Мектепішілік «Жас маман ізденістері мен жетістіктері» байқауының ережесі
Байқаудың мақсаты:
Заманауи прогресте мақсатқа жету үшін жас мамандарды үйрете отырып, заман талабына сай болу үшін білімі жоғары, мәдениетті, өзіне деген сенімі мықты, азаматтық айқындамасы орнықты, кәсіптік білімі жоғары, жаңалыққа жаны құмар, тың шешім таба алатын мұғалім болуға дайындау;
Жас мамандарға өздігінен кәсіби білім алуға деген көзқарас қалыптастыру;
Олардың шығармашылық жұмыс жасауды тиімді психология педагогикалық әдіс тәсілдерді іріктеу, оларды қолдану дағдыларын дамыту;
Кәсіби қызметіне тікелей қатысы бар нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа ала білуге баулу.
Міндеттері:
1. Мектептің жас мұғалімдерінің шығармашылықтарын, жұмыс істеу қабілеттерін анықтау;
2. Жас мамандардың кәсіби мәртебесін көтеру және қолдау;
3. Оқушылардың жоғары сапалы білім алуын қамтамасыз ету мақсатында оқыту мен тәрбиелеу әдістері мен нәтиже беретін педагогикалық технологияларды көрсету.
Байқауға қатысушылар:
Байқауға педагогикалық еңбек өтілі 1 жылдан 3 жылды құрайтын мектептің жас ұстаздары қатысады.
Байқаудың мазмұны:
Байқау барысында білім беру мекемесінде шығармашылықпен айналысатын жас мамандар анықталады. Байқаудың барлық кезеңі бойынша әділқазылар алқасы қатысушының іс-әрекетін келесі белгілер бойынша бағалайды:
-кәсіби шеберлік және жеке басының сапасы (шығармашылық, өз бетімен ізденушілік, талапкерлік және т.б.);
- мұғалімдер жұмысының жүйелілігі, оқыту технологиялары, тәрбиелеу және дамыту.
Педагогикалық іс-әрекеттің әсерлігі келесі көрсеткіштермен бағаланады:
- педагогикалық біліктілігі;
- теориялық білімі және тәрбие жұмысының әдістемесі;
- педагогикалық техникасы және сабақты ұйымдастыруы;
- адамгершілік-этикалық қасиеті, педагогикалық мәдениеті және ой-өрісі мен эрудициясы;
- қарым-қатынас өнері
Байқаудың кезеңдері:
Бірінші кезең. «Ең үздік портфолио». (7 ұпай)
Жас ұстаздар арасында 13-18 ақпан аралығынды өткізіледі. Жас мамандар арасында жүйелі жинақталған, құнды портфолиолар анықталады. Портфолиолардың жағымды тәжірибесі насихатталады.
Екінші кезең. «Сабақ беру- үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол - жаңадан жаңаны табатын өнер» тақырыбында ашық сабақтар. (10 ұпай)
10.02.-03.03.2017 ж. аралығында өтіледі. Байқауға қатысушылар өз пәні бойынша сабақ өткізеді. Сабақтың тақырыбын күнтізбелік тақырыптық жоспарға сәйкес қатысушы өзі анықтайды.
Үшінші кезең. «Тәжірибе алмасу – ең үздік әдістеме» тақырыбында сыныптан тыс жұмыстар. (7 ұпай)
03.-08.04.2017 ж. аралығында өтіледі. Байқауға қатысушылар өз пәні бойынша сыныптан тыс жұмыс өткізеді. Жұмыстың тақырыбын, түрін қатысушы өзі анықтайды.
Төртінші кезең. Қорытынды кезең. 11 04 2017
1-тапсырма. Өзін өзі таныстыру. (7 ұпай)
Жас ұстаздар өзін ұстаз ретінде слайд арқылы жан - жақты таныстырады. Презентация уақыты 3-5 мин.
2-тапсырма. Өз өнерін көрсету (3-5 мин) (7 ұпай)
Байқауға қатысушыларды бағалау:
1. Байқаудың әділқазы алқалары жас мамандардың шығармашылығын, ашық сабақтар, сыныптан тыс жұмыстар сапасын, мұғалім портфолиосын, қатысушылардың жаңашыл идеяларын бағалайды.
2. Байқау кезеңдерінің қорытындысы бойынша ең көп ұпай жинаған қатысушы байқау жеңімпазы болады.
Байқау жеңімпаздарын марапаттау.
Байқау нәтижесінде әділқазы алқалары байқау жеңімпазына «Үздік жас ұстаз - 2017» деген номинация береді. Барлық қатысушылар нәтижесіне қарай марапатталады.
Достарыңызбен бөлісу: |