27 Әож 378. Қозыбай А. К



Pdf көрінісі
бет2/4
Дата26.01.2022
өлшемі203,05 Kb.
#129921
1   2   3   4
Байланысты:
2013 3 47

Материалдар мен әдістер 

Зерттеу  мәселесі  негізінде  педагогикалық,  психологиялық  және  әдістемелік 

әдебиеттерге  талдау  жасай  отырып,  жоғары  оқу  орындарында  болашақ  кәсіптік  оқыту 

мамандығы  студенттерінің  өзіндік  оқу  іс-әрекетін  ұйымдастыруға  байланысты    оқыту 

процесін жоғарғы сапада жүргізуге байланысты, сараптау қажеттілігі туындады.  

Нәтижелерді талқылау

 

 



Оқыту технологиясын  жетілдіру,  соңғы онжылдықта жоғары мектеп мәселелерін 

зерттеушілердің  ерекше  назарын  аударатын  білім  беруді  дамытудың  сан  алуан  жаңа 

бағыттарының ішінде, алғашқы орындардың бірінде тұрады.   

 

 



 

 

Дидактика  саласындағы  жетекші  мамандардың  жұмыстарын  талдау,  оқыту 



технологиясы  дүниежүзінің  барлық  дамыған  елдерінің  білім  беру  саясатын  анықтаудың 

негізінде жатқанын көрсетеді. 

 

 

 



 

Қазіргі  Қазақстан  Респуликасында  білім  беруде  жобалап  оқытуға  деген 

қызығушылық артуда. Білім беру тәжірибесіне «жобалап оқыту әдістерін» белсенді ендіре 

отырып,  осы  аталған  әдістің  ерекшелігін  және  оны  кәсіби  оқытуда  қалай  пайдалану 

керектігін түсініп білуіміз қажет.  Студенттерді  кәсіби  қызметке  даярлау  негіздерін 

қалыптастыруда, креативті тұлғаны дамыту және тәрбиелеуге мүмкіндік туғызу – жобалап 




228 

 

оқыту  технологиясы  студенттердің  өзіндік  жұмыстарды,  тапсырмаларды,  жаттығуларды 



орындаудың шығармашылық жолдарын табуға ұмтылуы, алған машықтарын өздеріне ғана 

емес,  айналасындағыларға  да    пайдасы  тиетіндей  пайдалануы,  сонымен  бірге  оқыту 

процесінде  дербестікті  дамыту  студенттерді  оқытуда  анағұрлым  маңызды  болып 

табылатын басты мақсаты [2]. 

Технология  –ресми  турде  айтылған  психологиялық-педагогикалық  мақсаттардың 

негізінде  білім  беру  үрдісінде  жүйелі  қолданылатын,  оқыту  формаларының,  әдістерінің, 

тәсілдері  мен  тәрбие  құралдарының  арнайы  жиынтығы.  Бұл  білім  алушыны  дамыту, 

оқыту  және  тәрбиелеу  үрдістеріне  ықпал  ету  тәсілдерінің  бірі.  Оқыту  технологиясында 

мазмұн,  әдіс  және  құралдардың  өзара  байланысы  мен  себептілігі  жатыр,  соған 

байланысты қажетті мазмұнды, тиімді әдістер мен құралдарды бағдарлама мен қойылған 

педагогикалық  міндетке  сәйкес  іріктей  білу  педагогтың  педагогикалық  шеберлігіне 

байланысты [3]. 

Жобалап  оқыту  технологиясы  кезеңді,  жемісті  оқу  қызметін  түзету  және 

қалыптастыру, нәтижесін көрсету үшін қажетті ақпараттарды өз бетінше талдау негізінде 

студенттердің  оқу  мақсаттарын  орындауға  бағытталған  оқыту  үдерісінің  ерекше 

ұйымдастырылуы деп қарастыруға болады. 

 

 

Жобалап оқыту технологиясы – бұл адамдардың қажеттілігін орындауды, аталған 



қажеттіліктерге  сәйкес  еңбек  өнімін  арттыратын,  сонымен  бірге  жасалған  зерттеудің 

нәтижесін  қарастыратын,  студенттердің  танымдық  қызметін  ұйымдастырудың  аранайы 

тәсілі [4]. 

Осы  әдіс  1919  жылдарынан  бастап,  АҚШ-та  анағұрлым  жан-жақты  зерттелді. 

Сонымен  қатар,  В.Х.Килпатриктің  «Жобалау  әдісі.  Педагогикалық  үдерісте  мақсатты 

ұсынысты қолдану» (1925 ж) атты кітапшасы жарық көргеннен бастап кең тарай бастады. 

Бұл  жүйенің  негізінде  америкалық  Дьюи,  Лая,  Торндайка  сияқты,  т.б.  ғалымдардың 

идеялары жатыр. 

Зерттеудің теориялық-әдістемелік негізін, орта және жоғары білім беру саласында 

жобалау технологиясын зерттеуші шетелдік  П.П.Блонский, Б.В. Всесвятский, Дж. Дьюи, 

Г.    Кершенштейнер,  У.Х.  Клипатрик,  У.  Коллингс,  Н.К.  Крупская,  Е.  Паркхест,  Н.Ю. 

Пахомовой,  А.П.  Пинкевич,  М.М.  Пистрак,  Е.С.  Полат,  И.Ф.  Свадковский,  В.Н. 

Стернберг,  С.Т.  Шацкий,  И.Д.  Чечель  және  т.б.  ғалымдардың  ғылыми  ұсыныстары 

құрайды. 

Жалпы  әдістемелік  зерттеулер,  адам  қызметінің  белсенді  мінез  сипатын,  теория 

мен практиканың бірлігін,  жастық  және  жекелік ерекшеліктерін ескеру, қазіргі заманауи 

білім  беру  технологияларының  көмегімен  танымдық  қызметті  белсендендіруді, 

философиялық, педагогикалық және психологиялық негізінде ескере отырып құрылды. 

Қазіргі  кезде  жобалап  оқыту  идеясы  кәсіптік  оқу  орындарының  қызметінде 

қайтадан  басты  орын  алды.  Оқытушының  жобалап  оқыту    технологиясына  деген 

қызығушылығы дәл осымен түсіндіріледі. 

Жобалап  оқыту  технологиясының  мақсаты  -  студенттер    білімдерінің  жетіспеген 

тұстарын  өзбетінше  және  қызығушылықпен,  түрлі  жолдармен  таба  алуына;  алған 

білімдерін танымдық және практикалық  мақсаттарды шешу үшін пайдалануға үйренуіне;  

коммуникативтілікке  ие  болуына;  түрлі  топтарда  жұмыс    істей  отырып,  өздерінің 

зерттеушілік (жинақтау, бақылау, эксперимент жүргізу, талдау, гипотеза құру) қабілетін, 

логикалық ойлау қабілетін  дамытуына  жағдай жасау [5]. 

 

Аталған  технология  үдерісінде  қызметтің  жүйесін  анықтау  үшін  оқытушы  мен 



студенттер  оқу-жобалық  қызметтің  басынан  аяғына  дейінгі  оқу  жобасы    зерттемесінің 

негізгі кезеңдерін анықтап алады. Бұл кезеңдер төменде көрсетілген: 




229 

 

-



 

жобалық тапсырманың зерттемесі. Бұл кезеңде оқытушы тақырыптар ойластырады 

және  оны  студенттерге  ұсынады.  Студенттер  тақырыпты  талқылайды  және  өз 

пікірлерінше  анағұрлым  қол  жетімді  деген  тақырыптарды  қабылдайды.  Сондай-ақ, 

жобалық тапсырманы зерттемелеу кезеңінде шығармашылық топтар құрылады.   Бұл 

үшін  оқытушы  студенттердің  шағын  командаларға  топталуын  ұйымдастырады. 

Студенттер  зерттеушілік  қызметінің  ықтимал  нәтижелерін  талқылайды,  жобалық  

қызметтің  нәтижелерін    білдірудің  формаларын  анықтайды;  оқытушы  өтіп  жатқан 

талқылауға дайын шешімін айтпай, тек бағыт бере отырып,  тікелей қатысады; 

-

 



жобаның  зерттемесі.  Оқытушы  туындаған  мәселелерді  түсіндіреді,  студенттер 

қызметінің ынталандырушысы болып табылады. Студенттер іздестіру қызметін атқарады; 

-

 

нәтижелерді  рәсімдеу.  Оқытушы  жобаның  зерттемесі  кезіндегідей  іс  атқарады, 



студенттер айқын-қойылған ереже бойынша нәтижелерді рәсімдейді; 

-

 



 

нәтижелермен  таныстыру.  Оқытушы  бақылаушыларды  (мысалы:  басқа 

оқытушыларды)  шақырады,  студенттердің  шығармашылық  есептерін  ұйымдастырады. 

Студенттер  өз  жұмыстарының  нәтижелері  туралы  айтады,  оның  нәтижелерін  алдын  ала 

алғашқы  сатыда  анықталған  түрлі  формаларда  ұсынады  (бұл  жобалардың  тақырыбына 

және  студенттердің  мүмкіншілігіне  қарай  слайд-тұсау  кесер  рәсімі,  фотоальбомдар, 

көрмелер, театрландырылған көрсетілімдер болуы мүмкін); 

-

 



жиынтық  рефлексия.    Оқытушы  студенттердің  бағаларын  ескере  отырып,  өзінің 

педагогикалық қызметіне талдау жасайды. Студенттер ағымдағы  үдерістің рефлексиясын 

іске асырады. 

Жобалап  оқыту  технологиясының  негізгі  ұтымды  жақтарын  былай  қарастыруға 

болады: 

-

 



студент    үлкен  ілтипатқа  ие  болады,  оның  креативті  қабілеттіліктерін  дамытуға 

көмектеседі; 

-

 

әрбір  студент,  жобада    жұмысының  жекелеген    қарқыны    қолданылатындықтан, 



өзінің даму дәрежесіне сәйкес білім ала алады; 

-

 



негізгі психикалық және физиологиялық функциялардың сауатты дамуы; 

-

 



мотивацияның жоғары деңгейі; 

-

 



оқу  пәні  логика  негізінде  құрылатындықтан  білім  негіздерін  жеткілікті  түрде 

меңгеру. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет