27.Қалыптастырушы бағалаудың мақсаттары мен принциптерін жазыңыз


Тыңдалым және айтылым бойынша оқушыларда қалыптасатын дағдыларды



бет5/6
Дата26.12.2023
өлшемі27,36 Kb.
#199352
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
27.Қалыптастырушы бағалаудың мақсаттары мен принциптерін жазыңыз-emirsaba.org

32.Тыңдалым және айтылым бойынша оқушыларда қалыптасатын дағдыларды

атаңыз.
˗ тыңдауға, мазмұнын түсінуге әр түрлі жанрдағы мәтіндерді ұсыну;
˗ шығарманы қайталап тыңдау, негізгі ойды анықтау;
˗ тыңдалған шығарма бойынша сұрақтар қою;
˗ шығарма бойынша жоспар құру
˗ тыңдаған шығарманың белгілі бір бөлігін өз сөзімен айтып беру;
˗ шығарманың мазмұны бойынша қарама-қарсы пікір айту, дәлелдеу;
˗ шығарманы өз қиялымен өзгертіп аяқтау;
˗ мәтіндегі оқиғаларды, іс-әрекеттерді салыстыра талдай алу;
˗ ұсынылған тақырып бойынша сұхбат алу немесе сұхбат беру және нәтижесі
бойынша ауызша есеп беру;
˗ жоспарланған тақырыптар бойынша пікірталас ұйымдастыру; жұпта ым-ишараны
пайдаланып, оқиғаны жазуға дайындалу (мысалы, «Бағытталған оқу» және «Бағытталған
жазу»);

˗ ауызша айтылғанды түсіну және сұрақтарға жауап бере білу;


˗ берілген тақырып бойынша диалог құрастыру.


33.Оқылым бойынша оқушыларда қалыптасатын дағдыларды атаңыз.
Мазмұнын түсіну үшін оқу немесе көз жүгіртіп оқу – мәтіндегі жалпы идеяны түсіну үшін тез оқып шығу.
· Нақты ақпараттарды табу үшін оқу – мәтін ішіндегі ақпараттарды тауып алу үшін оқу. Бұл дағдыда тұтас мәтінді түсініп оқу, мазмұнын білу маңызды емес. Мысалы, мәтіннен қажет пайыздық көрсеткіштерді, жылдарды немесе қажетті сөздерді тауып алу.
· Детальді түрде оқу – әрбір сөздің мағынасын түсіну үшін мәтінді сөзбе-сөз оқу. Мысалы, келісімшарттағы талаптарды немесе нұсқауларды түсіну үшін сөзбе-сөз оқу.


Сөз мағынасын мәнмәтіннен ажырату – мәтін ішіндегі таныс емес сөздің мағынасын түсіну (болжау) үшін, оның айналасындағы сөздер мен сөйлемге назар аудару.
· Мәтін құрылымын түсіну – мәтін құрылымының ұйымдастырылуын түсіну. Мысалы, кіріспе бөлім, негізгі бөлім, қорытынды бөлім.
· Болжай білу – оқылым тапсырмасы алдында қолданылатын тәсіл. Оқушылар мәтінді оқымас бұрын оның мазмұны мен көтеретін мәселесі жөнінде ойланып, талқылап көреді. Ол үшін олар мәтін тақырыбына, тест оған берілген суретке қарап болжай отырып, сол тақырыпта өз білімдерін қолданады. Бұл тәсіл мәтінді оңай түсінуге көмектеседі.
· Мәтін түрлерін ажырата білу – сипаттау, хабарлау, талқылау.
· Экстенсивті оқылым – үлкен көлемді мақала немесе шығармаларды (роман, әңгіме) оқу.
· Интенсивті оқылым – мәтіндегі сөйлемдердің грамматикалық құрылымын, белгілі бір тақырыпқа арналған сөздерді талқылау үшін оқу.
Оқылым – оқушының оқу сауаттылығын қалыптастырудың құрамдас бөлігі. Оқылым дағдыларын жақсартпайынша жазылым кезеңі жүзеге аспайды. Оны оқу үдемелігін қалыптастыру кезеңдеріне қарап та танып білуге болады. Ф.Оразбаева өз зерттеулерінде «Оқылымның берілген материалды түсініп, ұғу ғана емес, ондағы әрбір тілдік-қатысымдық тұлғалардың мағынасын білу, қалпын тану және оны тілдік қарым-қатынаста кеңінен пайдалану керектігінің» маңызды екендігіне баса назар аударады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет