Жайна Тәттімбетова Менің жоғарғы білімім



Дата01.02.2022
өлшемі14,44 Kb.
#130426
Байланысты:
Жайна Тәттімбетова Менің жоғарғы білімім


Жайна Тәттімбетова
Менің жоғарғы білімім
Мектеп қабырғасында жергеннен ақ білімнің тұлғалық қалыптасуда үлкен рөлге ие екенін сезініп өстім. Алайда, кейде қоғамда жоғарғы білімсіз ақ белгілі бір жетістіктерге жеткен жандарды көргенде ойланып қалатын едім. Мектептегі соңғы жылда маған университетке түсу керек пе деген сұрақты өзіме жиі қоятынмын. Білімді азаматтардың өзін ұстауы, сөйлеген сөзі, тұрған тұрысынан ақ олардың өресінің биіктігі байқалатын. Сөйтіп, жоғарғы оқу орнына түсу мен үшін үлкен өмірге басқан алғашқы қадамым деп байладым. Қай бағытта білім алатынымды алғашында өзім де түсінбейтінмін. Ата анамның айтуымен биология пәнін бесінші пән етіп таңдап, сол бағытта дайындықты бастап кеттім. Үстел үстінде әкем «Біздің қыз дәрігер болады», дейтін. Бірақ мен іштей дәрігер болғым келмейтін. Оның себептері көп. Алғашқысы қан мен уколдан қорқатыным еді. Әкем бірде, «Өз ісіңнің білгірі хәм шебері атану үшін жақсы жұмыс істеп, жетік білуге ұмтылу керек. Қандай әрекет жасап, қандай іске кіріссең де игілігін көріп, рахатына бөленуді мақсат тұту керек», дегені есімде. Әл-Фарабидың бұл сөздерін әкеме бір кездері атам айтқан екен. Ойлана келіп, дәрігер болғым келмейтінін ата-анама түсіндіріп айттым да, әдебиет пәнін бесінші пән етіп таңдадым. Қай кезде болмасын адам баласы жаңа істі бастауға қорықпағаны жөн. Істей алмасам ше, қолымнан келмесе ше, деген секілді қорқыныштардан арылып, батылдық танытып алға қарай жүру керек. Артқа тартатын мұндай ойларды санамыздан алып тастауымыз керек. Адамның жасағанын, адам жасайды. Жалпы, кез келген шектеуді өзіміз қоямыз. Бәрі де ойдан басталады. Құранда «Рағыд» сүресінің 11-аятында «Шын мәнінде адам өзі өзгермейінше, Алла оның жағдайын өзгертпейді», деп жазылған. Қазіргі дамыған заманда мамандық түрлері өте көп. Тек біреуімен ғана шектеліп қалуға болмайды. Адам үнемі ізденіп, үнемі жаңалықтарға бейім болуы керек. Адам дамымаса, бір нүктеде қалып қойса деградацияға ұшырайтыны белгілі ғой. Ал, оқып, ізденіп, дамыса сәйкесінше өседі емес пе. Қай салада білім алсаң да, жетік меңгеруге тырысу керек. Университеттегі біліммен шектеліп қалмай, жан-жақты болу керек. Кітаптар оқып, әр түрлі жұмыс орындарында тегін жұмыс істеп көру керек. Кез келген жұмысты алып кететініңізге сенсеңіз ғана, алынбайтын қамалдың жоқтығын аңғарасыз.

Бакалаврды бітірген соң, бірден жұмысқа кірістім, бірақ сол жылы ақ магистратураға түскім келді. Өзің таңдаған бағытта білім алуды ешуақытта тоқтатпау керек. Ал, білім шыңдала түссе табысың да сәйкесінше арта береді емес пе. Себебі, сізде «білім» атты құрал бар. Қолыңдағы қаражат секілді кез келген материалдық нәрсені біреу алып қоюы немесе таусылуы мүмкін. Ал, білімді сізден ешкім де алып қоя алмайтынын ұмытпау керек. Араға бір жыл салып бірден магистратураға тапсыруымның себебі осы. Өмір бойы адам өз білімін шыңдай беру тиіс деп есептеймін. Мен мәңгілік студент болғым келеді(ішкі ойым).

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет