А.Косарев атындағы №9 орта мектебі
Пән. Биология, әдебиет
Тақырыбы:
Биология: Жыртқыш құстар. Оларды қолға үйрету
Әдебиет: С.Мұқанов «Саятшы Ораз» әңгімесіндегі кейіпкерлер әлемі»
Өткізгендер: Биология пәні мұғалімі:
Б.Ж.Нурмуратова
Әдебиет пәні мұғалімі
Ж.Қ. Умирбаева
Күні: 18.04.2016
Сыныбы:7 «б»
Пәні: Биология,қазақ әдебиеті
Сабақтың тақырыбы: Биология: Жыртқыш құстар. Оларды қолға үйрету
Әдебиет:С.Мұқанов «Саятшы Ораз»әңгімесіндегі кейіпкерлер әлемі»
(«Өмір мектебі» өмірбаяндық трилогиясынан үзінді )
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік. Жыртқыш құстар туралы мағлұмат беру, оларды қолға үйрету мақсаты яғни саятшылық және осы саятшылықты әдебиетпен байланыстыру
С.Мұқановтың «Саятшы Ораз» шығармасын оқыта отырып,әңгіме мазмұны арқылы кейіпкерлер бейнесіне талдау жасау, іс-әрекеті арқылы оларға баға беру, халқымыздың саятшылық өнері туралы мағлұмат беру.
2. Дамытушылық. Оқушыларды өз бетінше іздену жұмысын жасауға, шығармаға кешенді талдау жасауға төселдіру. Өз ойын еркін, толық жеткізе білуге жетелеу.
3. Тәрбиелік. Адамгершілік қасиеттерге, оның ішінде кішіпейілділікке, кеңдікке баулу, халқымыз қадір тұтқан саятшылық кәсібін құрметтеуге, табиғатты сүюге шақыру.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: Сын-тұрғысынан ойлау стратегиясы, сұрақ-жауап, ойтолғаныс ,
Блум жүйесі, топпен жұмыс, толықтыру ,сатылай кешенді талдау т.б.
Сабақтың көрнекілігі: : интерактивті тақта,жыртқыш құстар туралы слайд, видео, жазушы ның портреті,саятшының,аңға түсетін қыран құстардың макеті, видеоролик, слаид,А-3 форматты қағаз,маркерлер т.б.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, этнография, қазақ тілі, тарих, география, еңбек, бейнелеу өнері, музыка
Сабақтың барысы:.а)Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу,сабаққа қатысын тексеру. ә) Жаңа сабақ
Балалар,біздің бүгінгі сабағымыз ерекше. Биология қазақ әдебиеті пәні мұғалімі екеуіміз бірігіп, жаңа үлгідегі кіріктірілген сабақ өткіземіз. Ендеше сабағымызды бастаймыз.
Психологиялық дайындық. Тақтаға саятшылық туралы деректі фильмнен үзінді жіберіледі.Оқушыларға үзіндіден не көргені,ол туралы не білетіндері туралы сұраймын.(2 мин.)
( биология ) Саятшылықтың пайда болу себептері не?( 4 мин.)
І. Білу.Қызығушылықты ояту. «Миға шабуыл» стратегиясы
Слаид.
-Саятшылық дегеніміз не?
-ғажайып өнер
-ата кәсіп
-денсаулық
-спорт…
Саятшылық - қазақтың ежелден келе жатқан ұлттық өнерінің бірі. Саятшылық құс салып, аң аулау өнері. Мұндай адамды «құсбегі» деп атайды. Құстың «тілін» білетін және оның мінез-құлқын, жан-дүниесін, қасиеті мен табиғатын білетін адамдар.
Оқушылардан жауап алған соң,ортада тұрған макетке назар аудартамын.
Сабақтың эпиграфы:
Қансонарда бүркітші шығады аңға,
Тастан түлкі табылар аңдығанға,
Жақсы ат пен тату жолдас – бір ғанибет.
Ыңғайлы ықшам киген аңшы адамға.
Мұғалімнің сөзі: - Балалар, біздер бүгінгі сабағымызды ұлы Абай атамыздың “Бүркітші”өлеңімен тектен-текке бастап отырған жоқпыз. Бүгінгі сабағымыз саятшылық пен аңшылыққа байланысты.
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы биология пәнінен «Жыртқыш құстар. Оларды қолға үйрету» және әдебиеттен С. Мұқановтың “Өмір мектебі” романынан алынған үзінді «Саятшы Ораз» .Сабағымыздың басты мақсаты-«Саятшы Ораз»әңгіменің мазмұны мен идеясын ашу,көркемділігін таныту,жан-жақты талдау жасау,
кейіпкерлерге мінездеме беру,бейнесін ашу. Екінші сабақ болғандықтан,
Қазақ халқы елін,жерін жаудан қорғаумен бірге аң аулап,аңшылық,дәстүр етіп,
халқын асыраған.Бұрын біздің халқымыз аңшылық-күн көрістің бірі деп санаса,бүгінде
оны сауық-сайран,сән-салтанат рәсімі дәрежесінде қызықтап тамашалайды.Саятшы-
лықты халық ежелден өнердің бір түрі деп бағалаған.Табиғатпен қоян-қолтық араласып,бір-біріне жақындығын сезінген.
Биология.Сыныпты төрт топқа бөліп, әрқайсысына ат беріледі.Не себепті олай атадыңдар?( 2 мин)
I топ – сұңқар.
II топ –лашын.
III топ – қыран.
IV топ-қаршыға
Бұл сабақ құстар класы бойынша төртінші сабақ болғандықтан оқушылар алдыңғы сабақтарда топқа бөлінген . сол топқа қойған өз аттарын қорғау.Эмблемаларын көрсету.
Үй тапсырмасын сұрау.«Екі жақты түсіндірме күнделігі».( 4 мин.)
Трилогия –мазмұны бір-бірімен байланысты,негізгі кейіпкерлері ортақ бір автордың үш кітаптан тұратын шығармасы.
Саятшы – құсбегі, құс баптаушы
Кісе – күміспен, жезбен әшекейлеп істеген, шақпақ салатын қалтасы бар қайыс белбеу
Кендір – арқан жіп
Шиті – оқпаны ұзын, екі аяқты білтелі мылтық
Итақай – иттің күшігі
Шілік – сулы жерде өсетін бұта
Биология.
Тұрымтай-кішірек келген жыртқыш құс
Ителгі-сары шұбар қанаты ұзын кішкене қыран құс
Қаршыға-шағын денелі имек тұмсықты құс
Тұйғын-қаз,үйрек аулап коректенетін жыртқыш құс
Мұғалімнің сөзі (2 минут)
Жыртқыш құстар (Falconiformes отряды) мен жапалақ (Strigiformes отряды) отрядына қатысты құстардың түрлері жыртқыш құстар деп танылады.
Жыртқыш құстар — тірі жануарларды немесе олардың өлекселерін жеп тіршілік ететін құстар. Жыртқыш құстардың арасында тұрқы 1 метрге, жайған қанаты 2,75 метрге жететін ең ірі (құмай), тұрқы 15 сантиметрдей өте ұсақ (ергежейлі сұңқар) түрі бар. Жыртқыш құстардың тұмсығы имек, шеті өткір, кескіш. Қанаттары ұзын, көбіне ұшты, кеуде тұсы, сан еттері жақсы дамыған. Көру, есту жүйелері жақсы жетілген. Тырнақтары өткір, имек, жемін бүріп ұстауға, өлтіруге бейім.
Жыртқыш құстардың көбі жемін күндіз аулайды. Кейбір түрі сүт қоректілерді (әсіресе кемірушілерді), құстарды, бауыры мен жорғалаушыларды, кейбіреуі моллюскілерді жейді. Өлексемен, балықпен, насекомдармен қоректенетіндері де бар.
Жыртқыш құстардың 5 тұқымдасқа бөлінеді. Олар: Оңтүстік және Солтүстік Америкада тараған америка құмайлары (6 түр), Африка саванналарында кездесетін секретарь (1 түр), жер жүзіне кең тараған балықшы (1 түр), тек Антарктика мен кейбір мұхит аралдарында ғана жоқ қаршыға (205 түр) және сұңқар тұқымдасы (58 түр). Бұдан Қазақстанда 38 түрі кездеседі.
Жыртқыш құстар— моногамды құстар, жылына бір рет жұмыртқалайды. Ірілері 1—2, ұсақ түрлері 6—7 жұмыртқа салады.
Балапандарын 28 (сұңқар), 55 күн (құмай) арасында шығарады. Ауыл шаруашылығына зиянды кемірушілерді, насекомдарды, өлекселерді жеп, аймақты санитарлық жағынан тазартып, ауру, әлсіз құстарды, жануарларды оңай ұстап, табиғи сұрыптау процесіне қатысып пайда келтіреді.
Жыртқыш құстардың кейбір түрі (бүркіт, қаршыға, ителгі т. б.) өте ерте заманнан бері әуесқойлық аң аулау үшін пайдаланылады.
2 ЖЫРТҚЫШ ҚҰСТАРДЫҢ ҚАЗАҚСТАНДА ТАРАҒАН ТҮРЛЕРІ
Бүркіт -Aquila chrysaetos
Тип Хордалылар (Chordata). Клас Құстар (Aves). Отряд (Falconiformes). Тұқымдас (Accipitridae). Туыс (Aquila). Түрдің авторы Linnaeus, 1758.
Біздің елімізде бүркіттің жеті түрі мекендейді. Олардың арасындағы ең бір ерекше ғажабы — қыран бүркіт. Ол — қасқырды да алатын, өте күшті, ірі денелі алып құс. Кавказды,
Орта Азия мен Қазақстанды мекендейтін халықтар ежелден бүркіт салып, аң аулайды.
Ең алдымен бүркітші бүркіттің балапанын ұядан алады. Мұның өзі өте қауіпті кәсіп. Өйткені, бүркіт өзінің ұясын жан аяқ баспайтын қия жартасқа салады және аталық (шәулі) бүркіт пен ұябасар бүркіт өз балапандарын жанын сала қорғайды.
Бүркіт еліміздің оңтүстігіндегі адам аяғы баспаған, ешкім аспаған мұзарт шыңдар мен қия жартастарды мекендейді. Олар Сібірдің ит тұмсығы өтпейтін қалың ормалдарында, сондай-ақ еліміздің Европалық бөлігіндегі ормандарда да кездеседі. Ормандағы бүркіттер елден, жолдап аулақ алыс түкпірлердегі кәрі ағаштың ұшар басына ұя салады. Өздері өте сақ. Адам көзіне сирек шалынады.
Тек күздігүні балапандары есейігенде ғана бүркіт ұясымсн топтанып, шырқау биікте қалықтап жүреді.
Күн суығанда бүркіттер ұясынан алыс жақа сапар шегеді. Жас бүркіттер қыста қоныс аударған жаңа жерге тұрақтанып, келесі суық түскенге дейін осы өңірді мекен етеді.
Ал енді кәрі аталық бүркіт пен ұябасар бүркіт өздерінің түпкілікті мекеніне қайтып оралады. Олар бұрынғы ұяларын жөндеп, мұнда тағы да балапан басып шығарады.
Лашын-Falco peregrinus
Тип Хордалылар (Chordata). Клас Құстар (Aves). Отряд (Falconiformes). Тұқымдас (Falconidae). Туыс (Falco). Түрдің авторы Tunstall, 1771.
Жойылып кету қаупы бар түр. Лашын жер шарында кең тарағанмен, Қазақстанда анық екі-ақ жерде ұясын тапқан-біреуі Наурыз қорығында 1935 ж., екіншісі -Оңтүстік Алтайда 1958 жылы табылған. Бұдан кейін оның Қазақстанда ұя салғанын ешкімде көрген емес. Республикамыздың үстінен қыста да ұшып өткенімен, бізде қыстайтындарының саны азаюда; мысалы, Алматыда 1883-1888 жылдары 2-ден 5-ке дейін лашындар қыстаған. Қолдан өсіріп, жетілген балапандарын еркіне жіберу керек
Ақ сүңқар-Falco rusticolus
Тип Хордалылар (Chordata). Клас Құстар (Aves). Отряд (Falconiformes). Тұқымдас (Falconidae). Туыс (Falco). Түрдің авторы Linnaeus, 1758.
Сирек кездесетін, бізде өнебойы қыстамайтын түр. Солтүстік Америка мен Ев-разияның арктикасында таралған, қыстау үшін оңтүстікке ұшып кетеді. Қазақ-станда қыста Көкшетау, Өскемен, Алматының маңайынан кездестірілген, ондағы ашық қоймалардан кіші дүркептермен қоректенеді. Барлық жерде де жекелеген құс көзге түскен. Санының азаю себептері анықталмаған, қорғау шаралары белгіленбеген. Барлык, қырандарды қорғауды халық арасында кеңінен насихаттап, оларды қолдан өсіруді тездету қажет
Ителгі-Falco cherrug
Тип Хордалылар (Chordata). Клас Құстар (Aves). Отряд (Falconiformes). Тұқымдас (Falconidae). Туыс (Falco). Түрдің авторы Gray, 1834.
Қазақстанда бұл түрдің кейінгі 3-4 жылда саны күрт кеміп кеткендіктен жойылып кету қаупы бар. Оның басты себебі: араб елдеріне сатү үшін ересектерін аулау және ұядағы балапандарын алу. Заңсыз аулаудың осындай түрі соңғы жылдары кең тарап отыр. Бұл түрді Ақсу-Жабағлы, Наурзым және Үстірт қорықтарында ғана қорғаудың жеткіліксіздігі байқалып отыр. Жаңа қорықтар ұйымдастырудан да бұрын оларды аулауға толық тыйым салу керек
ІІ. Түсіну.Мағынаны тану. (музыка)
I топқа.«Ой жинақта жоспарлап» Әңгімеге жоспар құру.(7 мин.) (музыка)
1. Саятшылық (биология)
2. Саятшы Ораз.(әдебиет)
3. Ораздың мергендігі. .(әдебиет)
4. Ораздың құс баптау шеберлігі. (биология)
5 Ораздың адамгершілігі.
7. Аңшылық туралы әңгімелер.
II топқа. Әңгіменің композициялық құрылымы.
III топқа. Әдебиет теориясы: (әдебиет)
Теңеу : жұлдыздай, тебінгідей, шақырымдай
Синоним: саятшы, құсбегі, үлкен,зор, ну, қалың
Идиома : Иттің ұлы итақай – кімкөрінген
Мақал-мәтел:«Ең ауыр ақы- көрші ақысы»
IV топқа.Бес жолды өлең(биология) ,(әдебиет)
Зат есім (кім?) – саятшы
Сын есім (қандай?) – әзілқой- жайдары
Етістік (не істеді? Не қылды? Қайтті?) – аулады-ұшты-самғады
Сөйлем құра – Саятшы - құс салушы адам
Синоним – құсбегі
Видео (құсбегі )Өмірдің өзі саятшылық 1 мин
Биология.Құсбегіге байланысты сұрақтар.
Құстардың бейнесінің аузына сұрақтар ілінеді, оқушылар содан алып жауап қайтарады.(әр топқа 3 минуттан)
1.Құсбегі кім?
2.Мына суреттердің саятшылыққа не қатысы бар? Аттарын ата
3.«Мұсылман құс» деп қайсы құсты атайды. Анықтама бер
4.ҚР туында қандай құс бейнеленген, не мағына береді?
1- топ: Ораз бейнесіне лайықтап мақал айту.(2+3 мин.) (әдебиет)
1.Жігітке жеті өнер де аз.
2.Адам өнерімен әсем,
Аң жүнімен әсем.
3.Үлгісі көптің өрнегі көп,
Өнері көптің ермегі көп.
4.Өнерлінің өрісі кең.
5.Өнерлі өрге жүзеді.
6.Ақылды жігіт атқа да мінер,
Таққа да мінер.
Биология.Топтық жұмыс.
2-топ: Бүркіттің жабдықтарын сипатта
Томаға. Бүркіттің екі көзін жауып тұратын, дулыға тәрізді, бүркіттің басына киілетін, теріден жасалған жабдық. Оны шымыр былғары немесе икемге келетін жұмсақтау көннен жасайды. Сондай-ақ, құстың басының үлкен-кішісіне назар аударып, арнайы былғарыдан дайындайды. Терінің майда келген, өң бетін ішіне, тігісін сыртына келтіріп тігеді. Көзге келетін тұсын сыртына қарай томпитып, қуыстап, көзіне тимейтін, қажамайтындай етіп келтіреді. Саңылаусыз болады. Алайда құстың тұмсығы шығатын жері ойылып алынып, астына, тамақ жағынан тамақбау тағылады. Томағаның жоғарғы жағына — шешкен кезде құсбегі саусағына іле салуға оңай болуы үшін, төбесіне ілмек айдар кигізеді. Төбе тұсына, милықтарына сәндік үшін алтын, күмістен құйылған кішігірім әшекейлі құйма орнатады. Ол да біздің қолөнеріміздің бір көрінісі. Құс «жалаңбас» (томағасыз) үйде отырғанда, түзде қолға алып жүргенде қимылдап, мазасыз болады. Кез келген қыбыр-жыбырға, жәндікке, желге талпынып, қанат құйрығын тоздырады. Жақын келген ит, бала, тіптен кейде иесін де шауып, шоқып алатындықтан, көзін осы құрылғымен жауып қояды.
Кұстың аяғына тағылатын баулар. Балақбау, шолақ аяқ бау, тобыршақ, шыжым — бұлар бүркітті қолға үйретуге және ұстап алып жүруге, тұғырға отырғызғанда байлап қоюға арналған жабдықтар. Мұндағы құстың екі жіліншігіне (балағына) бірдей тағылатыныбалақбау немесе білезік-бау құстың аяғында үнемі бірге жүреді. Оны құстың балағын қыспай, еркін айналып тұратындай білезік формалы етіп жұмсақ қайыс, былғарыдан дайындайды. Жіліншікті орап, бунақтап тұратын сол тұсын алақан дейді. Алақан қажамас үшін терінің ішкі жағына жұмсақ шүберек, киіз қабатталып астарланады. Дөңгелек шара тәрізді балақбаудың алақанының радиусы құс жіліншігінің жуан-жіңішкесіне қарай, ал жалпақтығы екі елі (4 см) шамасында. Теріні күміс құйма, түрлі әшекеймен сәндейтіндер де бар. Балақбауды екі бүлдіргеге өткермелеп құстың балағына тағады.
Осылайша білезік формасындағы екі балақбаудың бүлдіргесіне немесе шығыршығына шолақбау (кейдежелібау) аталатын ұзындығы 1-1,5 қарыс (20-30 см), жуандығы 3 мм мөлшеріндегі қайысбау жалғанады. Оған жіңішке таспа немесе өріп ширатқан жұмыр қайыс таңдалады. Қолдағы бүркіт талпынғанда, сусып шығып кетпес үшін екі баудың ортасына бір-бір түйін, бөгет кедергі салынады. Аттың тұсамысы тәрізді балақ және шолақ баулар құсты тұғырға қондырғанда, алып жүргенде, жемдегенде құстың аяқтарының еркін қозғалуына, құсбегінің ұстап отыруына жағдай жасайды. Аңға да осы баумен ұшады, қашып кеткен жағдайда да аяғынан түспейтіндіктен, түз бүркітінен ажырату оңайға соғады. Және де мұндай қолға үйретілген қыранды айламен қайта ұстап алуда оңай.
Тұғыр. Бүркіттің күтіміне арналған отыратын құрылғы. Биіктігі құс отырғанда шалғысы жерге тимейтіндей мөлшерде, шамамен 1,5-2 қарыс (30-40 см), сирақтары жан-жаққа талтайыңқы келген жуандығы бір білем 3-4 сирағы бар ағаштан жасалған "орындық". Ұсақ құстардікі әрине бұдан көп аласа, құс отырғанда шалғылығы жерге тимейтіндей ғана болады. Үстінде құс отыратын 25х10 см үстіңгі текше табаны, немесе бір білемдей құсқонары болады. Текше табанды тұғырдың бүркіттің тұяғы білемдей ұстап, таймай отыратын кемері бар. Құс отыратын "құс басар" аталатын бөлігінің киізбен қапталуы құс тұяғын мүжілуден сақтайды.
Қарағай, терек, самырсын сияқты ағаштардың үш ашалы бұтағынан немесе тамырлы түбірінен шауып жасалған тұғыр табиғи әрі берік. Тұғырдың кәдімгі бала орындығы тәрізді етіп арнайы қашап, сүргілеп дайындалғандары және таутекенің мүйізінен үш аяқты етіп, жиналып-құралатын түрлері бар. Ауқат дәрежесіне сай құсбегілер тұғырды "алтынмен аптап, күміспен күптеп" сирағына құйма көз орнатып, сәндетіп дайындатады. Тіптен қасқыр, түлкі бейнесінде жасалған тұғырлар бүркітті алғыр етеді деп сенген.
3-топ: Құстарға байланысты ырымдар.
1.Бүркіттің тұяғы қасиетті саналады, оны үйдің төріне іледі.
2.Бүркіт қанатымен үй, кілем, сырмақ, басқа да дүниелерді сыпырмайды. Керісінше, оны жастыққа салып жатса бас ауырмайды, басты пәледен сақтайды, адам шошып оянбайды деп сенген халық санасынан берік орын алған.
3.Бүркіттің тұғырына адам отыруға болмайды. Атадан балаға мүрагерлікке қалдырылатын киелі зат деп танылады. Қазақта: "Ат өлсе ер-тоқым үйіледі, құс өлсе түғыр күйінеді"- деген аталы сөз тұғырды бос қоймай, ұдайы қолдану қажет деген қағи даны меңзейді және біреу құс ұстап алып келсе, міндетті түрде тарту еткендігін білдіреді.
4. Бүркіт- адамдарға бақыт әкеледі, егер,яки ол жол үстінде кездесіп қалатын болса, жолы сәтті болады.
4-топ:Құстар туралы мақал-мәтелдер.(биология)
1.Сұңқар-құстың төресі,
Лашын-құстың жендеті,
Қаршыға-құстың ұрысы.
2.Атбегі тұяғына қарар,
Құсбегі қияғына қарар.
3.Бүркіт самғап ұшып, сорғалап түсер.
4.Қыран құс шашып жейді, қара құс басып жейді.
ІІІ.Қолдану.Мәтіннен көркемдегіш құралдарды табу.(4 мин.) .(әдебиет)
1-топ. Портрет – шығарма кейіпкерлерінің сыртқы түр-тұлғасын суреттеу.
Орта бойлы, кең жауырынды, төстік кеуделі, мұрнының екі жақ сайынан басқа бетін түгел жапқан, ұзындығы кіндігіне түсетін қалың ақ сақалды, кішірек келген дөңестеу мұрынды, ойнақылау келген дөңгелек қара көзді, желкілдеген ұзын ақ қасты, кең маңдайлы, әжімсіз қызыл-күрең кескінді, ықшам сыртқы киімдерін шалбарланып алатын, сол жақ бүйірінде қынды ұзын кездігі салбырап жүретін, арқасынан асынған шиті мылтығы түспейтін адам…
… Жасы алпыстарды орталаған Ораздың денесі тіп-тік, жүрісі шапшаң.
2-топ. Мінездеу– әдеби кейіпкерді таным-түсінігі мен мінез-құлқын таныта даралай суреттеу.
Ораз аса жарқын мінезді, ұрыс-талас дегенді білмейтін, өзі ешкімге соқтықпайтын, кісіге телмірмейтін, сұрағанның қолын қақпайтын, үлкенмен де, кішімен де құрдас, ойыншыл, әзілқой, қалжыңшыл, аса жайдары мінезді адам.
3-топ.Пейзаж –табиғаттың көркем суреті
Біз көшіп барған ауыл қыстауының ұзын тұрқы батыстан шығысқа қарай созылған биік дөңнің қырқа жотасында. Жотаның ұзындығы төрт-бес шақырымдай, қапталының кеңдігі екі-үш шақырымдай. Осы жотаның батыс пен шығыс жағын және екі жақ қапталдығын жаба өскен қалың ну ағаш. Ағаштары түп түгел қайың мен терек. Ауыл қалың ағашты қырқа жонның арасында тұрады. Төбеден жауған қар болмаса, қысты күні қалың ағаштан бұл ауылға боран беттей алмайды. Қырқа жонның нақ биігінде сай бар, көктем кезінде бұл сайда аттың бауырлығынан келерлік су жатады да, төңіректей қалың ағаш өскен ауыл осы сайда дөңгелене орналасқан.
4-топ. Сұраққа жауап іздейді.Жыртқыш құстар деген не? Олардың пайдасы қандай? (биология) (әдебиет),
«Саятшы Ораз»әңгімесінен қандай тәрбие аламыз?
Сабақты қорыту.( 2 мин.) Адамгершілік Ақылдылық Адалдық
Ізгілік Қарапайымдылық
Кішіпейілділік Қамқорлық Жанашырлық
«Ой қорыту» стратегиясы.«Зерделі сұрақ, ұтымды жауап» (7 мин.)
Білімді бекіту.
Биология пәніне байланысты сұрақтар
1. Бүркіттің екі көзін жауып тұратын, дулыға тәрізді, бүркіттің басына киілетін, теріден жасалған жабдық (томаға)
2. Бүркіттің күтіміне арналған отыратын құрылғы (тұғыр)
3.Бүркіттің төрт саусағын ата? (тегеурін , жембасар,сығыс, шеңгел )
4. Секундына 100 метр жылдамдықпен төмен қарай сорғалайтын құс? (Лашын)
5.Қызыл кітапқа кірген жыртқыш құс (ителгі.бүркіт)
Қазақтың құсбегілері қандай құстарды қолға үйреткен?
С.Мұқановтың «Саятшы Ораз»әңгімесінде осы саятшылық өнерді қуған Ораз атты кісінің өнері жайлы айтылған.Оның елге берген көмегі,ісі,адамгершілігі жан-жақты ашылып айтылады
VІ. ҚорытуБағалау. «Өзін-өзі бағалау парағы» бойынша бағаланады.( 2 мин.)
Бағалау парағын толтыру:
VI. Үйге тапсырма .«Қазақ халқының ғажайып өнері–саятшылық» тақырыбына шығарма жазу.Саятшы Ораздың бейнесін сомдап сурет сал. Басты кейіпкерге хат.
Достарыңызбен бөлісу: |