Тулеуова Бибигул Орынгалиевна Жалпы білім беретін Новобогат орта мектебі Исатай ауданы Атырау облысы



Дата12.10.2020
өлшемі52 Kb.
#66555
түріСабақ

Тулеуова Бибигул Орынгалиевна

Жалпы білім беретін Новобогат орта мектебі

Исатай ауданы Атырау облысы
«Мәңгілік ел» идеясы құндылықтарын оқыту мақсатына орайластыра оқыту
Баяндамада «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясының тарихи құндылығы, өміршеңдігі мен өзектілігі туралы тұжырымдар жасалған. Идеяның негізі – 7 құндылықты сабақтағы оқу мақсаттарына орайластыра оқыту мүмкіндіктері айтылып, жоспарлау үлгісі берілген. Жоспарлау үлгісінде оқылатын материал мен оқушылардың жас ерекшілігі ескеріле отырып, оқушылардың ұғым – түсінігіне сәйкес келетін ұғымдар мен терминдерді енгізу, құндылықтарды түсіндіру көзделген. Баяндамада «Мәңгілік ел» идеясы құндылықтарының білім беру мен тәрбиелеудің өзегіне айналуы керектігі баса айтылған.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев : ”Егер біз мемлекет болғымыз келсе, өзіміздің мемлекеттігімізді ұзақ уақытқа меңзеп құрғымыз келсе, онда халық руханиятының бастауларын түсінгеніміз жөн. Оған барар жол халық даналығының негізінде жатыр“ деген еді[1]. Мемлекет басшысы өзінің 2014 жылдың 14 қаңтарындағы ”Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ“ атты Қазақстан халқына Жолдауында және 2014 жылдың 11 қарашадағы «Нұрлы жол- болашаққа бастар жол» Жолдауында ежелгі ата- бабаларымыз - түркілердің Мәңгілік ел идеясын- Қазақ Елінің ұлттық идеясы ретінде жариялады.

«Мәңгілік ел» деген не өзі? Бұл идеяның негізін Құтлығ, Білге қаған, Күлтегін, Тоныкөк және Иоллығ­тегін сияқты көктүріктер қалап, Көк Тәңірге бас ие отырып, биікке ұмтылуды, яғни өршіл философияны таратты.

Түркілердің мәңгілік мақсат-мұраттарын көздейтін «Тұтас түркі елі» идеясын насихаттайтын «Тоныкөк», «Күлтегін» жазбала­ры­ның өзін осы идеяны мәңгі көктүріктің ұрпақтарына қалдыру үшін Иоллығтегін тасқа қашатып жаздырды. Бұл – азаттық пен ерлік философиясы! Түркі халықтарының жойылып кетпей, бүгінгі таңда тәуелсіз мемлекеттер болып отыруы осы «Тұтас түркі елі» идеясы мен азаттық философия­сының өміршеңдігінде жатыр. Соның дәлелі, Қазақтандық «Мәңгілік ел» идеясын жүзеге асыру мақсатында 2016 жылғы 26 сәуірдегі Қазақстан халқы ассамблеясының XXIVсессиясында «Мәңгілікт ел» патриоттық актісі әзірленіп, қабылданған болатын. Бұл құжат «Мәңгілік ел» идеясының жеті мызғымас тұғыры-жеті принципін анықтап берді. Белгіленген құндылықтарды жүзеге асыру оны ҚР білім беру ұйымдарының алдына оны білім алушылар мен ата-аналарға, жалпы жұртшылыққа түсіндіру міндетін қойып отыр. Бұл құжаттың мемлекеттік маңыздылығы Қазақстан білім ұйымдарының басшыларын, мұғалім-практиктерді патриоттық тәрбиенің жеті қағидаты формасындағы «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын түсіндіру жұмыстарын жүргізуге белсенді кірісуге міндеттейді.

«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясының құндылығын пән сабақтары арқылы қалай меңгертуге болады? Жаңартылған мазмұнда білім беру жағдайында бұл идеяның мазмұны мен мақсатын сабақта оқылатын тақырыптың оқу мақсатына орайластыруға болады. Мысалы, 5-сыныптағы қазақ әдебиеті пәні сабақтарында тақырыптық- күнтізбелік жоспарға төмендегідей қосымша жоспарлау немесе орта мерзімді жоспарлауда ескеру арқылы жүргізуге болады.



Құндылық

Оқылатын тақырып

Мақсат

Меңгерілетін ұғым, түсінік

Тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы

1-бөлім. «Асанқайғының жерге айтқан сыны»

7-сабақ.


Қазақ жерінің тарихи, мәдени, ұлттық, географиялық табиғи-экологиялық, өзіндік ерекшелігін таныту

«Мәңгі», «ел»



Қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбіт шілік пен келісім

2-бөлім.

Д. Бабатайұлы. «О, Ақтан жас, Ақтан жас» 2-сабақ.



Белсенді азаматтық ұстанымдарын, патриоттық сезімдерін тәрбиелеу

Мұрат, мақсат, идея

Жалпыға ор тақ еңбек қоғамы

2-бөлім.

Ы.Алтынсарин. «Атымтай Жомарт»

3-сабақ.


Бірінші өмірлік қажеттілік секілді еңбекке қажеттілікке тәрбиелеу

Кәсіп, мамандық, еңбек қоғамы

Зайырлы қо ғам және руханият

3-бөлім. М.Қабанбай. «Бауыр» әңгімесі.

5-сабақ.


Отбасылық тәрбие, өз халқының озық дәстүрлеріне деген құрмет сезімін тәрбиелеу

Ұлттық құндылықтар

Зайырлы қоғам және руханият



4-бөлім.

Т.Нұрмағамбетов. «Анасын сағынған бала» 3- сабақ.



Оқушыларда өз қатар ластарының, отбасы мен әлеуметтік ортаның арасындағы толерант тық сезімін тәрбиелеу

Отбасылық құндылықтар




Тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы

4-бөлім. Н. Ақыш. «Нағыз әже қайда?»

Адамгершілік құндылықтарға, өзін-өзі ұстау, өз қызметінің нәтижелерін бағалауға тарту.

Қазақы тәрбие




Зайырлы қоғам және руханият

Д. Лондон. «Мексика ұлы» 4-сабақ.

Қоғамдағы мәдениетаралық, конфессияаралық, және этникааралық әртүрлілік контекстіндегі оқиғаларды бағалауға үйрету.

Көпмәдениеттілік, көптілділік, көпұлттылық




1-кесте

Бүгінгі мектеп пен ұстаз алдындағы міндет- «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы дегеніміз – өткенімізден сабақ ала отырып, болашағымызды баянды ету жолындағы ХАҚ МҰРАТТАРЫМЫЗ екендігін білім алушылар мен ата-аналардың санасына сіңіру!

«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының негізгі мәні – өшпейтін мақсат-мұраттарымыз бен мәдени-рухани құндылықтары­мыз­ға негізделген, мемлекет құрушы қазақ халқы мен өзге де ұлттардың ұлттық идеяларын бір арнаға тоғыстыратын идеология арқылы қалыптастырылатын Қазақтың ұлттық мемлекеті. Бұл идеяны ұғындыруды оқу үдерісінің өне бойында, үнемі жүріп жататын әрекетке айналдыру - мұғалімнің маңызды міндеттерінің бірі.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Н.Ә.Назарбаев ”Тарих толқынында“

2. ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы ”Қазақстан жолы – 2050:

Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ“ ”Егемен Қазақстан“ газеті –

17.01.2014ж

3. «Нұрлы жол- болашаққа бастар жол» ҚР Президенті Н.Назарбаевтың

Қазақстан халқына Жолдауы, ”Егемен Қазақстан“ газеті

11.11.2014ж.

4. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі, Алматы, ”Дайк- Пресс“, 2008ж.






Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет