Ерте,ерте, ертеде атақты Жыл ақсақалдың Қыс, Күз дейтін екі ұлы, Көктем, Жаз дейтін екі қызы болыпты.Ұлдары мен қыздары есейгеннен кейін, Жыл ақсақал оларды алдына шақырыпты. — Ұлдарым мен қыздарым! Ақылдарың толысты, буындарың бекіді. Енді мен сендерге
үлкен сенім артып, зор міндет жүктегелі отырмын. Қалай көресіңдер? – деп, ол ұлдары мен қыздарына сынай қарапты. — Мен дайынмын!-дейді қызу қанды Қыс қатулы қабағымен сүзе қарап. — Мен де, – депті Көктем сұлу қасын керіп. — Мен де, – депті көңілшек Күз аузын бұртитып. — Мен де, – депті жадыраған Жаз. Жыл ақсақал оларға риза болады. — Ендеше, мен сендерге он екі Айды үш-үштен теңдей бөліп, енші бергім келіп отыр, – деп, Жыл ақсақал денесін тіктеп алады да,
— мына әр қағазға ай аттары жазылған. Әрқайсысың үш-үштен алатын болыңдар, – деп ораулы он екі қағазды шашып тастайды… Ұлдары мен қыздары шашылған қағаздарды таласып- тармасып алап жатады. — Сонымен сендер кезекпен үш ай жұмыс істейтін боласыңдар. Ал жолдарың болсын! Бірақ бір ескертерім сол, әрқашан халық үшін, адамдар үшін қызмет ететіндеріңді ұмытпаңдар, –
дейді де Жыл ақсақал кетуге ыңғайланады. Содан бері жылдың төрт мезгілі – көктем, жаз, күз, қыс адамдарға қалтқысыз қызмет етумен келеді.
ІІ топ
Табиғат құбылысының үнемі өзгеруі, оның төрт мезгілге бөлінуі адамзат
баласын сонау ерте заманнан толғандырған екен.
Жыл мезгілінің төрт маусымға бөлінуі туралы ел ішінде сақталған
Жыл ақсақал туралы аңыз бар. Жыл ақсақал бір жыл ішінде қолын төрт рет
сермейді екен . Әр сермеген сайын жеңінен үш құс ұшып шығады.
Әрбір құста төрт қанат, әрбір қанатта жеті қауырсыннан және әрбір
қауырсынның бір жағы ақ, екінші жағы қара болады екен.