227
ӘОЖ 378.1
Қозыбай А.К.,
Мырзапейсова К.Ж.
2-
к магистранты
Қазақ ұлттық аграрлық университеті
ЖОБАЛАП ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН, КӘСІБИ БІЛІМ САПАСЫНЫҢ
ШАРТЫ РЕТІНДЕ ҚАРАСТЫРУ
Андатпа.
Бұл мақалада қазіргі Қазақстандық білім беруде жобалап оқыту
технологиясына деген біршама қызығушылықтардың артуы, технологияны қолдану әдісі,
білім беруге тиімділігі қысқаша сипатталған.
Кілт сөздер: кәсібилік, технология, педагогикалық шеберлік, дидактика.
Кіріспе
Қазақстан Республикасы Президенті – Н.Ә. Назарбаев өзінің 2012 ж. 14
желтоқсанындағы «Қазақстан – 2050» стратегиясы - Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси
бағыты» атты Қазақстан халқына жолдауында «Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет
болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек» деп атап көрсетті. Онда,
«Біздің жұмыстарымыздың білім беру саласындағы басымдықтары» –деп төмендегілер
баса айтылды.
«Қазақстан -2050» Жаңа бағытын ескере отырып, Үкіметке 2013жылдан бастап
халықаралық үлгідегі куәліктер беру арқылы инженерлік білім беруді және заманауи
техникалық мамандықтар жүйесін дамытуды қамтамасыз етуді тапсырамын.
Кәсіби-техникалық және жоғары білім ең бірінші кезекте ұлттық экономикалық
мамандарға деген қазіргі және келешектегі сұранасын барынша өтеуге бағдар ұстауы
керек. Көп жағынан бұл халықты еңбекпен қамту мәселесін шешіп береді.
Жоғары оқу орындары білім беру қызметін шектеліп қалмауы тиіс. Олар
қолданбалы және ғылыми-зерттеушілік бөлімшелерін құруы дамытуы қажет [1].