Сабақтың мақсаты: Қазақ халқының бай қазынасы-ауыз әдебиетінің балаларға лайықты таңдаулы үлгілермен танысады. Халық ауыз әдебиетін сүюге,өрнекті сөз бен асыл ойдың мәнін терең ұғуға үйренеді. Балалардың тілін ұстартып, дүние танымын кеңейту,жалпы адамгершілік рухта тәрбиелеп отырып, Асан Қайғының жерұйықты іздеудегі елге.жерге деген сүйіспеншілігік қасиеті мол жолдарының мағынасын терең түсінік,білік,дағдыны қалыптастыру өмір сүруге дайындалады.
Білімділік: Оқушыларды аңыз - әңгімелер туралы түсінік беру, Асан қайғы туралы аңыздармен таныстыру, оларды тілдік тараптан талдауға үйрету.
Дамытушылық: оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту. Сабақтың типі: жаңа сабақ.