27.Қалыптастырушы бағалаудың мақсаттары мен принциптерін жазыңыз


Бастауыш сынып оқушыларының оқуында жіберетін қателерді атаңыз



бет4/6
Дата26.12.2023
өлшемі27,36 Kb.
#199352
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
27.Қалыптастырушы бағалаудың мақсаттары мен принциптерін жазыңыз-emirsaba.org

30. Бастауыш сынып оқушыларының оқуында жіберетін қателерді атаңыз.
Дұрыс оқудың негіздері алғашқы оқу-жазуға үйрету кезінде-ақ қалана бастайды. Осы кезде мұғалім әрбір жеке сөзді балаларға жеке әріптеп оқытпай, буындап оқуға жаттықтырғаны жөн, бірақ мұнда балаларды сөздің сыртқы түрін ғана меңгеріп, мағынасын жаңылыс ұғынудан немесе тіпті түсінбей оқудан сақтандыру керек. Егер бала буындап оқығанда қателессе, дереу түзетіп, оған қиын тиген сөздерге талдау жасап отырудың дұрыс оқуға дағдылану үшін пайдасы зор. Бастауыш сынып оқушыларының оқу сабақтарында жіберетін қателерін топтап көрсетсек, төмендегідей: 1. Әріп, буын немесе сөз қалдырып кетіп оқушылық. 2. Кейбір буындарды, сөздерді екі рет қайталап, ежелеп оқитындар. 3. Тілі келмегендіктен немесе әдеттеніп кеткендіктен бір әріпті екінші әріппен алмастырып (оңда-онға, күзет-күжет т.с.с.) оқиды. Мұндай кемшіліктерді мұғалім алдын ала есепке алып, түзету жолдарын ойластырады. Тәжірибелі мұғалімдер оқушыларды дұрыс оқуға үйрету үшін мынадай жұмыстар ұйымдастырады: 1. Оқушыны кітап оқуға жаттықтырып, дағдыландырады. Мұндай жаттықтыру жұмысының түрлері әр қилы. Бірде оқулықтың өзінен әр оқушыға арнаулы тапсырмалар береді; екінші бір жағдайда карточкалар жасап, соларды әрқайсысына оқытып дағдыландырады; енді бірде дидактикалық материалдар пайдаланады т.б. 2. Осындай жұмыстарды орындау үйге де тапсырылады. 3. Қате оқыған сөздерді буынға бөліп оқытады немесе тақтаға буындап жазып көрсетіп, дұрыс оқуды талап етеді, ол сөзге талдау жасайды, кеспе әліппеден құрастырады т.б. 4. Қате оқыған сөздерді қайта оқыттырады. 5. Қате оқыған жерін класта тыңдап отырған оқушыларға түзеттіреді. 6. Жаңылтпаштар айтқызып жаттықтырады. 7. Указканы қолданады. Бұл зейіндері тұрақсыз немесе көздері нашар көретін оқушылар үшін пайдалы және оқып отырған сөздерінің кітап бетінің қай жерінде екеніне бағыт береді, сөзді дұрыс оқуға көмектеседі. 8. Орфоэпия заңын басшылыққа алып отырады.


31.Пән бойынша берілген ғылыми-танымдық шығарма түрлерін атаңыз.
Ғылыми-танымдық шығармалар: мақала, очерк, естелік, өмірбаян, күнделік (аспан әлемі, су асты тіршілігі, табиғат құбылыстары, жаратылыс құпиялары, адамзат сырлары, халықтық әдет-ғұрып, салт-дәстүр туралы шығармалар).




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет