Семинар Тақырыбы: «Ертегіні қолдану арқылы балалардың шығармашылықтарын арттыру»



Дата25.08.2017
өлшемі24,25 Kb.
#26457
түріСеминар
Орал қаласы, Т.Масина көш.44

19 «Золотой петушок» бөбекжайының МКҚК



Телефон (8-7112) 50-94-30

Аянғалиева Қарылға Сагингалиевна, директор

Семинар
Тақырыбы: «Ертегіні қолдану арқылы балалардың шығармашылықтарын арттыру»
Мақсаты: Балабақша тәрбиеленушілеріне саналы да сапалы білім беруде тәрбиеші-педагогтардың шығармашылықтарын арттыру, ой-қиялдарын дамыту, бірлесе жұмыстануға тәрбиелеу
Қажетті құралдар: интерактивті тақта, проектор, тасмалдаушы құралдар (флешка,дискі), шығармашылық жұмысқа қажетті құралдар: түрлі бояулар, желім,плакат т.б.

Жоспары:

1. «Мен жазушымын» (Әңгіме құрастыру)

2. «Суретшілер бейнелейді»(Тапсырма ұжымдық жұмыс)

3. Тренинг « Қай топ жылдам?»

4. «Өлең жазам өзімше» (Ұйқастарға өлең құрастыру)

5. «Бос микрофон» семинардан алған әсерлерімен бөлісу
Өту барысы
1. «Мен жазушымын» Әңгіме құрастыру (Тақтада берілган суретке қарап ойдан әңгіме құрастыру)

2. «Суретшілер бейнелейді» Тапсырма ұжымдық жұмыс:оқылған ертегі бойынша сурет салу.

Ертегі тақырыбы: «Арыстан күшігін асыраған мысық»

Бір мысық қаңғырып жүріп, анасы өліп қалған арыстанның күшігіне кез болады.Мысық күшікті бауырына басып, емізіп асырайды. Арыстан өсіп, азулы жыртқыш аң болып, өз азығын өзі табатын халге жетеді. Бір

күні ашыққа арыстан өзін асыраған мысықты жемек болады. Мысық оның бұл ойын сезіп, өрмелеп, ағашқа шығып кетеді. Сонда арыстан тұрып: -О, менің ақ сүтін емізген асырушым. Маған сен туған анамдай ыстықсың. Бүкіл қылықтарды үйреткенде, ағашқа өрмелеуді неге үйретпегенсің? –дейді.

-Қысылғанда керек болар деген едім,-депті сонда мысық.



3.Тренинг « Қай топ жылдам?» Педагогтар екі топқа берілген тапсырмаға орай орындарын ауыстырып отырады.

Жас ерекшеліктеріне байланысты үлкенінен сап түзеп тұру.

Бойларына байланысты сап түзеп тұру.

Еңбек өтіліне байланысты сап түзеп тұру.

Киім мөлшеріне қарай сап түзеп тұру.


4. «Өлең жазам өзімше» Берілген ұйқастарға өлең құрастыру:

1...... сабырлылық 2...... жайнасын

..... төзімділік ..... тоймасын

..... ұстамдылық ..... қайнасын

3...... балада 4...... таныстық

..... далада ..... тыныштық

..... қалада ..... тымыстық

..... қарада


5.«Бос микрофон» семинардан алған әсерлерімен бөлісу

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет