Мазмұны І. Кіріспе бөлім



бет1/2
Дата25.03.2017
өлшемі179,44 Kb.
#12274
  1   2
Мазмұны

І. Кіріспе бөлім

  1. Сөздік қор деген не?...................................................... 2-3

  2. Тіл дамытудың негізгі көрсеткіштері.............................. 3

  3. Тіл дамыту жұмысын жүргізуде кездесетін

қиындықтар........................................................................3

ІІ. Негізгі бөлім

  1. Тіл дамыту жұмыс түрлері

  • Жаңылтпаштар............................................................... 4-5

  • Жұмбақтар.......................................................................... 5

  • Мақал-мәтелдер................................................................. 5

  • Ертегілер............................................................................ 6

  • Сөздік жұмыстар............................................................6-7

  • Суретпен жұмыс................................................................ 7

  • Ойындар.............................................................................. 8

  1. Математика сабақтарында оқушылардың ой-өрісін,

тілін дамыту........................................................................ 8

  1. Көрнекіліктер...................................................................... 8

  2. Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер................................9

  3. Сәтті шыққан сабақ нәтижесі...........................................10

ІІІ Қорытынды бөлім

Қорытынды........................................................................10

Пайдаланылған әдебиеттер...............................................11

Тақырыбы: Оқушылардың сөздік қорларын молайту, ой-өрісін кеңейту.

Мақсаты:

Тіл дамыту сабақтарында түрлі әдістерді пайдалана отырып, оқушылардың сөздік қорларын, тіл байлығын дамытып, ойындар арқылы ой-өрісінің кеңеюіне мүмкіндік туғызу.

Елбасымыз Н. Назарбаев жолдауында айтқандай, ,,Болашақта өркениетті дамыған елдің қатарына ену үшін заман талабына сай білім беру қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін , терезесін тең ететін

білім.


Ойы жүйрік, ақылы жетік, бәсекеге қабілетті, өзгерістерге бейім жеке тұлғаны тек қана жаңа тұрпатты мұғалім қалыптастыра алады.

Ұстаз алдындағы міндет-жеке тұлғаның дамуына жағдай жасап, шәкірттерді жан-жақты даярланған азамат етіп шығару.

Қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдына өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан-жақты дамыту мәселесі қойылып отыр. Қазіргі оқушы:


  • Ақпаратпен жұмыс істеу қабілеті жоғары

  • Білуге құштар

  • Өз қабілетіне сенетін

  • Өз алдына мақсат қоя білетін

  • Өз-өзіне деген сенімі жоғары, талантты болып қалыптасуы керек.

Тілдің негізгі өлшемі-сөздік қор. Ал сөздік қор дегеніміз – тілдің құрамының ең тұрақты, ғасырлыр бойы өмір сүріп келе жатқан , жалпы күнделікті өмірде кеңінен қолданылатын халыққа ортақ сөздер жиынтығы.

Тілдің негізгі сөздік қоры-тілдің сөздік құрамының ең тұрақты бөлігі. Сөздік қор тілдегі сөздерді ғасырлар бойы сақтай отырып, тілдегі жаңа , туынды сөздер мен жаңа мағынаның жасалуына ұйтқы болады.

Біздің ана тіліміз, қасиетті қазақ тілі-өзінің мемлекеттік мәртебесін абыроймен атқарып, міндет жүгін қиналмай көтере алатын аса бай, оралымды да көркем тіл.

Жалпы бала тілінің дамып қалыптасуы жоғары жүйке жүйесінің жетілуімен тығыз байланысты. Баланың айналасындағы дүниені танып, білудегі басты жәрдемшісі-тіл. Ал тілдің дамуы оның сана-сезімін , ой-өрісін, басқа да психологиялық үрдістің жетіле түсуіне негіз болады. Балалар жасының әр кезеңінде әртүрлі сөздер дамиды. Үш-жеті жасқа дейін – мың сөз, бастауыш сыныпты бітірген оқушылар он бес мыңға дейін жаңа сөз үйренеді. Күніне орташа есеппен алғанда бес-сегіз жаңа сөз үйренеді, негізгі әдебиет жанрларымен танысады, өлең, әңгіме, мысал, мақал-мәтелдер қолдану арқылы байланыстыра сөйлеуге үйренеді.

Тіл дамыту жұмысы- күрделі де шығармашылық жүйе. Тілін дамыту ең бірінші кезекте баланың өмірден туатын қажеттілікті, өз сұранысын айтуға талпынуынан туады. Тіл байлығының мол болуы бір жағынан балада жаңа құбылыс, көрініс, ұғымдар мен түсініктердің көбеюіне, ал екінші жағынан, тілді жан-жақты меңгеруіне байланысты. Тілдің жақсы дамуының құралы тілдік қор болып табылады. Тіл дамытудың негізгі көрсеткіштері:


  • Мен білуге тырысамын

  • Қазақ әдеби тіл нормасына сай сөйлей білу

  • Байланыстырып бейнелі сөйлей білуі

  • Мазмұндылығы; анықтығы, мәнерлігі

  • Грамматикалық, орфографикалық қатесіздігі

Тіл дамытудың негізгі көрсеткіштерін жүзеге асыру үшін , оқудың бастапқы кезеңінде мына мәселелерді анықтап алуға болады:

  • Сыныптағы әрбір баланың жалпы сөздік қоры

  • Сөздің дыбыстық жағын меңгеру дәрежесі

  • Байланыстырып сөйлеу дәрежесі

Тіл дамыту жұмысын жүргізу барысында кейбір қиындықтар кездеседі:

1.Сөздік қоры тапшы бала сөйлегенде, көңілінде сайрап тұрған ойын дәл білдіруге қажетті сөз таба алмай, сасқалақтап қиналып қалады.Баланың сөздік қоры біршама болғанымен белсенді емес, яғни бала көптеген сөзді біліп, ұғына тұра , оны дер кезінде пайдаланып, үнемі қажетіне жарата алмайды.

2. Оқушылар арасында дыбыстарды бұзып айтушылық, ,,Р,, орнына ,, Л,, ,

,,С,, орнына ,, Ш,, айту.

3. Ойларын шашыратып, байланыссыз айту

4. Сөзді қабылдауда мұғалімнің нені істеу керек екендігі жайлы айтқанын аяғына дейін тыңдамай, қолма-қол іске кірісетіні жиі кездеседі.

Бұл кедергілерді жүзеге асыру үшін дыбысты дұрыс айтпайтын оқушылармен жеке жүмыстар жүргізіп отырамын.

Ана тілі сабағында оқушылар мақал-мәтел, ертегілер, жұмбақтар, жаңылтпаштар сияқты ауыз әдебиеті үлгілерімен танысады.













Каталог: 0B5D37B2B884247A
0B5D37B2B884247A -> Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ Сабақтың типі: Жаңа білім беру
0B5D37B2B884247A -> «Биофизика» курсы
0B5D37B2B884247A -> Оқу жылындағы гуманитарлық бағыт бойынша әдістемелік бірлестігінің жүргізген I жарты жылдық қорытынды есебі
0B5D37B2B884247A -> Оқу жылындағы гуманитарлық бағыт бойынша әдістемелік бірлестігінің жүргізген жылдық қорытынды есебі
0B5D37B2B884247A -> Бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің 2015-2016 оқу жылына арналған жұмыс жоспарының қорытынды есебі
0B5D37B2B884247A -> Степной орта мектебі жанындағы «Қызғалдақ» шағын орталығының есебі
0B5D37B2B884247A -> Сабақтың мақсаты: Ақмола бекінісінің салынуының себебін ашу, Ақмола бекінісінің салынып, ондағы жаңалықтарды оқшыға анықтау
0B5D37B2B884247A -> Сабақ тың тақырыбы: «Қазақстан аумағында ауа температурасының таралуы»
0B5D37B2B884247A -> Степной орта мектебі бойынша қазақ мектебіндегі жаратылыстану – математика бірлестігіндегі пәндерінің жүргізілуі туралы жартты жылдық анықтама
0B5D37B2B884247A -> Степной орта мектебі бойынша қазақ мектебіндегі жаратылыстану – математика бірлестігіндегі пәндерінің жүргізілуі туралы жылдық анықтама


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет