49. Ғылыми-техникалық прогресс және 1965 жылғы шаруашылық реформа. 60-жылдардың ортасында кеңес экономикасын барынша нығайтуға тырысқан ел басшылығы жаңа шаруашылық реформаларын жүргізе бастады. • 1965 жылғы қыркүйек – КОКП Орталық Комитетінің пленумы өнеркәсіпті дамытуға арналды. Міндеттері: ✓ Өнеркәсіпті салалық ұстаным бойынша басқару. ✓ Өнеркәсіп салалары бойынша одақтық-республикалық министрліктер құру. ✓ Кәсіпорындар дербестігін арттыру. ✓ Шаруашылық есепті дамыту. ✓ Экономикалық ынталандыру мен материалдық көтермелеу. • 1965 жыл – КСРО Жоғары Кеңесінің сессиясы «Өнеркәсіпті басқару жүйесін өзгерту» және «Мемлекеттік басқарудың органдарын өзгеше құру туралы» Заң қабылдады. ✓ Кейбір кәсіпорындар біріктірілді. ✓ Өнеркәсіптік, құрылыс материалдары, орман, целлюлоза-қағаз және ағаш өңдеу, азық-түлік т.б. • 1965 жылы экономиканы басқаруда – одақтық республикалық министрліктер құрылды. Бұл шаралар экономикадағы жағдайды көтеруге алғышарттар туғызды. Ғылыми-техникалық прогресс – қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының аса маңызды факторы. Ғылымның дамуының ерекше жетістігі – 1961 жылы 12 сәуірде Ю.А.Гагариннің адамзат тарихында алғаш рет ғарышқа сапар шегуі болды. Бұл окиғаның құрметіне казақтың жас ақыны Олжас Сүлейменов «Адамға табын, Жер, енді!» атты поэмасын жазды. Өндірісті электрлендіру – Ғылыми-техникалық прогрестің басты бағыттарының бірі. Бұл саланың нәтижелері: ✓ Қарағанды екінші МАЭС пен Бұқтырма су-электр станциясы техникалық-экономикалық көрсеткіштерінің жоғары болуымен ерекшеленді. ✓ 45 мың шақырымнан астам жоғары қуатты электр тасымалдау жүйелері салынды. ✓ 1960 ж. Екінші жартысы – жамбыл электр станциясы салынды. ✓ 1972 жыл – Қапшағай электр станциясы салынды. Электр қуатын өндіру артты: 1970 жылы – 34,7 млрд.квт/сағ. 1984 жылы – 74,6 млрд.квт/сағ. Қарағанды көмір кеніндегі механикаландырылған жүйе еңбек өнімділігін 6%-ға дейін көтерді. Өндірістің автоматтандырылған жүйесі 27 мың адамның еңбегін атқарды. 1985 жылы жаңа технологиялық процесті өндіріске енгізгені үшін Ащысай полиметалл комбинатына Лениндік сыйлық берілді. Ғылыми-техникалық жетістіктер нәтижесінде Шымкенттегі М.И. Калинин атындағы зауытта жұмыс технологиясы жақсартылды. 1965 жылы Өзен кен орнында жаңа технология негізінде алғашқы мұнай өндірілді. 1965 жылғы шаруашылық реформасы нәтижесінде ғылыми-технологиялық процестерді өндіріске енгізу ісі өнеркәсіптегі жағдайды түбірімен өзгертті. Реформа еңбек пен өндірісті ұйымдастыруды жетілдіруге оң жол ашты. Кәсіпорындар қызметін жоғарыдан реттеуге шамадан тыс әуестену тоқтатылды, олардың шаруашылық дербестігі ұлғая түсті. Пайда, баға, ақшалай сыйлық, несие және т.б ретке келтірілді. Әрбір жұмыскердің, тұтастай алғандағы кәсіпорынның материалдық мүддесіне баса назар аударылды. Республикада бұрын болмаған өнеркәсіп салалары өркендеді. Мұнай өндіру және химия өнеркәсібі де бұл уақытта жалпыодақтық маңызға ие болды. Ауылшаруашылығы шикізатының мол болуы 1960 жылдар ішінде Қазақстанда жеңіл және тамақөнеркәсібін дамытуға ықпал етті. Бес жылдың ішінде республикада жеңіл өнеркәсіптен 14 кәсіпорын салынды.
50.. 1965-66 жылдардағы экономикалық реформалардың аяқталмауы. Экономиканың дамуының экстенсивті жолы.
1960-1970 жж. экономиканы реформалау әрекеттері.1965 ж. басталған экономикалық реформа бастапқы кезде экономикалық дамуға белгілі дәрежеде серпін берді. Тоғызыншы бесжылдықта жоспарлау жүйесі бойынша Қазақстанда 1578 кәсіпорын жұмыс істеді. Тоталитарлық жүйе оның өмір сүріп отырған экономикалық құрылымының шеңберінен шығуына жол бермеді. Осының салдарынан 1970ж. басында экономикалық реформаның қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыруға бағытталған идеялары бұрмаланды. Реформаның негізгі мақсаты – кәсіпорындардың шаруашылық дербестігін жоспарлы кеңейту-тек көрсеткіштерді кемітуге және коллективтердің көтермелеу қорларын қалыптастыру болды. Көптеген кәсіпорындар пайда табудың қызығына беріліп, өз өнімдерінің бағасын қолдан жоғарлату жолына түсті. Бағаның өсуі есебінен алынған пайда жалақыны көбейтуге мүмкіндік берді, оның өсуі еңбек өсімділігінің өсуін басып озды, мұның өзі 1970ж. бас. ақпараттық процестердің басталуының себебі болды, бұл экономиканың дамуына теріс ықпал жасады. Кәсіпорындардың дербестігін кеңейте отырып, министрліктер мен ведомстволардың әкімшілік және экономикалық өкілеттілігін күшейтті. Реформаның сәтсіздікке ұшырауының негізгі себебі саяси саладағы демократияландыру процесінің тежелуі болды. Ол тек экономикалық ұйымдық-техникалық саласымен ғана шектеліп, қоғамның саяси құрылымына, меншік қатынасына соқпады, мемлекеттік меншіктің монополиясын сақтады, нарықтық қатынастарды теріске шығарды. Л.И. Брежнев пен оның төңірегінділер реформа негізінде экономиканы терең қайта құруға қарсы болды. 70ж. бас. Реформаны жүргізу тоқтатылды.
Экстенсивті Даму Жолы – экономиканың бұрынғы техникалық негіздерін сақтай отырып, сандық факторлар: қосымша жұмыс күшін тарту, кәсіпорындардың, цехтардың, телімдердің санын, жаңа құрылыс нысандарын көбейту есебінен өндірістің көлемін ұлғайту тәсілі. Экстентивті даму жолында өндіріске ресурстар (табиғи, еңбек, материалдық ресурстар) көп көлемде тартылады, бірақ бұл орайда техника мен технологияда, еңбекті ұйымдастыруда, қызметкерлердің біліктілігінде елеулі өзгерістер болмайды. Ауыл шаруашылығында Экстенсивті даму жолының экономика өсуіне шаруашылық айналымға жаңа жер телімдерін тарту, материалдық-тех. базаны өзгертпестен өсімдіктердің бұрыннан қолданылып келе жатқан сорттарын, мал тұқымдарын пайдалана отырып, өндірісті кеңейту жолымен қол жеткізіледі. Өндірістің экстенсивті жолмен даму мүмкіндіктері салыстырмалы түрде шектеулі. Өйткені экономика дамуының әрбір кезеңінде қызметкерлер санын көбейтудің, айналымға қосымша ресурстар (шикізат, материалдар, отын, т.б.) тартудың белгілі бір шегі бар. Іс жүзінде экстенсивті және интенсивті даму жолдары таза түрінде болмайды, олар бір-бірімен ұштасып жатады. Сондықтан басым экстенсивті және басым интенсивті даму жолдарына ажыратылады.
Ауыл шаруашылығын экстенсивті жолмен дамыту – жаңа жерлерді игеру арқылы егіс көлемін үлкейту, мал басын көбейту, жаңа шаруашылықтар құру, ауыл шаруашылық жұмыскерлерінің санын көбейту нәтижесінде ауыл шаруашылық өнімі көлемін көбейту.