Бөлімі: Тіл дамыту. Тақырыбы: Әңгіме қурастырамыз (шығармашылық элементтерімен әңгіме құрастыру). Мақсаты



Дата20.07.2020
өлшемі15,94 Kb.
#63417

Технологиялық карта

Күні:

Білім беру саласы: Қатынас.

Бөлімі: Тіл дамыту.

Тақырыбы: Әңгіме қурастырамыз (шығармашылық элементтерімен әңгіме құрастыру).

Мақсаты:Сызба бойынша әңгіме құрастыру, зат есім мен сын есімді байланыстыру арқылы қарапайым оқиғаны ойдан шығару, күшіктің қимылын, дыбысын дыбыстай білуді үйрену.Сұрақ–жауап арқылы баланың тілін, зейінін, есте сақтау қабілетін дамыту. Үй жануарларына қамқор болуға тәрбиелеу.

Билингвальды компонент: ит –сабака, сүт –солоко, бала –ребенок.

Оқу іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

–Балалар, сендерертегі тыңдағанда жақсы көресіңдер ме?

–Балалар, сендер қандай ертегі білесіңдер?

–Балалар, біз бүгін бір қызықты әңгімені ойлап шығарамыз.

–Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырамын.


–Иә.


–«Жеті лақ»,

«Бауырсақ»,

«Шалқан».

Жұмбақ шешеді.



Ұйымдастырушылық-ізденістік

Үйіңді қорғайды,

Үйде бірақ қонбайды. (Ит)

–Балалар, біз бүгін ойдан қызықты әңгіме құрастырамыз. Кәне, бастайық, дайынбыз ба?

–Балалар, Скуби–Ду – мультфильмдегі иттің аты, ол ақкөңіл, әрқашан адамдарға көмекке келеді.

–Скуби–Ду қайтіп үреді?

–Ол неге жылап тұр?

–Оған қайтіп көмектесеміз? (Ұсынысты балалар береді).

–Скуби–Ду көңіл күйі қалай көтерілді?

–Иә, Скуби–Ду қарны тойып, ойнап жүр.

–Балалар үй жануарларына, оның ішінде итке қамқорлық жасауымыз керек, себебі ол –үй күзетшісі, адамның досы.

Билингвальды компонент:

Ит – сабака, сүт – молоко, бала – ребенок.

Сергіту сәті:

Қозы–лақты бағады,

Қылығымен жағады.

Жоғалса мал өрістен

Іздеп жүріп табады.

«Не істеп жатыр?» дидактикалық ойыны.

Әр балаға түрлі иттердің суретін беріп, олардың қимылдарына қарай не істеп тұрғанын айту. Мысалы: ит доппен ойнап тұр, ит ұйықтап жатыр, екі ит жүгіріп жүр. Жеке жұмысты қажет ететін балалардан сүйікті иті туралы сұрау.

–Иә.
Суретті қарайды.

–Әуп–әуп–әуп.

–Ол жылап тұр.

–Скуби–Ду көңілсіз. Ол жаурап тұр.

–Қарны ашып, сүт ішкісі келіп жылап тұр.

–Бала оған сүт берді. Сүт ішіп, қарны тойған соң иттің көңіл күйі көтерілді.

Балалар қайталайды:

Ит – сабака, сүт – молоко, бала – ребенок.



Бірге қайталап, сәйкес қимыл жасайды.
Әр бала иттердің суретін алып, олардың не істеп тұрғанын айтады.

Рефлексилық–түзетушілік

Сұрақ –жауап арқылы оқу іс–әрекетін қорытындылайды.

Балалардың жауабы тыңдалады.

Орындайды:үй жануарларына қамқорлықпен қарау;

Түсінеді: зат есім мен сын есімді байланыстыра отырып, қарапайым оқиғаны қалай ойдан шығару керектігін;

Қолданады: сурет бойынша сөйлем және әңгіме құрастыра білу іскерліктерін.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет