27. Қазревком қызметі және Қырғыз (Қазақ) акср-нің құрылуы. С. Меңдешов, А. Байтұрсынов, Б.Қаратаев сынды қазақ зиялыларының қызметі


Кеңестік кезеңдегі республика өңіріндегі ядролық сынақтар және оның зардаптары



бет2/3
Дата11.05.2022
өлшемі31,36 Kb.
#142396
түріҚұрамы
1   2   3
Байланысты:
№1.27; 2.20; 3.13 Жансая тарих

20. Кеңестік кезеңдегі республика өңіріндегі ядролық сынақтар және оның зардаптары.
1947 жылы тамызда КСРО Министрлер кеңесінің шешімімен шартты түрде «№2 оқу полигоны» деп аталған Атом полигонын құру туралы қаулы қабылданды. Полигон құрылысы үшін Семейден батысқа қарай 140 шақырым жерде жан-жағы шағын таулармен қоршалған және халық көп шоғырландырылған жерден алшақ территория таңдалып алынды. «Әскерилердің Балапан, Телкем, Ақтанберлі, Сарыөзен, Байкал, «Тәжірибе алаңы» атаған жазықта, кейіннен Дегелең тауы мен Балапан бұйратының қойны-қонышын ұңғып, жер астына да бойлап ядролық жарылыстар жасағаны – қазірде жария шындық», – деп жазады «Семей қасіреті» кітабының авторы, жазушы Медеу Сәрсеке. Бұл аймақ темір жол, әуе және Ертіс өзені арқылы өтетін су көлігі қатынасының болуы және оңтүстік Оралдағы Атом өнеркәсібі жақындығымен қолайлы болғандықтан таңдалды. Осы мақсатта арнайы 18 млн гектар жер бөлінген. 
Полигондағы сынақ трагедиясы 40 жылға созылды. 1951 жылы 18 қазанда уран бомбасы, 1953 жылы 12 тамызда жер үстінде дүние жүзінде алғаш рет қуаттылығы 500 килотонна болатын сутегі бомбасы сыналды. 1953 жылғы тамызда термоядро қондырғысының, ал 1955 жылы А. Сахаров шығарған бомбаның сынағы өтті. Тек жер асты сынақтары бойынша айтар болсақ, М. Сәрсекенің жазуынша, «Бұл аймақтағы алғашқы жерасты сынағы 1961 жылғы 9 қыркүйекте, ең соңғысы 1989 жылғы қазан айының 19-ы күні жасалған. Яғни, 28 жыл бойы дамылсыз жүрген. Сол жылдарда тек қана Дегелеңнің астында 296 сынақ жасалған. Солардың дені – аса қуатты дүмпулер». 
Сынақ аймағында 1949-1989 жылдар аралығында 456 әр түрлі ядролық жарылыстар жасалса, соның ішінде әуе мен жер астында – 116 сынақ жасалды. Осы жарылыстардың әсерінен радиоактивті шөгінділер жарылыс болған эпицентрден бұлттар мен жел арқылы таралды. Сынақ жүргізілген жерлерде радиацияның деңгейі 448 Бэр-ге дейін жеткен. Семей ядролық полигонында ауада және жер бетінде сыналған ядролық зарядтардың жалпы қуаты Хиросимаға тасталған бомбадан 2,5 мың есе асып түсті. 
1949 жылы 29 тамызда таңертеңгі сағат 6.30-да Абай және Абыралы аудандарында халыққа алдын ала ескертілместен қуаттылығы 22 килотонна болатын бірінші жарылыс жасалды. Сол жарылыста сынақтан өткізілген РДС-1 сутегі бомбасы. 
Ядролық сынақтарға шыдас берген бетон қабырғалар. Кей сынақтарда шыдас бермеген бетондар балқып кеткен екен. «Эпикіндіктен әртүрлі қашыққа салынған тұрғын үйлер мен өндірістік ғимараттардың дені кәдімгі топырақ үймесіне айналған. Құрастырмалы қабырғалы үйлер де солардың жолын құшыпты. Жоғары кернеулі электр бағандары да күшті толқынға төзе алмай, жел ығына қарай жантайған», – деп жазады бұл жайлы жазушы М. Сәрсеке. 
1953 жылы 12 тамызда Семей ядролық полигонының төңірегіндегі жарылыс қуаты 480 килотонна болған. Жарылыстан кейін пайда болған нарттай жанған радиоактивті газдардың саңырауқұлақ секілді бұлты 16 километр биіктікке көтерілген. Осы жарылыстан кейін радиусы ондаған километр болатын жерде дала шөптері бірнеше күн бойы көгілдір сәуле шығарып тұрған екен. М. Сәрсеке: «Семей полигонында болған 470 жарылыстың 307-сі Дегелең мен Балапан бұйратынан қазылған 131 штольняда және әртүрлі тереңдіктегі ұңғымаларда жасалған. Кейбір сәтте, әрине, жарылыстың күш-қуатын арттыру үшін ядролық зарядтар қат-қабат жарылған. Мысалы, 1978 жылғы 27 шілдеде 104-штольняда бір мезгілде бес жарылыс жасалыпты.
Демек, 1961 жылдан 1991 жылға дейін айналасы небәрі 22 шақырым шағын тау күні-түні тоқтаусыз жүрген жарылыс дүмпуіне тап болған», – дейді. 
Жер асты сынақ өткізу орындары. Бұл арада жыл сайын 14-18 ядролық сынақ өткізіліп тұрған. Осынау жарылыстың салдарынан бір кездері жартастардан құралған Дегелең тауы қиыршық тас үйіндісіне айналды. Жер астындағы әрбір үшінші жарылыстан соң, жарылыс нәтижесінде пайда болған жарықтар мен саңылаулардан радиоактивті газ шығып кетіп жатқан. 1989 жылы 12 ақпанда кезекті жоспарлы ядролық сынақ өткізілген кезде, үңгірлердің бірінде қуаты 70 килотоннадан астам ядролық заряд жарылған. Соның салдарынан жер бетінде саңылаулар пайда болып, олардан екі тәулік бойы радиоактивті газдар шығып жатқан. 
1965 жылы қаңтар айында жасалған жарылыс-сынақта 3,5 миллион текше метр топырақ көкке ұшқан. Бұл сынақтың мақсаты – жасанды су қоймасын жасау еді. Сынақ нәтижесінде пайда болған «көл» көрінісі. «Айна» түріндегі су қоймасы бетінің диаметрі 400 метр, тереңдігі 100 метр шамасында. Жасанды көл радиоактивті ыдыраудың қалдықтарымен ластанған. «Семей – Абыралы жолымен келе жатқан жолаушы Қарасу кентінен өтіп, 20 шақырым ұзағанда (бұл енді – Семейден 80-90 шақырымдай жер) оң қапталдан, 4-5 шақырым жерде айнадай жалтырап жатқан көп-көрім көлді көреді. Сол көл менің бала кезімде жоқ-ты. Сол маңат белуардан келетін көкорай шалғын болатын. Осы еңістің көлге айналуы – 1965 жыл. Бұл да әскерилердің жер қабатына жасаған кезекті сынағынан туған іс», – деп жазады М. Сәрсеке. 
Ядролық жанталаса қарулану мен түрлі сынақтардың құрбандары. Қазақстан тәуелсіздігіне қолымыз жеткен айшықты уақытта, 1992 жылы «Семей ядролық полигонында зардап шеккендерді әлеуметтік қорғау» деп аталған заң қабылданғанда күллі Қазақстанда 1,5 миллион адам сол тізімге ресми тіркелген. Семей қаласы бойынша осы тізімде 176135 адам болған. Солардың қазір де үштен екісі жер жастанды. 
Алайда елімізге қаншама қайғы-қасірет әкелген полигон Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың жарлығымен 1991 жылдың 29 тамызында жабылды. 
Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы №409 жарлық 
Қазақ КСР-інің территориясындағы Семей облысында 1949 жылдан бері ядролық қаруды сынау жүзеге асырылып келді. Осы уақытта 500-ге жуық ядролық жарылыс жасалып, мыңдаған адамдардың денсаулығы мен өміріне залал келтірді. 
Қазақ КСР-і КСРО мен АҚШ арасындағы стратегиялық әскери тепе-теңдікті қамтамасыз еткен ядролық потенциалды жасау жөніндегі өз борышын орындағанын ескеріп және республика жұртшылығының талабына құлақ асып, қаулы етемін: 
СЕМЕЙ ЯДРОЛЫҚ СЫНАҚ ПОЛИГОНЫ ЖАБЫЛСЫН. 
Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Президенті Н. Назарбаев. 
Алматы, 29 тамыз, 1991 жыл. 
Осылайша 470 ядролық жарылыс өткен бұл полигон енді мәңгіге тыншыды. Туған елінің тыныштығын, адамзаттың қауіпсіздігін ту еткен Н. Ә. Назарбаев АҚШ, Ресей, Франция елдерінің басшыларымен ұзақ та күрделі келіссөздер жүргізіп, ядролық қаруды Қазақстаннан аластауға 1994 жылы келісті.
Ядролық державалар (АҚШ, Англия, Россия, Қытай, Франция) Қазақстанның тәуелсіздігіне, егемендігіне және бүгінгі шекараларының өзгермейтініне кепілдік берді. Қазақстанның тәуелсіздігіне территориялық біртұтастығына қарсы күш қолданбауға міндеттенді, Қазақстанға экономикалық қысым көрсетуге бармайтынын мәлімдеді. 

№3.13



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет