Сабақ тақырыбы: «Математика»



бет1/4
Дата18.12.2022
өлшемі42,74 Kb.
#163179
түріСабақ
  1   2   3   4
Байланысты:
Матем 8-15


№8 дәріске зертханалық сабақ тақырыбы:

  1. «Математика» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі.

«Математика» пәні бойынша 1 - 4 - сыныптардағы оқу жүктемесінің көлемі:
1 - сыныпта: аптасына 4 сағ, барлығы 132 сағат
2 - сыныпта: аптасына 4 сағ, барлығы 136 сағат
3 - сыныпта: аптасына 5 сағ, барлығы 170 сағат
4 - сыныпта: аптасына 5 сағ, барлығы 170 сағат

  1. ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ жоспарлау.

Заман ағымына ілесіп жаңашыл бағытта жұмыс жүргізу – барша ұстаз алдында тұрған негізгі мақсат. Жас ұрпаққа сапалы да, саналы білім беру, заман талабына сай оқыту үшін сабақта жаңа әдістерді қолданып, алған білімдерін қажеттілікке жарата білетін, өзіндік пікірі бар жас ұрпақты тәрбиелеу қазіргі мұғалімнің негізгі міндеті.
Республикамызда Кембридждік бағдарлама бойынша жүргізіліп жатқан деңгейлік курстардың негізгі мақсаттарының бірі де осы. Осы орайда Алматы қаласындағы «Өрлеу» біліктілік арттыру орталығында екінші (негізгі) деңгейлік курс бағдарламасын аяқтағаннан кейін мен де алдыма мақсаттар қойдым. Курс барысында білікті мамандардың тәжірибесін ала отырып кәсіби білімімізді шыңдап, білім беру жүйесіндегі тың жаңалықтармен қанығып, жаңаша көзқарастарымыз қалыптаса бастады. Жаңалықтарымыз бен жаңаша идеяларымызды алдағы уақытта мектеп, қала көлемінде әріптестерімізбен бірлесе іс-тәжірибемізді бөлісу, жетілдіруде жоспарлы түрде жұмыстар атқармақпыз.
Ұзақ жылдар қалыптасып қалған дайын білім беретін «дәстүрлі» стильмен оқытып келген мұғалімге жаңашыл идеяларды қабылдап, оқушыларға сындарлы білім беруде алдымен мұғалім ұстанымын өзгерту керек болады. Белгілі ғалым Пажарестің айтуынша мұғалім ұстанымы – оның көзқарасы, қабылдаған шешімі және іс-әрекетінің негізі.
Ал мақсатымызға жету үшін іс-әрекетімізді дұрыс жоспарлау керек. Екінші деңгей бағдарламасының тыңдаушыларға үйреткен бір саласы да осы – жоспар.
ҰМЖ- оқу бағдарламасы, пәннің мазмұны
ОМЖ- жұмыс сызбысы, Тізбектелген сабақтар
ҚМЖ-жеке сабақ




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет