Мазмұны І. Кіріспе бөлім



бет2/2
Дата25.03.2017
өлшемі179,44 Kb.
#12274
1   2
Бұлар баланың дүниетанымын, түсінігін, болжағыштығын, ұғымын кеңейтуде және тілін ұстартып, ойын дамытуда маңызды рөл атқарады. Баланың тілін шыңдай түсіп, асықпай, еркін сөйлеуіне көмектеседі.

Жаңылтпаштар балаға затты аңғаруға, ой-өрісін дамытуға игі әсерін тигізеді. Балаға жаңылтпаш үйретіп, оны айтқызу сөзді дұрыс сөйлеуге әдеттендіреді, кейбір тілі келмейтін дыбыстарды анық айтуға жаттығады.

1.Шеше кеше,

Сынды неше кесе?

2.Ала қарғаларға қара қарғалар үйір,

Қара қарғаларға ала қарғалар үйір.

3.Есет атам ет асатар,

Ет асатса, бес асатар.

Жұмбақтарда аталған нәрселердің сипат белгілеріне қарап, балалар оның шешімін табады. Оқушыларды тез ойлауға, шапшаң жауап беруге, тапқырлыққа үйретеді. Қолданатын жұмбақты оңайынан бастап, бірте-бірте күрделендіріп отырамын. Сан алуан тақырыптардағы қазақ жұмбақтары оқушы қиялына қанат бітіре отырып, табиғаттың сан түрлі құбылыстарын үғып, түсіне білуге, жадында сақтап жаттауына, керек кезінде тез еске түсуіне қарай қолайлы болып келеді.

1.Қабат-қабат қаптама,

Ақылың болса аттама. (Кітап)

2. Кезікті бір жануар,

Үстінде екі тауы бар. (Түйе)

3. Сарғайып піседі,

Үзіліп түседі.

Ешкім жемейді,

Тәтті екен демейді. (Жапырақ)

4. Тептім, терекке шықтым. (Үзеңгі)

5. Көк қозым көгенде жатып семіреді. (Қияр)

Жұмбақты тек қана оқып, шешеуін табу ғана емес, сол жұмбақтың шешуін қатыстырып сөйлем, сөйлемнен әңгіме құрап айтуға болады.

Әдебиеттік оқу сабақтарында мақалды аяқтау тапсырмаларын жиі пайдаланамын.

Ашу-дұшпан, ақыл-дос..........................

Туған жер-...............................................

Орны ауыстырылып берілген сөздерден мақал құрастыру тәрізді тапсырмаларды да орындатамын.

1.Белгілі, сасқанда, ер, шапқанда, ат, белгілі.

2. Жанға , ат, серік, жақсы.

Нәтижесінде баланың тілі, ойлау қабілеті дамиды. Мақал-мәтелдер балаға ой салумен қатар оларды көркем сөйлеуге жаттықтырады, сөз байлығын, сөздік қорын дамыта түседі, сөйлеу мәдениетін дамытады

Оқушылардың ой-қиялын дамытып, эстетикалық сезімдерін ұштай түсетін шығармалардың бірі- ертегілер. Ертегілердің қай түрі болмасын баланың, ой-өрісін, тілін, дүниетанымын кеңейте түседі. Кез келген бала ертегіні қызыға тыңдайды. Сондықтан ол оқушыларға ерекше күшті әсер ететін құрал деуге де болады.

Сөз-тілдің негізгі өлшемі. Тіл дамытудың басқа түрлері сияқты сөздік жұмысы оқу-тәрбие жұмысының барлық саласында жүргізіледі. Балалар сөзді ұғу арқылы сөйлеу үстінде тілін дамытады. Сөздік жұмысы баланың ойын дамытумен тығыз байланысты.

Сөздік жұмысын ұйымдастырғанда көңіл бөлінетін жағдайлар:



  • Ойы шашыраңқы балалармен айтар ойын тәртіппен , жүйелі сөйлеуге үйрету жұмыстарын сабақта, сабақтан тыс уақытта да жүргізуге тырысамын.

  • Оқушыларды ойды білдіруге көмегі жоқ , артық сөздерді қолданбай, таза сөйлеуге дағдыландыруға жұмыстар жүргіземін.

  • Оқушының сөйлегенде асығып-аптықпай немесе тым жайбырақаттыққа салынбай , байсалды сөйлеп үйрену, өзін дұрыс ұстау мәдениетіне де жаттықтыру жұмыстарын жүргіземін.

  • Әңгімелесу барысында сұрақ қоя білу, өзіне қойылған сұраққа тиянақты жауап қайтара алуға дағдыландыруға да көңіл бөліп отырамын.

  • Оқушыларды көпшілік алдында еркін сөйлей білуге үйрету қажет. Сынып алдында тыңдаушыларға қарап ойын асықпай, қысылмай айтып беру шеберлігіне үйрету де тілдерін жетілдіріп, ой ұшқырлығын дамытады, көпшілік алдында өзін ұстай алуға дағдыланады.

Әдебиеттік оқу пәнінде көркем шығармалар жиі кездеседі.Шығарманы оқытуда мазмұнына және оқыту барысында түсініксіз сөздерді түртіп алып отыруға басты назар аударамын. Мағынасы қиын сөздерге түсінік беремін. Бұл сөздерді оқушылар сөздік дәптерлеріне жазып отырады.

Сөздік жұмысын жүргізуге төмендегідей талаптар қойылады: мазмұнды сөйлеу, жүйелі сөйлеу, мәнерлі сөйлеу және дәл сөйлеу.

Мазмұнды сөйлеу ойды айқын, сендіре, тыңдаушысына әсер ете, оны толқыта білу шеберлігі.

Жүйелі сөйлеу- оқушы ойының бір ретпен жүйелі баяндауы.

Мәнерлі сөйлеу барысында шығарманың идеялық, эмоциялық жағына баса көңіл бөліну қажет. Өйткені нағыз көркем шығарма ғана балалардың ой сезімін қозғайды, әсемдікке үйретеді. Мәнерлеп оқу тілге деген талғамды, сөзге деген сезімді тәрбиелейді.

Оқушылардың тілін байытуды сөйлеумен байланысты іске асыруда төмендегідей қажеттіліктер туындайды:

-Сөйлемді дұрыс қолдану, құрастыру арқылы ойын жүйелі айта білуге дағдылану;

-Сөйлемдегі сөздерді белгілі бір ойдың төңірегінде құрастырып, дұрыс сөйлеуге жаттықтыру;

Сөздік жұмысының ең маңызды міндеті – оқушылардың ауызекі сөйлеуде қолданылатын сөздер қорын толықтыратын сөздікті белсенді ету;

Жаңа сөздерді оқушылардың есіне сақтаудың тәсілдері мен тілін дамыту үшін жүргізілетін жаттығулар:

- Тақтаға жазып, оны буынға бөлу;

- Сөз мағыналарын анықтауда ұғымның белгілерін санайтындай жаттығулар (жаттығу жұмыстары)

- Жаңа сөзді кірістіре сөйлем құрастырып, мағынасын ашу;

- Жаңадан үйренген сөздерге байланысты шығармашылық жұмыстар;

- Әңгіме, мазмұндама, шығарма жазу.

Балалар сөздігін мынадай жолдармен байытуға болады:

- Қоршаған ортаны байқату, аңғарту (табиғат пен адамдардың қоғамдық және өндірістік еңбегімен таныстыру, танымжорықтар ұйымдастыру)

- Арнаулы тілдік жаттығулар жүргізу;

- Сыныпта әңгіме мазмұнын талқылау және талдау.

Бастауыш мектепте суретке қарап әріп тану ,,Әліппе,, оқулығынан басталады. Суреттер оқушылардың мәтін мазмұнын түсінуге көмектеседі. Сурет бойынша оқытылатын мәтіндерге берілген суреттердің бір ғана сурет болып берілетіні де , тізбекті сурет болып берілетіні де бар. Бастауыш сынып оқушылары үшін кітаптағы суреттердің тәрбиелік мәні зор.Олар баланың оқығандарын түсінуіне , есте сақтауына көмектеседі. Суретпен жұмыс кезінде мұғалім балаларға :

-Мына суреттерде не бейнеленген?

-Суреттегі адамдардың аттары қалай?

-Олар не істеп жатыр?

-Олардың әрекеттері дұрыс па? деген секілді сұрақтар қойып, жауабына көңіл қойып, дұрыс баға беріп отырған жөн.

Көптеген суреттер бала тікелей көре алмайтын оқиғалар мен заттар жөнінде мағлұмат береді, суреттер арқылы алыс елдерде, ғарышта, мұхиттарда болып қайтқандай әсер болады. Сондықтан да балалардың мәтін суреттеріне мән беруінің маңызы зор екендігіне ерекше көңіл бөлемін.

Әдебиеттік оқу сабақтарында оқушылардың сөздік қорын молайтуда білімділік мазмұн ғана жетпейді, сонымен қатар тәрбиелік мәні де жатады.Мысалы:танымдық зерттеу жүргізу, ойын, сайыс түрін ұйымдастыруға болады.

Осындай жағдайлар ескерілгенде ғана оқушылардың тіл мәдениеті қалыптасып, сөздік қоры жетіледі.

Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, тілін дамыту жұмыстар математика сабақтарында да қарастырылады. оқушылардың жас ерекшелігін, қабілетін, ой-өрісін жетілдіретін жаттығу жұмыстарын үнемі жүргіземін. Ол үшін сабақ барысында әртүрлі ойын есептер, сөзжұмбақтар, математикалық ребустар, халық ауыз әдебиеті үлгілерінен пайдаланып жұмыс жүргіземін.

1. Көп сөз-күміс, аз сөз-алтын.

2.Көсеу ұзын болса, қол күймес.

3.Кең болсаң, кем болмайсың.

4.Өмір-үлкен мектеп.

5.Кіші баланың ұятын,

Үлкен бала көтерер.

Мұндай мақал-мәтелдер ,,көп,, , ,,аз,, , ,,кең,, , ,,тар,, , ,,ұзын,, , ,,қысқа,, , ,,үлкен,, , ,,кіші,, т.б. математикалық ұғымдарды қалыптастыруға көмектеседі.

Оқшылардың ойлау белсенділігін және тілін дамытатын жұмыстардың бір түрі - ойын. Ойын-оқушыларды сергітіп, сабаққа деген қызығушылығын арттырады.

Мәселен,

1-сыныпта дауысты, дауыссыз дыбыстармен танысу барысында

,,Кім жылдам?,, , ,,Кім тапқыр?,, т.б. ойындар жүргіземін.

Буын тақырыбын өткенде ,,Буыннан сөз,, , ,,Қай буынды жоғалттым?,,

ойындарын жүргіземін. Бұл ойындар топқа бөлініп орындалады.

Карточкаларда бір торкөз әріп жазылмай ашық беріледі, қалған торкөздерге тиісті әріптер жазады. Бұл ойындар оқушыларды ойлай білуге, өздігінен жұмыс жасауға, өз бетімен қорытынды шығаруға машықтанып, тапқырлыққа үйретеді.

Жоғары білім деңгейін көтеру мақсатында сабақта тиімді тәсілдерді көп қолдану қажет. Егер сабақ барысында көрнекіліктер дұрыс пайдаланылса, оқушылар сабаққа саналы және белсенді түрде қатысады.

Өз тәжірибемде бастауыш сыныпта өтетін сабақтар көрнекіліксіз өткен емес. Қай пән болсын , қандай тақырып болсын тиімді көрнекілік, қызықты ойындарды дайындап келемін.Нәтижесінде оқушы сабақты жеңіл меңгеріп, оңай есте сақтап, оқуға деген ынтасы, қызығушылығы арта түседі.

Бұрынғы оқушы тек қана тыңдаушы, орындаушы болса, қазіргі оқушы өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән беремін.Қазіргі оқушы өз алдына мақсат қоя білетін, дүниетанымы, қабілеті жоғары, дарынды, ізденімпаз, өнерпаз, талапты болу қажет.Осындай тұлғаны дамыту үшін оқытудың жаңа технологияларын сабақта үнемі пайдаланып отыру қажет,-деп ойлаймын. Соған орай ,,Сыни тұрғыдан ойлау бағдарламасы,, бойынша курстан 2010-2011 оқу жылында курстан өттім. Күнделікті сабақтарымда көптеген стратегияларды пайдаланамын. Бұлар бірін-бірі толықтыратын және барлық оқушылардың сабаққа қатысуын қамтамасыз ететін оқыту әдісі.

,,Баланың ынтасын арттыру үшін оқылатын нәрседе бір жаңалық болуы керек,,-деп Ж. Аймауытов айтқандай, жаңа сабақ бастамас бұрын оқушыны шығармашылыққа жетелейтіндей, ізденіске жетелейтіндей, ізденіске түсетіндей қызықты сұрақ немесе тапсырма беремін.

Сабақта жиі қолданатын стратегияларға тоқталсам:


  • Еріксіз оқу

  • Бағытталған оқу

  • Сауаттылық хаты

  • Жигсо 1

  • 5 жолды өлең

  • Венн диограммасы

  • Семантикалық карта

  • Т кестесі

  • Болжау

  • Топтастыру

  • Эссе

СТО бойынша сабақ жоспары 3 кезеңді қамтиды: қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ойтолғау.

Қызығушылықты оятуда бұрынғы білетін жаңа білімді ұштастырамын. Оқушы өз білімін жаңа ақпараттармен толықтырып, кеңейте түседі. Бұл кезеңде топтастыру, болжау, ББҮ әдістері қолданылады.

Мағынаны тануда оқушыларды жаңа тақырыппен таныстырамын, тапсырмалар орындатамын. Бұл кезеңде оқушыларға өз бетімен жұмыс істеуге, шығармашылығын арттыруға жағдай туғызатын тапсырмалар орындатамын. Бұл кезеңде инсерт, еріксіз оқу, Жигсо1, бағытталған оқу, әлемді шарлау, т.б. әдістер қолданылады.

Ойтолғауда оқушылар не үйренгенін саралап, оны қандай жағдайда қалай қолдану керектігін ой елегінен өткізеді. Ойтолғау кезеңінде еркін жазу, сауаттылық хаты, эссе, Т кестесі, араласып кеткен оқиға,т.б. қолданылады.

2010-2015 оқу жылында СТО стратегияларын пайдалана отырып, өткізген ашық сабақтарға, сыныптан тыс жұмыстарға тоқтала кетсем:

Еңбектен ,, Құс қауырсынынан гүл құрастыру,,

Қазақ тілінен ,,Жалаң және жайылма сөйлем,,

Аудандық семинарда ,,Негізгі және туынды етістік,,

Әдебиеттік оқудан ,,Төрт тілек,, , ,,Лұқман хакім,, атты ашық сабақтар,

Сыныптан тыс жұмыс ретінде ,,Шығармашылық патшалығы,,

,,Аяулы анашым,, , ,,Бастауышпен қоштасу,, , ,,Әліппемен қоштасу,, , ,,Зерде,, білімділер сайысы өткізілді.

Осы ашық сабақтар болсын, тәрбие сабақтар болсын әрқайсысында оқушылардың тілдік қорларын молайту, ой-өрісін кеңейту мәселесін негізге ала отырып, соған бағыттап сабақ жоспарын құрамын.



Осындай жұмыстар арқылы оқушылардың тілдік қорларын молайтып, ой-өрісін кеңейтіп, танымдық және шығармашылық қабілеттерін арттыруға болады ,-деп ойлаймын.








Халқымыздың тарихи асыл мұрасы - тілді болашақ ұрпаққа жеткізе, олардың сана – сезімін, дүние –танымын кеңейтіп, ой дәлелдігіне, сөз жүйелігіне, тіл тазалығына төселдіру – аса игі іс. Сабақта пайдаланылатын барлық әдіс-тәсілдер, жүргізілген жұмыстар оқушылардың сабаққа ынтасын арттырып, қызығушылығын туғызады. Олай болса, сол әдістерді күнделікті өмірде дұрыс бағытта тиімді пайдалансақ, оқушыларға сапалы білім, саналы тәрбие беретіні сөзсіз.

Біз болашақта білімді, сауатты, мәдениетті жеке тұлғаны тәрбиелеуіміз қажет екенін өз сабақтарымызда әсте естен шығармайық!

Пайдаланылған әдебиеттер

1. Әртүрлі жанрдағы мәтіндерді оқыту. Әбдірәсілова Л.Ә. Астана-2000 ж.

2. Тіл дамытуға арналған жаттығулар. Жахина Б.Б. Алматы ,,Білім,, 2002 ж.

3. Мақал-сөздің мәйегі

4. ,,Бастауыш мектеп,, журналдары






Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет