Сұхбаттың түрлері
Жағдаяттық
Жағдаяттық сұхбаттасу негізінде менеджмент, консалтингтік фирмалар және инвестициялық банктар жүргізеді. Cұхбаттасуда үміткерге сынайтын сұрақтар, жағдайлар, мәселелер беріліп, олардың шешімдер сұралады.[4] Жағдаяттық сұрақтар көбінесе сұхбат алушының өз тәжірибесінен алған бизнес жағдайлармен немесе бизнес мәселелермен байланысты. Қазіргі кезде дизайн, сәулет, маркетинг, жарнама, қаржы және басқа секторларда жұмыс істейтін компаниялар осы жағдаяттық сұхбаттасуға ұқсас әдістер қолдана бастады. Заманауи технологиялар жағдаяттық және техникалық сұхбаттасулардың үдерісін бетпе-бет кездесуден скайп арқылы онлайн сөйлесуге ауыстырды.[5]
Панелі
Кәсіби және академиялық атақтарға арналған сұхбаттасудың түрі панелі сұхбаттасу деп аталады. Оны мүдделі тараптардың өкілдері өткізеді. Бұл пішімде бірнеше сұхбат жүргізудің түрлері бар:
Үміткерге жалпы тақырып беріледі. Осы тақырып бойынша ол презентация жасап, комиссияға таныстыруы тиіс. Көбінесе академиялық және саудаға қатысы бар сұхбаттасуларда іске асырылады. [6]
Әр комиссияның мүшесінің міндеті – үміткерге өз рөлінің сипаттамасы бойынша сұрақтар қою. Мысалы, бірінші сұхбат алушы техникалық сұрақтар қояды, екінші менеджмент бойынша сұрауы мүмкін, келесі комиссияның мүшесі қызмет көрсету туралы сұрайды және т.б. [7]
Скитшутинг деген спорттың түрі, онда қатысушылар мылтықпенбиіктікке шығарылған нысаналарға дәл тигізуге тырысады. [8] Скитшутинг сұхбаттасуда үміткердің стресстік жағдайларды төзу қабілетін тексеріп, тез бірінен соң бірі әр турлі сұрақтар қойылады.
Панелі әдістің артықшылығы: жалпы сұхбаттасумен салысыстырғанда көп уақытты үнемдейді, сұхбат өтуші жинақы және фокусталанады, комиссияның мүшелері жалпы әңгімелесуге аз уақыт бөледі, бос орынға үміткерлерді оңай салыстырады, өйткені сұхбат алушылар әр үміткерге бірдей сұрақтар қояды.
Топтық
Топтық сұхбаттасуға бірнеше үміткерлер бір уақытта қатысады. Осы сұхбаттың түрі топқа іріктеу, алға бастыру немесе топта жұмыс істеу дағдыларын бағалау үшін ұйымдастырылады. Сұхбат жүргізушілер өтініш берушінің стрессті басқару дағдыларын тексеру үшін де топтық сұхбат пайдаланады. Сонымен бірге, осындай сұхбаттасуларда үміткердің табандылығы тексеріледі, өйткені бұл жағдайда ол осы қызметіне талаптанатын басқа үміткерлермен бірге бағаланады. Топтық сұхбаттасулар жеке-жеке немесе панелі сұхбаттасулардан қымбат болуы мүмкін, әсіресе, көптеген үміткерлер қысқа уақытта сұхбат алу қажет болған кезде. [9] Осы құндылығының арқасында, топтық сұхбаттасу әдісі жиі қолданылады. Топтық сұхбаттасудың артықшылықтарына қарамастан, кейбір мәселелер де бар. Сұхбат беруші бірнеше үміткерлерді жарыса бағалауы тиіс. Тіпті тек бір адаммен жеке әңгімелесуде сұхбат жүргізуші көп нәрселермен айналысады: үміткер не айтқанын, өзін қалай ұстағанын бақылау, сұрақтардың жауаптарын бағалау, жазбаларды алу, және т.б. [10] Сондықтан, бір уақытта бірнеше үміткерлермен сұхбаттасу бірінші кезекте сұхбат берушіге өте қиын болады. Осындай жағдайларда сұхбат алушыға қоятын сұрақтарға және жалпы сұхбаттасудың тиімділігіне жаман әсер етуі мүмкін. [11]
Күйзелісті
Күйзелісті сұхбаттасулар әлі күнге көп жайылған. Олардың бірнеше түрлері бар. Бірінші түрі бойынша жұмыс беруші біраз сұхбат жүргізушілерді шақырады. Олардың міндеті әр түрлі сұрақтарды қойғанда үміткерді қорқыту және теңгерімнен шығару. Сондай сұхбаттасу кезінде үміткер жайлы зонадан шығады және шын мінезін көрсетеді. [12] Осы сұхбаттың негізгі мақсаты – сұхбат алушының сабырлығын тексеру. Шамадан тыс жұмыс істеу, бір уақытта бірнеше жобаларды жүргізу, өндірістік жанжалды бітіру туралы сұрақтар әдеттегі болып табылады.
Күйзелісті сұхбаттасудың басқа түрінде тек бір сұхбат беруші болуы мүмкін. Ол өзін дұшпандық және мүдделі емес мәнерде ұстайды. Мысалы, сұхбат жүргізуші көзге қарамауы, көзін ақшиту, үміткердің жауабынан кейін күрсіну, оның сөзін бұзуы, зерігіп есінеуі мүмкін. [13] Кейде сұхбат беруші сұхбаттасу уақытында телефон арқылы сөйлесе бастайды. Сондай іс-әрекеттердің себебі – үміткердің психологиялық қысымға төзімділігін тексеру және эмоциялық жауаптарға шақыру.
Күйзелісті сұхбаттасу сұрақтарының мысалдары:
Егер сіз әріптесіңіздің өтірік айтқанын көрсеңіз, не істейсіз?
Қатал мәнерде: «Осы сұхбаттасу қалай өтіп жатыр деп ойлайсыз?»
(Ауыр күрсіну) «Егер бұл сіздің ең жақсы жауабыңыз... » (Басын шайқау) «Жарайды... келесі сұрақ»
Оғаш сұрақ: «Хоккей таяғының әрлендірмесі туралы не айтасыз?»
(Күмәндана қарау) «Мен осы сөздеріңізге онша қатты сенбеймін. Ал мүмкін сіз жарыла сөйлей бастайсыз ба?»
Кейбір жағдайда үміткерге презентация жасауға ұсынылады. Күйзеліс әдіс бойынша осы тапсырмаға 20 минут беріледі, бірақ қабылдау комиссия уақытынан бұрын келіп, міндетті түрде презентацияны бастап кетуді өтінеді.
Техникалық
Осы сұхбаттасудың түрі мәселе шешуге және жасампаздыққа назар аударады. Сұрақтар үміткерлердің логикалық есептер және жұмыста кездесетін мәселелерді креативті шешу дағдыларын тексереді. Әдетте, техникалық сұхбаттасу үміткермен жеке кездесу алдында скайп арқылы тікелей желінде өтеді.
Достарыңызбен бөлісу: |