25 Өтпелі тақырып: «Салттар мен фолькрол» Апталық тақырып: «Қазақстан халқының салттары мен дәстүрлері» Ересек топ



бет12/33
Дата30.01.2022
өлшемі173,48 Kb.
#116113
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   33
Байланысты:
март тех карта

Іс әрекет кезеңі

Ересек топ Екінші кіші топ

Кіріспе бөлім

Тәрбиеші балалардың назарын үлкен жайлаудың суретіне аударады.

Жайлау өмірі жайында түсіндіріп, малдар жайлы, олардың төлдері туралы әңгімелейді.

Олардың қалай дыбыстайтынын, таудан ағып жатқан өзеннің шуылын үнтаспадан тыңдатады.

Қазақтың ою-өрнектері, олардың түрлері жайлы әңгімелеп, түсіндіреді.

Бүгін осындай ою-өрнектер элементтерінің бірі «ирексу» және «қой ізі» өрнектерін салып үйренетіндерін айтады.
Сөздік жұмыс жүргізеді.


Негізгі бөлім

Тәрбиеші балаларға кілемшенің дайын суреті салынған дәптерлер таратады. Белгілі бір түске боялған жолақшаға «қой ізі»мен «ирексу» өрнегін қалай салудың жолдарын түсіндіреді.

Алдын ала дайындалып езілген қоңыр түсті гуашь бояуына қатырмақағаздан жасалған сұлбаны (қой ізінің бейнесі) батырып, жолақшаның төрт бұрышына оның бейнесін түсіруді өзі жасап көрсетеді. Қылқаламның ұшымен жолақшаның ортасына «ирексу» өрнегін қалай сызу керектігін түсіндіреді. Бұдан кейін балалар тапсырманы орындауға кіріседі.



Сергіту сәті:

Ал, балалар, тұрайық,

Ою-өрнек сызайық.

«Түйетабан», «ботакөз»,

«Қой ізі» мен «қос мүйіз»,

«Бүршік» пен «гүл» әдемі,

Ою-өрнек әлемі.

Қылқаламды алайық,

Сәнді өрнек салайық.


Қорытынды

Дайын болған жұмыстарға талдау жасап, сәтті шыққан жұмыстар мадақталады.

+

Есеп

-













Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет