Оқытудағы акцепттері
Оқушының дайындығын бақылау үрдісінде
Оқушыларда үлкен қиыншылық тудыратын сұрақтарды меңгерін арнайы бақылау. Оқушылардың ауызша жауаптарында, жазба жұмыстарында жіберетін қателерін мұқият талдау және жүйелеу.
Өткен сабақта болмаған жағдайда өтілген материалдарды меңгерулерін бақылау. Тақырып немесе бөлімді оқып біткенен кейін білім, білік, дағдыларын қорытындылау, артта қалу себебін анықтау.
Жаңа материалды беру кезінде
Сабақ барысында міндетті түрде берілген материалдардың негізгі элементтерін оқушылардың түсінгендігін тексеру. Білімді меңгеру үшін қызығушылықты қолдайтын құралдар қолдану Барлық оқушыларды материалды белсенді меңгеруі үшін оқытудың әдістерін түрлендіріп отыру.
№ 13 дәріске зертханалық сабақ тақырыбы:
Дәстүрлі және инновациялық технологиялардың сипаттамасы.
Оқыту технологиясының жалпы сипаттамасы. "Оқыту технологиясы ” ұғымы педагогикада және жеке әдiстемеде әсiресе соңғы уақытта кең таралып отыр. Байқауымызша, бұл ұғымныңпедагогикада пайда болуы техногендiк өркениеттiң дамуымен байланысты және ХХ ғасырдың басындағы Еуропаның елдерi мен АҚШ–та "технология” ұғымының өзi де, оған байланысты мәселелер де арнайы зерттеулерге арқау бола бастаған кезге жатады. ХХ ғасырларда педология шеңберiнде "педагогикалық технология” терминi туындады. Осы кезеңде педагогикалық техника ұғымы да кеңiнен қолдалынады. "Педагогикалықтехнология” ұғымы рефлексология идеяларына негiзделген."Бiлiм берудегi технология” терминi оқытудың техникалыққұралдарын (ОТҚ) қолдаумен техникалық құралдарын қолдану әдiстемесi мәселелерiн қарастыруда оқыту технологиясы (50-60 жж.), сондай-ақ педагогикалық технологиялар терминi қолданыла бастады. 60-жылдары педагогикалық технология қандай да бiр әдiстеменi, мысалы, бағдарламалық оқытуды ғылыми негiздей отырып қолданылуы тиiс деген түсiнiк қалыптасты. 70–жылдарға қарай педагогикалық тәсiлi туындады.
№14 дәріс.