынша әңгіме жүргізеді.

-Сәнқой түлкінің көйлегі қандай түсті?

-Айналада нелер тұр?

-Біз осы сәнқой түлкіні мүсіндеуіміз керек.

Сөздік жұмыс: сәнқой
Сергіту сәті:

-Түлкі,түлкі,түлкішек,

Түнде қайда барасың?

-Апам үйіне барамын.

-Апаң үйі не берер?

-Ешкі сауып,сүт берер,

Лақ сойып,ет берер.

-Оны қайда қоясың?

-Тал түбіне қоямын.

-Ит жеп кетсе қайтесің?

-Бақан ала қуамын.

-Жеткізбесе қайтесің?

-Жылай-жылай қаламын.

Педагог балалардың назарын түлкіні мүсіндеу ретіне аударады,сурет арқылы және мүсіндеп көрсете отырып түсіндіреді.

Берілген суретке қарап бірінші түлкінің денесін қызылсары түсті ермексазды жағу арқылы мүсіндеп аламыз. Құлағы, қолы және құйрығындағы ақ түсті жерлерін жасайтыз. Одан кейін көйлегін жағу арқылы әсемдейміз. Дөнгелектеу арқылы моншақ жасасаңыздар болады. Көзімен мұрынын қара түсті ермексазбен белгілейміз.

Балалармен жеке жұмыс жүргізеді.




Қорытынды

Балалар,түлкі өзін сәндеуге көмектескені үшін сендерге алғысын білдіріп жатыр. Ол жанындағыларға көмектесіп жүру керек екенін түсініп,қателігін мойындап отыр, енді басқа аңдармен дос болып жүруге уәде берді.

+

Есеп

-







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет