Аудит және онын түрлері



Дата08.02.2022
өлшемі89,97 Kb.
#117723
Байланысты:
аудит(2)
аудит(2), Текст для 1 СОРа 3 четв 8 кл

Аудит және онын түрлері


ОРЫНДАҒАН: ТУЛЕУОВА АРУНА
Аудит – ол дербес, тәуелсіз аудит мамандарының кәсіпкер ретінде келісім-шарт бойынша тапсырушылардың шаруашылық-табыстылық есебін, Бухгалтерлік есептілік көрсеткіштерін тексеру арқылы анықтап, экономикалық талдау жасап, қажет болған жағдайда сараптау жүргізіп, аудиторлық қорытынды жасау және әртүрлі түсініктеме қызметін көрсету.
Аудиттің
маңызы тиісті жақтардың 
мүдделеріне қол жеткізуде болып табылады. Атап айтқанда:
  • экономикалық субъектілердің (фирмалар, акционерлік қоғамдар);
  • салық қызметі тұлғасындағы мемлекеттің;
  • қаржылық есептілік беруді әр түрлі пайдаланушылардың;
  • аудиторлардың меншік иесі мен мемлекеттін, мүдделерін қорғау, сонымен бірге есеп және қорытыңды есеп беруді қамтамасыз ету мақсатында.

Аудит барысында 
қолданылатын бірнеше
экономикалық талдау әдістері
1. Ақпаратты оқу әдісі. Бұл әдістің мақсаты қорлардың, мүліктің нақты мөлшерін анықтау, олардың тиімді пайдалану жолын және кәсіпорынның табыстылық деңгейін тексеру. Шаруашылық субъектілерінің қаржы ресурстарын қандай шаруашылыққа жұмсалғанын және ақпараттан тыс көрсеткіштер көрсетілген болса соның заңдылығын, экономикалық тиімділігін анықтап, талдау жасау. Ақпаратты оқу барысында, қосымша информацияларға, тіркеулерді көрсетілген мәліметтерге ерекше көңіл бөлінеді.
3.Ақпарат пен нақты көрсеткіштерді
салыстырмалы талдау әдісі. Қазіргі кезде шаруашылық субъектілері өздерінің шаруашылығына бизнес-жоспарын және табыстылық нәтижесінің көрсетуіне бағдарлама жасайды. Бұл бағдарлама кәсіпорынның басқарушылық есебінің негізін анықтайды.
2.Шаруашылық саласындағы салыстырмалы талдау әдісі. Шаруашылық 
саласындағы бірнеше кәсіпорындар ақпаратын салыстыру арқылы 
экономикалық талдау жасаған кезде олардың арасында бір-біріне экономикалық жағдайларының айырмашылықтары анықталады. Аудитор салыстырмалы көрсеткіштер арқылы әрбір жеке шаруашылық субъектілерін жетістіктері мен кемшіліктерін, қаржылық жағдайын талдап, өз қорытындысын жасайды.

Аудиттің түрлері


Ішкі
Кәсіпорынның немесе ұйымның қаржылық есебін және оның қызметкерлерінің сыни сараптамасын білдіреді. Бұл қызметкерлер ішкі аудиторлар деп аталады және оларды ұйым басшылығы тағайындайды. Жұмыс көлемін ұйым басшылығы, әсіресе тексеру комиссиясы анықтайды.
Ақпаратты пайдаланушыларға қатысты
Сыртқы
қаржылық есептілікке және кәсіпорынның немесе ұйымның жазбаларына тәуелсіз сыни сараптама.
Сыртқы және ішкі аудиттің ортақтығы — белгіленген стандарттар шеңберінде қызмет етеді, тексеру нәтижелері бойынша есептерді құрастырады және т.б. сонымен қатар ерекшеліктері де бар:
  • түрлі міндеттерді орындау;
  • сәйкес көрсеткіштер үшін есептерді құру;
  • көрсетілген қызмет көрсетулер көлеміндегі айырмашылық;
  • күнделікті шаруашылық-қаржылық операцияларға мүдделік дәрежесі;
  • есеп беруді құру нысандарындағы айырмашылық.

Заң талаптарына қатысты
Міндетті аудит – тізімі заңмен белгіленген кәсіпорындардың қаржылық қорытынды есебіне жыл сайын аудиторлық тексеру жүргізу.
Бастамашылық (ерікті) аудит – оны жүргізу шартында көрсетілген аудиттің нақты міндеттері, мерзімдері мен төлемдері ескеріле отырып, кәсіпорынның өзінің шешімімен жүргізіледі.
Аудит объектілері
бойынша
1-Банктік аудит
2-сақтандыру
компанияларының аудиті
3-биржалар, инвестициялық институттар 
мен зейнетақы қорларының 
аудит
4-жалпы аудит
5-мемлекеттік аудит
Жүзеге асырылу 
мерзімі 
бойынша
Бастапқы аудит – осы клиент үшін алғашқы аудиторлық тексеруді жүргізу. Бұл қаржылық есеп беруді тексеру кезінде аудиторда тұтынушы бизнесінің ерекшелігі, оның ішкі бақылау жүйесі туралы түсінік болмайды.
Келісілген аудит – бұл жыл сайын сол бір тұтынушыға аудиторлық тексеру жүргізу: бұл жерде аудиторға бухгалтерлік есеп және ішкі бақылауды ұйымдастырудың күшті және әлсіз жақтары белгілі. Келісілген аудит тұтынушымен қатар аудит үшін де пайдалы. Егер тұтынушының аудиторлары жиі ауысып отырса, бұл қаржылық қорытынды есепті пайдаланушыларда, сонымен бірге келесі аудиторларда күмән және сезік тудырады.
назарларыңызға рахмет!!!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет